Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +19 oC

Жетісулық 25 мың жас тарихи нысандарда болды

Жетісулық 25 мың жас тарихи нысандарда болды

Патриоттық тәрбие беру мақсатында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында өңір жастары ғылыми-танымдық және зерттеу экспедицияларына қатыстырылуда. Тек осы оқу жылының өзінде жетісулық 25 мың оқушы мен студент тарихи-мәдени нысандарды аралап шыққан. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалу барысы туралы өткен брифингіде облыс әкімі Амандық Баталов айтты.

Биылғы оқу жылынан бастап Ілияс Жансүгіров атындағы мемлекеттік университеттің студенттері «Қоғамдық сананы жаңғырту», «Жетісу өлкетануы», «Қазақстанның табиғи, тарихи мұрасы» атты жаңа пәндер мен «Жетісу тарихы» элективті курсын оқуда.

Жастар үшін әлемдік танымал кітаптарды аударуға бағытталған «Жетісудың жастарға тартуы» атты жобасы, жас өлкетанушылар мен туристердің «Менің Отаным – Қазақстан» облыстық форумы өткізіледі.

Облыс әкімінің айтуынша, жалпы бұл бағыт бойынша 2017-2022 жылдары 878,4 млн. теңгеге 40 жобаны жүзеге асыру жоспарланған («Отаным – тағдырым» 16 жоба (397,3 млн.), «Өлкетану» – 8 жоба (24,4 млн.), «Саналы азамат» 16 жоба (456,7 млн.).


Көріністер:  316

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 25.05.2018 13:07

Өзгертілген күні: 25.05.2018 13:49:55

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх