Алматы облысының әкімдігі Ресми сайт

«Жетісу - 1» командасы ересек топтар арасындағы волейболдан өткен ҚР Чемпионатының жеңімпазы атанды

«Жетісу - 1» командасы ересек топтар арасындағы волейболдан өткен ҚР Чемпионатының жеңімпазы атанды 11.01.2019 12:27

Талдықорғандық «Жетісу» волейбол клубының спортшылары Талдықорғанда қыздар арасында волейболдан өтіп жатқан Қазақстан Республикасының қысқы Чемпионатының қорытындысында екі жас категориясында үздік ойын көрсетті. Ересек жастар тобындағы 2001-2002 жылдары туған қыздар арасында «Жетісу - 1» командасы бірінші орын алды. Ал 2003-2004 жылы туғандар арасындағы жарыста «Жетісу - 3» командасының спортшылары Шығыс Қазақстан облысының волейболшыларына жол беріп, екінші орын тұғырынан көрінді. Спортшыларға марапаттарын облыс әкімі Амандық Баталов табыстады.

Талдықорғандағы «Жастар» Спорт сарайында, «Өркен» және «Жастар - 2» спорт кешендерінде 6 күнге созылған жарыста жас өркендер тамаша ойын көрсете білді. Еліміздің әр қиырынан келген 44 команда арасынан жеңімпаздар анықталды.

Жоғарыда атап өткендей, талдықорғандық «Жетісу» клубының волейболшы қыздары екі жас категориясында бірінші және екінші орындарды иеленді. «Жетісу - 1» клубының ойыншылары алтын, ал «Жетісу - 3» клубының спортшылары күміс медаль иегері атанды.

2001-2002 жылы туған қыздар арасындағы ойында екінші орынды Павлодар, үшінші орынды Теміртау қаласының ойыншылар иеленді.

2003-2004 жылы туған волейболшылар арасында Шығыс Қазақстан облысының жас спортшылары үздік шықты. Екінші орын Алматы облысы, үшінші орын Павлодар облысына тиесілі болды.

2005-2006 жылы туғандар арасында өткен жарыста павлодарлық «Ертіс» командасы бірінші, екінші Солтүстік Қазақстанның «Қуаныш» командасы, үшінші орынға Түркістан облысының «Шардара» командасы шықты.


Карты области
О регионе
ПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ КАЗ.jpg