Алматы облысының әкімдігі Ресми сайт

Жанармай тапшылығы мәселесіне комментарий берілді

Жанармай тапшылығы мәселесіне комментарий берілді 11.10.2017 09:25

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов өңірдегі жанармай жетіспеушілігі мәселесіне қатысты пікірін білдірді.  

- Павлодар мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты Алматы облысында да еліміздің басқа өңірлеріндегі сияқты жанармайдың тапшылығы орын алып отыр. Дегенмен бүгінгі күні жаңа келісімдерге қол қойылды, соған сәйкес мұнай өнімдері жуық арада жеткізілетін болады. Облыста 335 жанармай станциясы бар, олардың қатарында «ҚазМұнайГаз», «Sinoil», «Royal Petrol», «Helios», «Газпромнефть» компанияларының 5 ірі желісі бар, соның ішінде 135 станция сұйытылған газ  толтырады. Отынның жедел қоры бұл желілерде шамамен 22,5 мың тонна, бұл облысты он күн көлемінде жанармаймен қамтамасыз ете алады. Біз қорымыздың көлемі бойынша 11-ші орындамыз, - деді Лаззат Тұрлашов.

Сонымен қатар Лаззат Махатұлы астық жинау науқыны жүріп жатқанын да еске салып, жанармай жетіспеушілігі жағдайының ауыл шаруашылығы жұмыстарына әсер етпейтінін айтты. Шаруалар сұйық отынмен толық қамтамасыз етілген, сондықтан күзгі жиын-терін жұмыстары өз ретімен жалғаса бермек.  

Облыстық кәсіпкерлік және ИИД басқармасының басшысы Алимжан Тохтасуновтың айтуынша, Павлодар зауыты жабылғаннан кейін Шымкент мұнай өңдеу зауытымен келісім жасалып, жақын күндері облысқа 36 тонна бензин жеткізілмек.  

- Облыс бойынша АИ-92 жанармайының 1 литрінің бағасы 147 теңгеден 159 теңгеге дейін, Талдықорған қаласында 147 теңгеден 156 теңгеге дейін, АИ-95 маркасы 160 теңгеден 166 теңгеге дейін, дизель отыны 145-ден 154 теңгеге дейін. «Газпромнефть» Ресейден жанар-жағармайды тікелей тасымалдайтындықтан, оларда АИ-92 және АИ 96 марканы сатуда шектеу жоқ, ондағы отын қоры  15 мың тонна. Олардағы тәуліктік сатылым бүгінгі күні екі есеге ұлғайған. Жанар-жағармай станцияларындағы кезектің көбеюі осыған байланысты туындап отыр. Біз жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отырмыз. Жанармай құю орындарын күделікті тексеріп, есебін жүргізіп келеміз. Жағдай жақын күндері қалыпқа келеді деп ойлаймын -  деді Алимжан Тохтасунов.

Еске салсақ, «ҚазМұнайГаз» жанар-жағармай құю станцияларында жанармай тек талон арқылы берілсе, «Royal Petrol» тек АИ-98 маркалы жанармайды ғана еркін саудалауда. Ал «Helios» желісінде жанармай талон және банк картасы арқылы сатылым жасаған.

 


Карты области
О регионе
ПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ КАЗ.jpg