Алматы облысының әкімдігі Ресми сайт

Жетісулықтар Жолдауға қолдау білдіруде

Жетісулықтар Жолдауға қолдау білдіруде 11.01.2018 16:37

Жақсылық Үшкемпіров, Қазақстанның Еңбек Ері, облыстық мәслихат депутаты, Мәскеу Олимпиадасының чемпионы:

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуына арналған Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын биыл да зор ынтамен қабыл алдым. Елбасы онда Қазақстанның әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алғанын атап өтіп, алдағы дамуымыздың он басым бағытын белгілеп берді.

Әлемдегі жағдайдың бүгінгідей күрделі кезеңінде елдің дамуының басым бағыттарын айқындап алып, қоғамның күш-жігерін соған жұмылдырудың маңызы айрықша.

Жаһандық технологиялық өзгерістер кезеңіне жаңа сын-қатерлермен қатар өсуге арналған жаңа мүмкіндіктер де тән. Өсер елдің баласы қазіргі жағдайда өзгермелі дүниеге қарап бой түзейді. Ұлы Отанымыздағы тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық татулық – осының бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының жемісі деп білеміз.

Биылғы басым бағыт айқындалды. Сондықтан Елбасы Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыруға әрбір қазақ­стандық болып атсалысуымыз керек. Ол үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, аянбай еңбек етуге тиіспіз. Адамды жетістікке жеткізетін ұлы күш еңбек болса, елді дамытатын - бүкіл қоғамның еңбекқорлығы. Сонда ғана ісіміз берекелі де мерекелі болмақ. Елбасы алға қойған аса маңызды міндеттерді жүзеге асырудың негізгі кілті де осында деп есептеймін. Айқын бағыт алға жетелейді.


*   *   * 

Тілеубек Алтыбаев, кәсіпкер, Алакөл ауданы:

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүм­кін­дік­тері» атты Жолдауын жұртпен бірге оқып, танысып, алғашқы талқылаудан өткізіп те тас­та­­дық. Мемлекет басшысының бұл жолғы Жолдауы еліміздегі дәл қазіргі кездегі ең өзекті деген тұстарды толығымен қамтып, олардың шешімін қарастырып, алдағы өркендеу жол­да­рын айқындап берді. Ауылда тірлік етіп, жергілікті халықпен бірлесе отырып, елді мекенді көр­кейту, жерлестердің тұрмысын жақсарту жолында еңбек етіп жүрген, нәпақаны ауыл­шаруашылығынан тауып жүрген азамат ретінде маған қатты ұнағаны – Жолдауда жазылған негізгі міндеттердің үшіншісі болды.

«Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі» деген тақырыбы айқын аңғартып тұрғандай, онда еліміздегі аграрлық саясаттың еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керектігі нақты көрсетілген. Біздегі ауылшаруашылығы саласының негізінен шикізатты молынан дайындау және сату арқылы табыс тауып отырғаны өтірік емес. Ендігі мақсат – шикізатпен шектеліп қалмай, оны қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарыққа жоғары сапалы дайын өніммен шығу екенін Елбасы нақты мысалдармен, түсінікті тілде жеткізді.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, өнімді шикізат күйінде өткізу мен тұтынуға дайын деңгейге жеткізіп сатудың арасындағы айырмашылық аса үлкен, түсетін кірісте де айтарлықтай өзгешелік бар. Мәселен, біз­дің аудандағы балықшылар бір кездері үй бетін көрмей жүріп аулаған балықтарын көтере сатып, алу­шыларға ар­зан бағаға өткізіп, сол аз-маз қаражатты қанағат тұтатын. Қазіргі кезде олар шаруа­шы­лықтарға бірігіп, бар­лығын ақылдаса шешіп, кеңесе отырып жүзеге асырады. Ауланған балықты жергілікті жерде тереңдете өң­деп, алыс-жақын елдерге жөнелте алатын мүмкіндікке қол жеткізді. Алакөл ауданында бірнеше балық зауы­ты жұмыс істейді. Олардың қайта өңдеуден өткізген өнімдеріне Еуропа елдерінің өзінен тапсырыстар түседі. Со­ған сай табыс та жаман емес. Барлығы бір жүйеге қойылған, зауыттар балық аулаумен бірге балық қорын мо­лайтуды да естен шығармайды. Елбасы Жолдауында Үкімет пен әкімдерге агроөнеркәсіпті өркендету бойынша нақты міндеттер жүктеді. Соған сай алдағы кезде ауылшаруашылығы дами түседі деген үміт үлкен. 


*   *   *  


Мәулен Нұров, «Нұр Отан» партиясы Ұйғыр аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Тағдырдың небір тар жол, тайғақ кешуін көрген қазақ елінің келешекке қарышты қадам жасауы жолында жасампаз еңбек етіп келе жатқан Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайын қараша халықтың көшін жарқын келешекке бастайтын маңызды Жолдауын жариялап, дамудың айқын бағыттарын көрсетіп келе жатыр. Биыл да даму даңғылына бастайтын осындай маңызды құжат жарық көрді.

Үшінші жаңғыруға бет алған тәуелсіз еліміз «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкін­діктеріне» ұмтылысын бастады. Елбасы дәл осындай тақырыпта еліміздің экономикалық тұрғыдан да, әлеуметтік бағыттан да оқ бойы озық шығуы үшін үкіметке басты он міндет бойынша нақты тапсырмалар берді. Бұл жерде ол халықтың әл-ауқатын көтеруді бірінші орынға қойып отыр.

Ел Президентінің зейнетақы мен мұғалімдердің еңбекақысын еселеп өсіру жөніндегі нақты тапсырмасын халық игілігін молайтатын үлкен мүмкіндік деп білеміз. Кәсіпкерлерге берілетін несиенің көлемін арттыруға байланысты Елбасымыз берген тағы бір тапсырма ел экономикасының дамуын жеделдетуге, әрбір қазақстандықтың бай, қуатты тұрмыс кешуіне жасалған жағдай екендігі анық. Жалпы айтқанда, еліміздің әлеуметтік саласына триллиондап қаржы салынғанын айқындап отырған бұл Жолдау халықтың келешекке деген сенімін нығайта түсті.

Бұл ретте көшбасшы «Нұр Отан» партиясының өңірлік филиалдары осы тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орында­луы­на аянбай атсалысуы тиіс. Тұңғыш Президентіміздің сенімін ақтауды біздің басты міндетіміз деп білемін. 

 


Карты области
О регионе
ПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ КАЗ.jpg