Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +10 oC
ЖетісуИнвест-2019» халықаралық форумында құны 300 млрд. теңгеден астам сомаға 10-нан астам келісімшартқа қол қойылды

ЖетісуИнвест-2019» халықаралық форумында құны 300 млрд. теңгеден астам сомаға 10-нан астам келісімшартқа қол қойылды

ЖетісуИнвест-2019» халықаралық форумында құны 300 млрд. теңгеден астам сомаға 10-нан астам келісімшартқа қол қойылды

Алматы облысында ЖетісуИнвест-2019»: «Қаржы құй. Өмір сүр. Саяхатта» кәсіпкерлік, инвестициялар мен инновациялар халықаралық форумы өтті. Форум аясында құны 300 млрд. теңгеден астам сомаға 10-нан астам келісімшартқа қол қойылды. Шара жұмысына әлемнің 7 мемлекетінен 500-ден аса делегат қатысты. Олардың арасында елшілер, атақты бизнесмендер, ірі трансұлттық және отандық компаниялардың, мемлекеттік құрылымдардың, қаржылық ұйымдардың өкілдері бар. Форумды облыс әкімдігінің қолдауымен облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы ұйымдастырды.

Форум алдында қонақтар мен қатысушылар өңірдің тауар өндірушілерінің көрмесімен танысты. Көрмеде «Гласман», «Лепсинск өнімдері», «Лукойл Азия Лубрикантс», «Маревен Фуд Тянь-Шань», «JLC сүт» ЖШС-лары, «Қадам KZ», «Arba wine» ЖК-лары, Ақсу, Көксу қант зауыттары, жалпы саны 40-тай компания өз өнімдерін ұсынды. Көрмеде өңірдің туристік әлеуеті таныстырылды. Кез келген келушіге көрмедегі өнімдердің дәмін көруге мүмкіндік берілді, компаниялар өзара байланыс мәліметтерін алмасып, ынтымақтастық байланыстарын нығайтуға жағдай жасалды.

Форумды модератор ретінде «Қазақстанның Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ тәуелсіз директоры - Директорлар кеңесінің мүшесі, «ВТБ банк - Қазақстан» АҚ-ның тәуелсіз директоры Досым Қыдырбаев ашты.

Жетісудың табиғаты мен әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы роликтің көрсетілімі форумға қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Мұнан соң облыс әкімі Амандық Баталов сөз алды.

- Жер жаннаты Жетісу жеріне қош келдіңіздер! Біздің облыстың табиғи-климаттық жағдайы өте қолайлы, ауасы таза, суы мол, шөбі шүйгін. Табиғаты өз алдына, біздің ең басты байлығымыз – халқымыз. Өңірде 100-ден астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті тірлік кешуде. Олар туған жерді көркейтуге, табысын еселеу жолында еңбек етіп, экономиканы дамытуға үлес қосып отыр. Біз өз тарапымыздан инвестиция тартып, кәсіпорындар ашып, жаңа жұмыс орындарын құрудамыз. Осының барлығы бүгінгі «Қаржы құй. Өмір сүр. Саяхатта» атауымен өтіп отырған инвестициялық форумға келіп отырған бизнесмендердің арқасында атқарылып отыр. Елбасының саясатына, жаңа Президенттің жалғастырған ұстанымына сай біз бизнестің өркендеуіне барлық жағдайды жасап, сыртқы инфрақұрылымдарды жүргізіп, жобаны жүзеге асыруды бірлесе атқарамыз. Бүгінгі күні біз аграрлық аймақтан аграрлық-индустриалдық аймаққа айналдық. Биылғы жылы өнеркәсіп өндірісі 1 трлн. теңгеге жуықтайды, ал ауыл шаруашылығында 850 млрд. теңгенің шегінен астық. Бұл - бизнес-қауымдастықпен бірлесе атқарған жұмыстың нәтижесі. Бүгінгі форумның арқасында жаңа келісімдерге қол жеткізіп, өзара іскерлік қарым-қатынастар нығаяды деп сенемін. Сөзімнің соңында «Егер жылдам барғың келсе, жалғыз жүр, егер ұзаққа барғың келсе, бірге жүр» деген мақалды тілге тиек еткім келеді. Халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған іргелі істерді әрқашан бірлесіп атқарайық, - деді А. Баталов.

Форум жұмысы облыста жұмыс істейтін отандық инвесторлардың, ірі трансұлттық компаниялар өкілдері жалғастырды. Олардың қатарында «Altay Asset Management» өкілі Зейнолла Кәкімжанов, «Лукойл Лубрикантс» - Андрей Матюхов, «Leroy Merlin» - Карен Нерсесян, «Баййсерке Агро» - Темірхан Досмұхамбетов және басқа да азаматтар бар. Әр сөйлеуші өз компаниясының қызметі туралы таныстырып, өңірдегі инвестициялық климаттың жайлылығын, бизнесті дамытуға жағдай жасалып отырғанын атап өтті. Кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлер де мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларына кеңінен тоқталды. Бизнес қауымдастық өкілдері өзара тәжірибесімен бөлісіп, қызу пікір алмасты.

Бизнестің түрлі бағыттарын кеңінен талқылау үшін форум қатысушылары панельдік сессияларға бөлініп, В2В форматындағы кездесулерге, шеберлік сағаттарына қатысты. Панельдік сессиялардың бірі облыстың туристік бағытын дамытуға арналды, онда туристік аймақтың сапасын арттыру, экологиялық және этнографиялық туризмнің болашағы, туристік өнімдерді цифрландыру мәселелері талқыланды.

Инвестициялық форум «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы орналасқан Көрме кешені ғимаратында өтті.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Көріністер:  620

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 04.10.2019 14:17

Өзгертілген күні: 04.10.2019 19:04:12

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх