Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +18 oC

Жыл бойы жұмыс істейтін тау шаңғы курорты ашылмақ

Жыл бойы жұмыс істейтін тау шаңғы курорты ашылмақ

Талғар ауданындағы «Лесная сказка» демалыс кешенін одан әрі дамытуға бағытталған «Апорт-Ақтас» тау шаңғы курортының жобасы бүгін облыс әкімі Амандық Баталовқа таныстырылды. Жобаға бастамашы болған «Alina» компаниялар тобының президенті Ерлік Балфанбаев құрылыс жоспары мен нысан макетін көрсетіп, баяндап берді.

Е. Балфанбаевтың айтуынша, жоба аясында 12 аспалы жол, ұзындығы 31 шақырым болатын тау шаңғы трассасы, сол сияқты 700 төсек-орындық қонақ үй, мейрамханалар, кафе және басқа да нысандар салу көзделген. Келушілер саны жылына 724 мың адам, яғни күніне 12 мың адам болады деп күтілуде. 600-ден астам жаңа жұмыс орны құрылып, тартылатын инвестиция көлемі 31 млрд. теңге болады деп межеленіп отыр. Кешеннің басты ерекшелігі – оның жыл бойы үздіксіз жұмыс істейтіндігінде.

- Тау шаңғы курортының жұмысы жыл маусымдарына тәуелді емес. Қысқы кезеңде тау шаңғысы, хоккей, конькимен сырғанау қызық болса, жазда велосипед теуіп, атқа мінуге болады. Яғни шаңғы жолдары жазда велосипед жолы ретінде пайдаланылады. Сөйтіп курорт туристердің жыл бойы демалуына қолайлы орын болмақ, - дейді Е. Балфанбаев.

Облыс әкімі Амандық Баталов туризмді дамыту жоспарланған жұмыстың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті:

- Алматы облысына күні кеше жасаған сапарында Мемлекет басшысы өңірдің туристік әлеуетін тиімді пайдаланып, туризмді, соның ішінде тау туризмін дамытуға назар аударуды тапсырды. Бүгін таныстырылған тау шаңғы курортының жобасы осы міндетті орындауда аса маңызды деп есептеймін. Оның жұмысы жаппай туристер тарту ісіне ықпал ететін болады. Оған қоса жаңа жұмыс орындары ашылып, инвестиция тартылады, ең бастысы халықты саламатты өмір салтына тартуға жәрдемдеседі, - деді А. Баталов.

Облыс әкімі инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту мәселелері жағынан қолдау көрсетілетінін айтты. Бұл, атап айтқанда автокөлік жолдарына, электрмен, сумен қамтуға және кәріз жүйелеріне қатысты.


Көріністер:  154

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 15.05.2018 18:51

Өзгертілген күні: 15.05.2018 18:54:35

Тізімге қайта оралу


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх