Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған 0 oC
Жаңғыртудан өткен Ақсу қант зауытында жаңа өнімнен алғашқы қант алынды

Жаңғыртудан өткен Ақсу қант зауытында жаңа өнімнен алғашқы қант алынды

Жаңғыртудан өткен Ақсу қант зауытында жаңа өнімнен алғашқы қант алынды

Жаңғырту жұмыстарының алғашқы кезеңінде Ақсу қант зауытының құрал-жабдықтарының 80% ауыстырылып,  соның нәтижесінде өндірістік қуаты еселеп артқан зауыт шығаратын қанттың сапасын да еселеп, қазір оны 11,5 %-ке жеткізді. Барлық өндірістік процесс автоматтандырылған, бірыңғай оператор арқылы бақыланады. Зауыт өңдеу ісін бастаған алғашқы екі күнде 5 мың тоннадан астам қант қызылшасын өңдеп үлгерген. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтың қайта түлеген қант зауытына барған сапарында белгілі болды.

Ақсу қант зауытындағы алғашқы жаңғырту кезеңі аясында құрал-жабдықтар шырын алу, шырын тазалау, азық-түліктік, жом сығымдау, әктеу-газды және басқа да жекелеген бөлімдерде, сол сияқты шырын мен шәрбәт бөлімдерінде де ауыстырылды. Ең басты ерекшелігі – барлық өндірістік желі тұтас автоматтандырылған, орталық аппарат арқылы басқарылады. Мәселен, жаңа ылғалсыздандыру стансасының арқасында энергия шығыны 30 % азайған. Зауытта сүзгілеудің жаңа технологиясы қолданылатын теңдессіз камералық пресс-фильтр орнатылған. Орау цехының жұмысы да автоматтандырылған. Жалпы «Жетісу» ӘКК арқылы қазақстандық, ресейлік, белорустық, француздық, германиялық өндірістегі 119 технологиялық жабдық сатып алынған. Сатып алынған құрал-жабдықтар «Аksu Kant» ЖШС-ға қаржылық лизингіге берілген.

«Аksu Kant» ЖШС бас директоры Самат Надирбаевтың айтуынша, облыс басшылығының қолдауымен зауытта жаңғыртудың бірінші кезеңі жүргізіліп, қазір зауыт тәулігіне 2,5-3 мың тонна қызылша өңдейтін қуаттылыққа жеткен. Биылғы жылы зауытқа жеткізілетін тәтті түбірдің жалпы көлемі 150-160 мың тонна болмақ. Қант шығымы - 11,5%.

Мемлекет басшысының жуырда жасалан Жолдауының маңызды міндеттерінің бірін жүзеге асыруға зауыт белсене кіріскен. С.Надирбаевтың сөзіне сүйенсек, келесі жылы зауыт жұмысшыларының жалақысын 15-20% көтеруді көздеп отыр. Қазіргі кезде олардың орташа жалақысы 75 мың теңге, зауытта 550 адам жұмыс істейді.

Зауытты аралап, жұмыс барысымен танысқан облыс әкімі Амандық Баталов мемлекет қолдауының нәтижесінде биылғы жылы Алматы облысындағы қант қызылшасы алқабының көлемі 11,2 мың гектарға дейін ұлғайтылғанын айтты. Әр гектардан 370 центнерден өнім жиналып жатқанын ескерсек, 400 мың тоннадан астам тәтті түбір жинау және одан 42,5 мың тонна қант шығару жоспарланған.

- Зауыт құрылтайшыларымен бірге «Жетісу» ӘКК арқылы жаңғыртудың бірінші кезеңіне 11 млрд. теңге бірлескен қаржы жұмсалды. Жүргізілген жөндеу, жаңарту жұмыстарының нәтижесінде биылғы маусымда зауытта 150-160 мың тонна қызылша өңдеу көзделуде. Бүгінгі күні зауыттың қызылша төгу алаңында 80 мың тонна тәтті түбір жинақталған. Жалпы облыс бойынша жиын-терін науқаны әлі де жалғасып жатыр, сондықтан мұнда тағы 70 мың тонна қант қызылшасы әкелінеді деп күтіліп отыр. Жекелеген шаруа қожалықтары, мәселен Ескелді ауданындағы шаруалар бір гектардан 500 центнерден өнім алуда. Біз биылғы жылы расымен қант қызылшасында рекордтық өнім жинағалы отырмыз, - деді облыс әкімі.

Алдағы жоспарлар туралы айта келе Амандық Баталов Ақсу қант зауыты толық жаңғырудан өткеннен кейін өзінің ең жоғарғы, яғни 350 мың тонналық толық қуатына шығатынын атап өтті. Сондықтан қант қызылшасын себу көлемі бұдан былай арта түспек.

-  Келесі жылы егіс айналымын есепке ала отырып, қант қызылшасының көлемін 14 мың гектарға жеткізуді көздеп отырмыз. Бұдан кейін Ақсу қант зауытын жаңғырту арқылы, оның маусымаралық кезеңде құрақ өңдеумен айналысуын да ойластыруымыз керек, сонда зауыт жыл бойы үздіксіз жұмыс істейтін болады. Көксу қант зауыты да өткен жылы толық қайта жаңғыртудан өтіп болды, соның нәтижесінде қанттың шығымдылығы 10-нан 13 %-ке өсті. Сонымен қатар зауыттың қазандығы жағармайдан газға көшірілді, одан келген үнем 500 млн. теңгені құрады. Екі зауыттың осындай нәтижелі жұмыстары көзге көрініп тұрғандықтан, қазір бізге бизнесмендер Алакөл, Қарабұлақ қант зауыттарын қалпына келтіру туралы ұсыныстарын білдіруде. Бірлескен жұмыстың арқасында екі қант зауыты толыққанды жұмыс істеп тұр, оларда тұрақты жұмыс орындары құрылды, бюджетке салық төлемдері уақытылы түсіп отыр, өндірілген өнім көлемі артты, тұрғындар тәуір жалақы алуда, осы міндеттің бәрін бізге Мемлекет басшысы жүктеп отыр, - деді сөзінің қорытындысында А. Баталов.

Жалпы Ақсу қант зауытының іске қосылуының нәтижесінде Ақсу ауданындағы жұмыссыздық деңгейі 5,7 %-тен 4,7 %-ке төмендеді. Кадрларды бұдан әрі жасақтау мақсатында «Аksu Kant» ЖШС жергілікті политехникалық колледжбен келісімшартқа отырды, соның негізінде алдағы уақытта осы оқу орны зауытқа 50 арнайы маман дайындап бермек. Ал келесі жылы «Аksu Kant» ЖШС жеке қаржысы есебінен зауытты жаңғыртудың келесі кезеңін атқаруды жоспарлап отыр.


Көріністер:  1065

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 01.11.2018 19:42

Өзгертілген күні: 06.11.2018 16:17:02

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх