Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +7 oC

Жағалаудағы жағымды жаңалықтар

Жағалаудағы жағымды жаңалықтар

Алматы облысының туризмін дамытуда инвесторлардың қызығушылық танытып отырған нысандарының бірі - Алакөл жағалауы. Мәселен, өткен жылы облыста жеке инвестордың қаржысы есебінен  құны 3,6 млрд. теңге болатын 43 туризм нысаны іске қосылса, соның ішінде 30 нысан Алакөл жағалауында пайдалануға берілген. Жалпы саны 1297 орынды 1 қонақ үй, 4 демалыс базасы, 7 демалыс үйі, 18 мейманхана Алакөл маңында бой көтерген. Бұл туралы Алакөл ауданында өткен туристік әлеуетті дамыту туралы көшпелі брифинг барысында облыстық туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арқау Шынтаев айтты.

Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың қатысуымен өткен брифинг барысында сөз алған аудан әкімі Ә. Жақанбаев облыс әкімдігінің қолдауының арқасында қазіргі кезде көл жағалауының инфрақұрылымы жасалып жатқанын айтты. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы Ақши ауылына 93,8 км жаңа электр желісі тартылды. Оған бюджеттен 610,9 млн. теңге бөлінген. Жол жөнделіп, темір жол тасымалы бюджеттен субсидиялануда.

2015 жылдан бастап қолға алынған Үшарал әуежайының құрылыс-монтаж жұмыстары қазіргі кезде аяқталуға жақын. Оның жүзеге асырылуына бюджеттен 896,9 млн. теңге бөлінген. Бүгінгі күнге дейін әуежайда ұшу-қону жолағы жаңғыртылып, әуе қозғалысын ұйымдастыруға қажетті радиотехника мен метеорологиялық құралдар жаңартылды. Жаңа әуежай Алматы облысының туристік логистикасын жақсартып, демалушылар санының артуына ықпал етпек.

Жалпы 2016 жылдың қорытындысы бойынша көл жағалауында демалушылардың саны жарты миллионға жеткен. 


Көріністер:  495

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 17.03.2017 16:31

Өзгертілген күні: 24.03.2017 16:10:42

Тізімге қайта оралу


Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх