Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған 0 oC
Жергілікті және республикалық бюджет есебінен берілетін білім беру гранттары бойынша ақпарат

Жергілікті және республикалық бюджет есебінен берілетін білім беру гранттары бойынша ақпарат

Жергілікті және республикалық бюджет есебінен берілетін білім беру гранттары бойынша ақпарат

2019 жылы облыстың еңбек нарығының қажеттіліктеріне байланысты жергілікті бюджет есебінен жалпы конкурсқа - 150, көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына – 100, және республикалық бюджет есебінен көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына – 540 білім беру гранттары бөлінеді.

5 -10 тамыз аралығында І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың қабылдау комиссиясы ҰБТ-да шектік балл алған талапкерлерден құжат қабылдайды.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тізбесі қажет:

1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

2) білімі туралы құжаты (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа);

3) ҰБТ сертификаты;

4) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Сонымен қатар, талапкерлер көпбалалы отбасынан шыққан және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балалар дәрежесінде екендігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс.

Білім беру гранттары ҰБТ сертификаттарының балдарына сәйкес тағайындалады.

Барлық сұрақтар бойынша облыстық білім басқармасының маманы Саида Самановаға 8 7282 32-96-89 телефоны арқылы хабарласуға болады.


Көріністер:  1139

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 02.08.2019 12:53

Өзгертілген күні: 21.08.2019 18:18:20

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх