Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -4 oC

ЖЕТІСТІККЕ ТОЛЫ ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҚ ЖОЛ

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Ата Заңымыз қабылданған 20 жыл ішінде қазақстандық қоғамның дамуына жан-жақты жағдай жасалды, елімізді мекендеген, бір мақсатқа жұмылған азаматтардың тең құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етілді.

Біздің республикамыз жеңісті кезеңдерді, жемісті жолдарды жүріп өтті, көп этносты халқымыздың мүддесін қорғайтын Конституциямыздың арқасында еліміздің әрбір тұрғынына бейбіт өмір сүруге, алаңсыз жұмыс істеуге, тегін білім алуға, ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндік жасалды. Бүгінгі күні Конституция қазақстандықтар үшін одан әрі өркенді дамудың, қоғамдық келісімнің символына айналған. Сондықтан әрқайсымыз да Ата Заңымызды құрметтеп, онда белгіленген талаптар мен құндылықтарды ұстануға тиіспіз.

Қазақстан қазіргі кезде дамудың жаңа векторын таңдады, Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 5 институционалды реформаны жүзеге асыру бағытында 100 нақты қадамды белгілеп, Ұлт жоспарын ұсынды. Бұл - біз үшін мемлекетіміз бен халқымыздың әлеуетін танытатын болашаққа жасалған даңғыл жол. Біз нақты жоспарларымызбен алға жылжып келеміз. Мұның бәрі Елбасымыздың көреген саясатының арқасында жүзеге асуда.

Құрметті жетісулықтар!

Біз тәуелсіз, азат, гүлдену жолындағы мемлекетте өмір сүріп отырмыз. Алматы облысының халқы да еліміздің одан әрі өркендеуіне өзінің елеулі үлесін қосуда. Өндіріс пен бизнес өркен жайып, жыл өткен сайын білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт салаларын қаржыландыру көлемі ұлғайып келеді, облыс тұрғындарының жайлы ғұмыр кешуіне барынша жағдай жасалуда. Бұл бағыттағы жұмысты жетісулықтармен бірлесіп жалғастыратын боламыз.

Осы мерекеде әр шаңыраққа ырыс пен бақ, қуаныш пен татулық тілеймін. Дендеріңіз сау, еңбектеріңіз жемісті, заманымыз тыныш, еліміз аман болсын!

Мереке құтты болсын!


Көріністер:  2093

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 30.08.2015 10:00

Өзгертілген күні: 12.11.2015 15:58:59

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх