Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -18 oC

Жемқорлықпен күрес жалғасады

Жемқорлықпен күрес жалғасады

Облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және өңірдегі жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі” тақырыбында кеңес отырысы өтті. Жиынға аудан мен қала әкімдері, облыстық құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының, кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Кеңес отырысында облыс бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу барысында атқарылып жатқан шаралар төңірегінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Серікбай Нұрғисаев пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Данияр Тұрғанбаевтың баяндамасы тыңдалды.

– Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, облыстың 90 мекемесінде қоғам белсенділерімен бірлесіп, «Жасырын тұтынушы» әдісімен қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, тұрғындардан көрсетілген қызметке төлем ретінде заңсыз қабылданған 35 000 теңге кері қайтарылып, орын алған 97 заңбұзушылық бойынша 37 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. «Облыстағы арнайы мониторингтік топ жұмысының қорытындысы бойынша, Ақсу, Алакөл, Ұйғыр және Көксу аудандарындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының орналасу жерлері, аумағы мен көлемі, қазіргі уақыттағы техникалық жағдайлары ортақ талаптарға сай келмейтіндігі анықталды», – деді Серікбай Өрікбайұлы. Оның айтуынша, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілікті қалыптастыру – департаменттің басты жұмыс бағытының бірі. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі таңда үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтық қоғаммен тығыз  байланыста жұмыс істеудің маңызы зор.
Баяндамалардан кейін аймақ басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз және әділ жүруі керектігін айтты. Сонда ғана мемлекет алға қойған мақсаттарға қол жеткізбек. Облыс әкімінің айтуынша, сыбайластықты жою үшін уақытылы шара қабылдап, нәтижеге бағытталған жұмыстарды күшейту қажет. 
– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыра беру керек», – деп атап көрсетті. Жақсы нәтижелерге жету мақсатында барлығымыз жұмыла күресіп, жемқорлықтың алдын алу үшін нақты шараларды жүзеге асырған жөн, – деді басқосуды қорытындылаған Амандық Ғаббасұлы. 


Көріністер:  398

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 11.09.2018 18:11

Өзгертілген күні: 14.09.2018 10:12:35

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх