Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +10 oC
Жетісудың табиғи таза азық-түлігі - жәрмеңкеде

Жетісудың табиғи таза азық-түлігі - жәрмеңкеде

Жетісудың табиғи таза азық-түлігі - жәрмеңкеде

Бүгін Алматы қаласындағы «Астана» алаңында облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті. Бұл кеңейтілген жәрмеңкеге 17 аудан мен Текелі, Қапшағай қалаларынан және «Жетісу» ӘКК тұрақтандыру қорынан жалпы салмағы 210,7 тонна болатын 53 түрлі өнім апарылды. Олардың ішінде 32,6 тонна ет, 10,7 тонна сүт және 10,3 тонна балық өнімдері, сол сияқты 67,3 тонна көкөніс, 21,6 тонна жеміс-жидек, 41,1 тонна картоп және басқа да өнімдер бар.

Осы күні әрбір аудан, қала аграрлары «Астана» алаңы аумағында құрылған 120 шатырда сап түзеп, өздерінің азық-түлік тауарларын нарықтағыдан төмен бағада ұсынды. Алматылықтарға жалпы көлемі 114,8 млн. теңгенің өнімі саудаланды.

Жәрмеңкені Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев аралап көрді. Жәрмеңкедегі азық-түліктің ассортимент түрлерін, баға бағамын көріп, тауар ұсынушылармен және сатып алушылармен тілдесті.  

Облыстың өнер ұжымдары жәрмеңкені ән-күймен әрлеп, ажарын кіргізді.

Жалпы мұндай жәрмеңкелерді азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаны ырықтандыру бағытында тұрақты өткізу дәстүрге айналған.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Көріністер:  532

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 05.10.2019 18:15

Өзгертілген күні: 05.10.2019 21:27:40

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх