Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +17 oC

Аймақ туралы

Алматы облысының Таңбасын сипаттау

Гербi


«Елтаңба» - «Герб» немістің Ербе – «мұра» деген сөзінен шыққан, мұрагерлік ерекшелеу белгісін – иесінің тарихи дәстүрлерін көрсетіп тұратын, символикалық мағына берілген заттар мен сұңғаттардың үйлесімін таңбалайды.

Елтаңбаның тікелей негізін рулық отбасылық меншік белгілері – славяндарда тудар межелер, таңбалар, түріктер мен моңғолдарда таңба салды. «Таңба» термині бәрінен бұрын көне түрік қағанатында қолданыла бастады.


Алматы облысы Таңбасының композициялық негізі – «күнді» бейнелейтін сәуле шашып тұрған дөңгелек. Дөңгелектің ортасында спираль тәріздес етіп салынған қанатты барыс пен бүркіт басты көреген құс – самұрық бейнеленген. Бұл құс – Сақ заманында қазына-байлықтардың күзетшісі.


Екі бейненің сабақтастығы адамгершілік құтқарушы күшінің, жанкештіліктің, киелі құс – бүркіт туралы көне евразиялық аңыздың жаңғырығы – аспанның, атап айтқанда оттың күн күшінің және аспаннан немесе қасиетті таудан жерге сауықтыру қабілеті бар өмір ағашының жас бұтақтарын әкелген мәнгіліктің бейнесі болып табылады.


Қанатты барыс – бейбітшілік пен тәртіп сақшысының, тыныштық, айбындылық пен ерліктің символы. Барыс – Жетісу жерінің ерекшелігін бейнелейді.
Спираль – эманацияның ұлы жасаушы күшінің айғағы, айналып тұратын көк күмбезінің, күн қозғалысының, жыл мезгілдері ауысуының, Жер айналасының бейнесі болып табылады.
Таңба екі бояумен: Қазақстан Республикасы Елтаңбасы сипатымен алтын және ашық көк түсте берілген.


Ашық көк – аспан мен теңіздің көрінісі – заңғар мен тұңғиықтың, сондай-ақ ол – жетілгендіктің, тұрақтылықтың, әділеттіліктің, берілгендіктің және абырой, ар, намыстың белгісі.
Күн тәріздес алтын түс даңқты, құдіретті күшті, сенімді, салмақтылықты, тұтастықты паш етеді. Бұл - өмірдің көрінісі. Таңба евразия өнерінің дәстүрінде жасалған.


Сыртқы дөңгелекте «Алматы облысы» - деп жазылған, ал олардың арасында екі жетібұрышты жұлдыз салынған. Жеті саны және сыртқы дөңгелектегі ала сызық – ішкі дүниенің киелілігін қорғаудың нышаны.


Алматы облысы Таңбасында өткен дәуірдің, бүгінгі күннің тек алға ұмтыла дамуының таңдаулы символдары және осы аймықтың тұрғындарына арналған жарқын болашақ сипатталған.


ОБЛЫС ТАРИХЫ


Алматы облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылды. Орталығы Алматы қаласы болып белгіленді. Облыс құрамына 18 аудан кірді.
1939 жылдың соңында аудандардың бір бөлігі Жамбыл және Семей облыстарына беріліп, Алматы облысының құрамында қайта құрылған 7 ауданды қосқанда 23 аудан қалды. 1944 жылдың наурыз айында оның құрамынан Талдықорған облысы 11 ауданмен бөлініп шықты.


1959 жылдың соңында облыс құрамынан Алматы қаласы бөлінді. Осы жылы Алматы және Талдықорған облыстары біріктіріліп, 1968 жылы қайта бөлінді.


Алматы және Талдықорған облыстарының соңғы біріктірілуі 1997 жылы болды.
Облыс құрамына 16 аудан мен облыстық маңыздағы 3 қала енгізілді. (Талдықорған, Қапшағай, Текелі).


Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі «Алматы облысының облыс орталығын көшіру туралы» № 585 Жарлығына сәйкес облыс орталығы Талдықорған қаласы болып белгіленді.


ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ


Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Аумағы 223,9 мың шаршы шақырымды құрайды. Өңірде 777 елді мекен бар.  Өңірде 103 ұлт пен ұлыс өкілдері бар.


Облыс орталығы - Талдықорған қаласы.
Өңір фаунасы биологиялық түрлерге бай: сүтқоректілердің 24 түрі, құстардың - 35, су жәндіктері мен балықтардың 4 түрі қатаң қорғауды қажет етеді, әрі республиканың Қызыл кітабына енген.
Облыс аумағында Алматы қорығы және еліміздегі төрт ұлттық табиғи парктің екеуі: Іле-Алатау және «Алтынемел» парктері орналасқан.


Алматы облысы - аграрлық аймақ. Қазақстанның мәдени және қаржылық орталығы - Алматы қаласына жақын орналасуы әлеуметтік-экономикалық дамуына зор мүмкіндік туғызады.


ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ


Алматы облысының табиғи жағдайы шөл даладан мәңгі қар жататын аумаққа дейінгі 5 климаттық аймақтан тұрады. Климаты тым континенталды, жазық далада қаңтардағы орташа температура -15 С, таулы аймақта - 6-8 С; маусымда сәйкесінше - +16 С және +24 +25 С. Жазық далада жыл бойы түсетін жауын-шашын көлемі - 300 мм дейін, аулы аймақтар мен тауда - 500-700-ден 1000 мм дейін.

http://ru.wikipedia.org/wiki/Алматинская_область



Әкімшілік-аумақтық бөлініс:

Облыс құрамына облысқа бағынышты 16 аудан және 3 қала (Талдықорған, Қапшағай, Текелі) кіреді.
Облыс орталығы - Талдықорған қаласы, Талдықорған қаласы мен Астана қаласының арасы - 1480 шақырым.
Халық саны 2016 жылдың 1 мамырына- 1 953,6 мың адам.

2017 жылдың басына Алматы облысының әкімшілік-аумақтық бірліктері

 

Аудандар

Елді мекендер

Әкім аппараты
       

 

қалалар

кенттер

ауылдар

кенттік

 округтік
      

барлығы

одан:

барлығы

одан: бір ғана ДЕМ*-нен құрылған

барлығы

одан: бір ғана ДЕМ*-нен құрылған

облыстық маңыздағы

аудандық маңыздағы

Алматы

16

10

3

7

0

731

0

0

247

49


Талдықорған қ.ә.

-

1

1

-

-

7

-

-

2

-


Қапшағай қ.ә.

-

1

1

-

-

11

-

-

2

-


Текелі қ.ә.

-

1

1

-

-

1

-

-

1

1


Ақсу

1

-

-

-

-

49

-

-

17

2


Алакөл

1

1

-

1

-

55

-

-

23

8


Балқаш

1

-

-

-

-

28

-

-

15

5


Еңбекшіқазақ

1

1

-

1

-

78

-

-

25

4


Ескелді

1

-

-

-

-

33

-

-

11

1


Жамбыл

1

-

-

-

-

61

-

-

24

10


Кербұлақ

1

-

-

-

-

63

-

-

15

-


Көксу

1

-

-

-

-

34

-

-

10

-


Қарасай

1

1

-

1

-

46

-

-

11

1


Қаратал

1

1

-

1

-

34

-

-

9

-


Панфилов

1

1

-

1

-

41

-

-

13

-


Райымбек

1

-

-

-

-

54

-

-

23

5


Сарқант

1

1

-

1

-

35

-

-

12

3


Талғар

1

1

-

1

-

45

-

-

10

1


Ұйғыр

1

-

-

-

-

25

-

-

14

6


Іле

1

-

-

-

-

31

-

-

10

2


 


Облыстың статистикасы

   

Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер
   
Жұмыссыздық деңгейі (2016 жылғы 2 тоқсанға %,) 4,9

Орташа айлық жалақы  (2016 ж. 2 тоқсанға, теңге) 107 634
Инфляция (2016 жылғы қыркүйек 2016 жылғы тамызға, %) 0,1
Инфляция (2016 жылғы қыркүйек 2015 жылғы желтоқсанға, %) 4,9
ЖІӨ (2016 жылғы 2 квартал) млрд. теңге 894,0
ЖІӨ (2016 жылғы 2 квартал, %) 101,1
 

Экономикалық салалардың өсу қарқыны
(Нақты көлем индексі, %-бен)
Өнеркәсіп (2016 жылғы қаңтар-қыркүйек 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекке, %) 100,1
Ауыл шаруашылығы (2016 жылғы қаңтар-қыркүйек 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекке, %) 101,6
Құрылыс (2016 жылғы қаңтар-қыркүйек 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекке, %) 103,5
Сауда (2016 жылғы қаңтар-қыркүйек 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекке, %)

101,1

Көлік (жүк айналымы), 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекке, %) 106,5
Байланыс (2016 жылғы қаңтар-қыркүйек 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекке, %)   92,6

 

Ақсу ауданы Көлтабан ауылы бойынша
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх