Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -10 oC

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша

«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы (ары қарай – Бағдарлама) Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халқына «Жаңа он жылдық – Жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауын және  2020 жылға дейін Қазақстанның стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген. «Бизнестің жол картасы 2020» - бұл  Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге және дамытуға бағытталған, мемлекеттік гранттар мен қарыз беру, несие бойынша пайыздарды төлеуді азайту, несиелерге кепілдік беру және  кәсіпкерлерді оқыту Бағдарламасы.

Бағдарламаның мақсаты: Бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторында  өңірлік  кәсіпкерліктің тұрақты және  теңгерімді  өсуін қамтамасыз ету.

Бағдарламаның міндеттері:        

  1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау
  2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру
  3. Валюталық тәуекелді төмендету
  4. Кәсіпкерлік әлеуетті  күшейту

1 бағыт - Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау

Мемлекеттік бағдарламаның басымдылықтарына сәйкес экономиканың шикізаттық емес секторларында жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау көрсету, гранттар беру бойынша  мемлекеттік қолдау  құралынан басқа. Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағытының  аясында мемлекеттік қолдау төменде аталғандардан тұрады:

- Жобаларды іске асыру үшін  Банктердің/ Даму Банкінің/Лизингтік компаниялардың   Қаржылық лизинг шарттары/ несиелері бойынша номиналды  сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

- Жобаларды іске асыруға бағытталған  Банктердің/Даму Банкінің  несиелері бойынша жартылай кепілдік беру;

- Өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту;

- Мемлекеттік гранттарды беру;

Неғұрлым толық ақпаратты алуға болады:

1)    www.damu.kz  сайтында немесе  http://www.damu.kz/2371 сілтемесі бойынша қарай отырып.

2)    Call-центр: +7 (727) 244 55 77; 8 (800) 080 1890 немесе қысқа нөмір:1408 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін)


2 бағыт - Кәсіпкерлік секторды сауықтыру

Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты бар жұмыс орындарын сақтауға және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторларында кәсіпорындарды сауықтыруға бағытталған. Сауықтыру аясында келесі қолдау көрсетілуі  мүмкін:

- Банктердің/Даму Банкінің (мақұлдау сәтіне)  борышқорға бар несиелері  бойынша  және жобаны мақұлдағаннан кейін туындайтын бір несие желісі шегінде  жаңа берешекке  сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

- борышқорға  бюджетке салықтық берешегін өтеу бойынша (төлем көзінен ұсталатын жеке еңбек салығынан басқа), Салық кодексінде белгіленген тәртіпте қарастырылатын өсімақыны есептемей, мерзімін  ұзартуды беру мәселесін қарастыру;

- Қаржылық-экономикалық сауықтыру жоспары аясында кәсіпорындарды сауықтыру бойынша, оның ішінде Қазақстандық қор биржасында орналастырылған  облигациялар бойынша ішкі кредиторлардың алдындағы берешек бойынша басқа іс-шаралар;

Бағдарламаны іске асырудың екінші бағытына қатысуға өтінімді борышқор  тек 2010 және 2011 жылдары ғана бере алады.


3 бағыт – Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету

Несие міндеттемелерінің мөлшерлерінің  ұлттық валютаның ауытқуларына тәуелділігін азайту, және осыған сәйкес, валюталық тәуекелдердің несиелікке түрлендіру үшін, Бағдарлама аясында ұлттық және/немесе шетелдік валютада несиелер/Ұлттық валютада Қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің  бөлігін субсидиялау түрінде  валюталық түсімге ие  кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау  көрсетілетін болады.

Бағдарламаның үшінші бағытының қатысушылары ретінде келесі кәсіпкерлер ие болуы мүмкін:

1)    Кәсіпкермен бағдарламаның үйлестірушісіне өтініш-сауалнаманы бергенге дейінгі алдыңғы алты ай  үшін  ақша түсімінің жалпы көлемінен 10%  кем емес  мөлшерде  валюталық түсімге  ие.

2)    Экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес)

Неғұрлым толық ақпаратты алуға болады:

1)    www.damu.kz  сайтында немесе  http://www.damu.kz/2371 сілтемесі бойынша қарай отырып.

2)    Call-центр: +7 (727) 244 55 77; 8 (800) 080 1890 немесе қысқа нөмір:1408 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін)


4 бағыт - Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту

Төртінші бағыт  өндірісті жаңарту және бизнесті басқарудың қазіргі заманғы үлгілерін ендіру мақсатында кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуге бағытталған  шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетуді қарастырады.

            Шағын және орта бизнеске мемлекеттік қаржылық емес  қолдау көрсету  төменде аталғандардан тұрады:

  1. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету инфрақұрылымын қалыптастыру;
  2. «Бизнес-Кеңесші І» жобасының аясында  кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
  3. Кәсіпкерлерді «Бизнес-Кеңесші ІІ» жобасы бойынша оқыту;
  4. Кәсіпкерлерді жекешелендіруге қатысуға дайындау;
  5. Бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету;
  6. Кеңес беру жобаларын іске асыруда шағын және орта бизнестің озық кәсіпорындарына қолдау көрсету – BAS Бағдарламасы;
  7. Шағын және орта бизнестің  топ-менеджментін оқыту;
  8. Бизнес-инкубаторларды құру;
  9. Шетелдік серіктестермен іскерлік байланысты орнатуда қолдау көрсету – Іскерлік байланыстар;
  10.  Жастар кәсіпкерлігін дамыту;

Бағдарламаға  экономиканың  басым секторларындағы  әлеуетті және әрекет етуші  шағын және орта бизнес кәсіпкерлері  қатыса алады.

Неғұрлым толық ақпаратты алуға болады:

1)    www.damu.kz  сайтында немесе  http://www.damu.kz/2371 сілтемесі бойынша қарай отырып.

2)    Call-центр: +7 (727) 244 55 77; 8 (800) 080 1890 немесе қысқа нөмір:1408 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін)


«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының  «Жаңа бизнес-бастамаларға қолдау көрсету» бірінші бағытыныңаясында  мемлекеттік қолдау көрсетудің негізгі шарттары:

1. Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарттары

Банктің/Даму Банкінің/ Лизингтік компанияның сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау  жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңартуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін  жаңа несиелер/Қаржылық лизинг шарттары бойынша  жүзеге асырылады.

Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын несие/Қаржылық лизинг шартының сомасы  бір кәсіпкер үшін 4,5 млрд.теңгеден аспайды және  онымен аффилирленген тұлғалардың/компаниялардың несиесі/Қаржылық лизинг шарты бойынша  берешектерін есепке алмай есептеледі.

750 млн. теңгеден бастап 4,5 млрд. теңгеге дейінгі несиелер/Қаржылық лизинг шарттары бойынша  сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау   әрекет етушілерге қатысты  10% кем емес жаңа (тұрақты) жұмыс орындарын құру шартымен жүзеге асырылады.

Бұл орайда жаңа құрылатын жұмыс орындарының 50%  халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жас адамдар үшін құру ұсынылады.

Несие сомасы 1,5 млрд. теңгеден асатын  жобалар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға   индустрияландыру  картасына кіргізілген  жобалар жатады.

Несиелер/Қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі  10 (он) жылға дейін мерзімін созу мүмкіндігімен, 3 (үш) жылға дейін жасалады.

Өтініш беруші жобаны іске асыруда жекеменшік ақша қаражаттарының жобаны іске асырудың жалпы құнынан 10%   төмен емес деңгейде қатысуын, немесе жобаны іске асыруға  жобаны  іске асырудың жалпы құнынан 20%  төмен емес  деңгейде  жекеменшік жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен (с.і. қамтамасыз етуге  берілетін үшінші тұлғалардың мүлкімен) қатысуын  қамтамасыз етуі тиіс.

Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау  тек Банктің  несиелері бойынша  14% көп емес  номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жүзеге асырылуы мүмкін,  оның ішінде 7%  Кәсіпкер төлейді,  ал айырмасын мемлекет өтейді. Бұл орайда Банк  несиемен байланысты  қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе  басқа төлемдерді өндіріп алмайды, келесілерден басқа:

1) өтініш берушімен ынтагерлік білдірілген несиелеу шарттарын өзгертумен байланысты;

2) несие бойынша міндеттемелерді өтініш берушімен бұзу  себептері бойынша  өндіріп алынатын.


2. Несиелерге кепілдік беру шарттары

1. Кепілдемелер тек  жаңа жобаларды, сондай-ақ  өндірісті жаңартуға және кеңейтуге инвестицияларға бағытталған  іске асырылатын жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа несиелер бойынша беріледі. 

2. Кепілдік беру жүзеге асырылатын  несиенің(лердің) сомасы бір Кәсіпкерге 300 млн. теңгеден аспайды. Бұл орайда  несиенің(лердің) сомасы  бір Кәсіпкерге   онымен аффилирленген тұлғалардың/компаниялардың несиесі(лері) бойынша  берешекті есепке алмай  есептеледі.

3. Кепілдеме мөлшері  несие сомасының 50% жоғары болмайды. Жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін  кепілдеме мөлшері  несие сомасынан 70%  жоғары болмайды, бұл ретте  несиенің ең көп сомасы 20 млн. теңгеден жоғары болмайды. Бұл орайда жаңа бастаған жас кәсіпкерлер үшін  кепілдемелер  салалық шектеулерсіз беріледі.

4. Кәсіпкерлер үшін кепілдемелер ақылы негізде  беріледі.

5. Кепілдеме  айналым қаражаттарын қаржыландыру  негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңартуға және/немесе инвестицияларға  несиелер шегінде жүзеге асырылатын  жағдайда айналым қаражаттарын толықтыруға берілетін несиелер бойынша жүзеге асырылады, бірақ несие сомасынан 30%  көп емес.  Сонымен қатар айналым қаражаттарын 100%  толықтыруға бағытталған, 60 млн. теңгеден көп емес  мөлшерде несиеге кепілдік беруге рұқсат етіледі (еңбек ақы төлеу, салықтық және басқа міндетті төлемдер, несиелерге, қарыздарға немесе Лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу және өтініш берушімен негізгі қызметін жүзеге асырумен байланысты емес басқа  мақсаттар бойынша  есеп айырысуларды жүргізуден басқа).

6. 60 млн. теңгеден көп  несиелер бойынша кепілдеме алған жағдайда, өтініш беруші  Жобаны іске асыруға Жобаның  жалпы іске асыру құнынан 10%   төмен емес  деңгейде  жекеменшік ақша қаражаттарымен немесе Жобаны іске асырудың жалпы құнынан 20%  төмен емес деңгейде  жекеменшік жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен (с.і. қамтамасыз етуге берілетін үшінші тұлғалардың мүлкімен) қатысуды қамтамасыз етуі тиіс.

7. Кепілдеме беру жүзеге асырылатын несиелер бойынша Банктердің  сыйақы  мөлшерлемесі  14%  жоғары болмайды. Даму Банкінің  кепілдеме беру жүзеге асырылатын несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесі  13%  жоғары болмайды. Бұл ретте Банк/Даму Банкі несиемен байланысты  қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе  басқа төлемдерді өндіріп алмайды, келесілерден басқа:

1) өтініш берушімен ынтагерлік білдірілген несиелеу шарттарын өзгертумен байланысты;

2) несие бойынша міндеттемелерді өтініш берушімен бұзу  себептері бойынша  өндіріп алынатын.


3. Мемлекеттік гранттарды беру

Жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан жоғары тұлғаларға (ары қарай - Кәсіпкерлерге) мақсатты гранттар экономиканың  басым секторларының шегінде  жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін  өтеусіз және  қайтарымсыз негізде   бөлінеді.

Бір Кәсіпкер үшін  Гранттың ең жоғарғы сомасы  3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспауы тиіс.

Грант қаражаттары  мақсатты гранттарды  беруге  кәсіпкерлерді іріктеу бойынша жүргізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша  жергілікті атқару органдары (ары қарай - Үйлестіруші)  арқылы мемлекетпен беріледі. Бұл ретте  конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт  кәсіпкермен (жеке кәсіпкермен немесе  заңды тұлғаның құрылтайшысымен (құрылтайшыларымен)  «Бизнес Кеңесші»/ «Бизнес –Кеңесшісі -І» немесе «Жас кәсіпкер мектебі» жобасы бойынша  жаңа бастаған кәсіпкерлер  үшін қысқа мерзімдік оқудан өту болып табылады.

Конкурстық комиссия конкурс өтінімдерін қарастыру кезінде  Кәсіпкердің бизнес-жобасын бағалаудың  келесі критерийлерінің негізінде  ұсыныстар береді:

бизнес идеялардың жаңалығы;

бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);

бизнес-жобаның ендіруге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселелерін пысықтау, Кәсіпкердің орналасуы үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін  жобаның дайындық деңгейі);

Бизнес-жобаның міндетті шарттары  кәсіпкермен  оны іске асыру шығындарын 10 (он) %  кем емес  мөлшерде, соның ішінде  берілетін Гранттың көлемінен жеке мүлікпен ортақ қаржыландыру болып табылады

Кәсіпкерлер гранттың қаражаттарын келесі мақсаттарға пайдаланулары тиіс:

негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;

материалдық емес активтерді сатып алу;

технологияларды сатып алу;

франшизаға құқықты сатып алу;

жаңа технологияларды ендірумен зерттеу жұмыстарымен байланысты шығындар.


«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының  «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» төртінші бағытыныңаясында  мемлекеттік қолдау көрсетудің негізгі шарттары:

1. «Іскерлік байланыстар» Жобасы

«Іскерлік байланыстар» жобасы халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдау көрсетуімен шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстарды орнату есебінен экономиканың басым секторларларының шегінде жобаларға қолдау көрсетуге бағытталған.

Жоба екі кезеңнен тұратын болады:

Бірінші кезең Қазақстанның аумағында жүзеге асырылатын болады.

Бұл кезеңде қазіргі заманғы бизнесті жүргізу әдістеріне оқытуға, бизнес-серіктестермен және басқалармен іскерлік байланыстарды орнатуға бағытталған бизнес-тренингтерді ұйымдастыру арқылы  басшы қызметкерлер мен менеджерлердің  біліктілігін  көтеру жүргізілетін болады (ары қарай – Бизнес-тренинг). Оқыту процесінде Жобаның Қатысушылары  шетелдік және отандық бизнес-жаттықтырушылардың басшылығымен өз кәсіпорнын дамытудың  бизнес-жоспарларын әзірлейтін болады.

Екінші кезең  Жобаның қатысушылары  үшін   шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдаманы қарастырады, соның ішінде  шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстарды орнату  үшін, және оған кіреді:

  1. ұқсас профильдегі шетелдік кәсіпорындарда тағылымдамадан өту;
  2. технологиялардың трансферті және жабдықты сатып алу мәселелері бойынша  іскерлік байланыстарды орнату;
  3. тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өзара жеткізу;
  4. франшизаларды сатып алу;
  5. халықаралық және шетелдік ұйымдардың гранттарын алу;
  6. бірлескен кәсіпорындарды құру.


2. Топ-менеджментті оқыту

Бағдарламаның Қатысушылары экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта бизнестің кәсіпорындарының жоғары және орта буын басшылары болуы мүмкін.

Мақсаты – топ-менеджмент үшін бизнесті жүргізудің озық әлемдік  тәжірибесін ұсыну;

Мақсатты бөлігі – ШОБ субъектілері;

Орындаушы – «Назарбаев Университеті» АБҰ;

«Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» бағдарламасы  Сіздерге бизнесті құру және жүргізудің жаңа үлгілері туралы білім алуға, бәсекелестікке қабілеттілікті, өміршеңдікті және тұрақты өсуді  арттыру, біліктілік және кәсіби басқару дағдыларының деңгейін көтеруге көмек береді.


3. «Бизнес – Кеңесші» Бағдарламасы

«Бизнес-Кеңесші» жобасы  Операторларға стандартталған қызметтер пакетін ұсынуды қарастырады, оған кіреді:

  1. Кәсіпкерлік бастамамен халықты және кәсіпкерлерді кәсіпкерлік негіздеріне қысқа мерзімдік оқыту;
  2. Кәсіпкерге қажетті құжаттардың стандартты пакетін ұсыну;
  3. Ақпараттық-аналитикалық қолдау  көрсету және  кәсіпкерлердің Оператордың бизнес-порталына еркін қатынауын ұйымдастыру;
  4. Экономиканың басым салаларындағы маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін ұсыну.

Қысқа мерзімді оқыту процесінде кәсіпкерлерге  кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу материалдары, құрылтай құжаттарынан, типтік бизнес-жоспарлардан, техника-экономикалық негіздемелерден, несие алуға құжаттардан, сала бойынша маркетингтік  зерттеулердің есептерінен, сондай-ақ  шағын бизнеске арналған идеялар анықтамалықтарынан тұратын құжаттардың стандартты пакеттері  берілетін болады.


4. «Аға сеньорлар» Бағдарламасы

«Аға Сеньорлар» компонентін іске асыру  Жобаның бірінші  кезеңінде  бизнес-тренингтерді жүргізу процесінде де, Бағдарламаның Қатысушыларына  тікелей кәсіпорындарда  басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологиясын және жабдықты ендіру, және қызметкерлер құрамын оқыту бойынша кеңес беру үшін де, табысты жұмыс  тәжірибесімен жоғары білікті шетелдік  мамандарды тартуға бағдарланған

 «Аға Сеньорлар» компонентін іске асыру шарттары.

  1. «Аға Сеньорлар» компонентінің қатысушылары ретінде Бағдарламаның қатысушылары, сондай-ақ Бағдарламаның 1 қосымшасына сәйкес экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілері бола алады;
  2. «Аға Сеньорлар» компоненті бойынша  шетелдік сарапшыларды тарту бойынша шығындарды төлеу  байланысты және байланысты емес гранттардың, республикалық бюджеттің  қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын болады;
  3. Шетелдік сарапшылардың ұшып келіп-кетуі және қызметтеріне ақы  төлеу бойынша шығындарды төлеу  республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын болады;
  4. Шетелдік сарапшылардың  көлік және тәуліктік шығындары, сондай-ақ олардың  Қазақстан аумағында тұру шығындары кәсіпкердің жеке қаражатының есебінен жүзеге асырылатын болады;
  5. Жобаның қатысушыларының шетелге  тағылымдамасын ұйымдастыру, соның ішінде визалық қолдау көрсету және тұруы  халықаралық және шетелдік  ұйымдардың байланысты және байланысты емес гранттарының қаражаттарының есебінен қаржыландырылатын болады.

5. Әрекет етуші бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету

«Бизнестің жол картасы - 2020» Бағдарламасының  төртінші бағытының аясында кәсіпкерлерге  әрекет етуші бизнесті жүргізуде сервистік қолдау көрсетіледі. Әрекет етуші кәсіпкерлерге  сервистік қолдау көрсету мамандандырылған қызметтер және жеке кеңес берулер түрінде тегін ұсынылады. Сервистік қолдау көрсету  Астана, Алматы және Семей қалаларында, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыс орталықтарында  Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында «бір терезе» қағидаты бойынша  ұсынылады. Моноқалалардың, шағын қалалардың және аудан орталықтарының тұрғындары  сервистік қызметтерді Кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталықтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  Аймақтық және аудандық Кәсіпкерлер палатасына хабарласа отырып, ала алады.

Кәсіпкерлер үшін мамандандырылған сервистік қызметтер тегін көрсетілетін болады.

Сервистік қолдау көрсетуді іске асыру аясында кәсіпкерлер сервистік қызметтердің  келесі түрлерін ала алады:

  1. Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізумен, сондай-ақ статистикалық есептемені жасаумен байланысты қызметтер, келесі мәселелер бойынша кеңес берулер кіреді: 
    1. Салық салу және салықтық әкімшілік ету; 
    2. Салық заңнамасы және кәсіпорынның бухгалтерлік қызметін реттейтін заңнама; 
    3. Салықтарды және бюджетке басқа аударымдарды есептеу, бастапқы құжаттарды өңдеу; 
    4. Бухгалтерлік есепті қалпына келтіру; 
    5. Бухгалтерлік есепті жүргізу; 
    6. «1С-Бухгалтерия» бағдарламасымен жұмыстар; 
    7. Салықтық және статистикалық есептерді дайындау және тапсыру; 
    8. Бөгде ұйымдар үшін қаржылық қызмет бойынша қосымша есептерді жасау; 
    9. Электронды статистикалық есептерді беру.
  2. Кедендік рәсімдер бойынша қызметтер, келесілерді қоса: 
    1. Кедендік заңнама және кедендік рәсімдер  саласындағы кеңес берулер; 
    2. Тауарлардың декларациялау, анықтау ережелері мен тәртіптері бойынша кеңес беру;
    3. Кеден бағасын түзету, кеден декларациясын толтыру; 
    4. Нақты тауарлар бойынша тарифтік  және тарифтік емес  реттеу бойынша кеңестер; 
    5. Сыртқы экономикалық қызметті  құжаттамалық алып жүру; 
    6. Сыртқы экономикалық қызметтер үшін лицензияларды, рұқсаттарды алу бойынша кеңестер;
    7. Кедендік Одақ шегінде  жүктерді декларациялау бойынша кеңестер;
    8. Сыртқы сауда келісімшарттарының шарттары бойынша кеңес беру қызметтері.
  3. Менеджмент жүйесін ендіру бойынша барлық процесті толық алып жүру және кеңес беру, келесілерден тұратын:
    1. ИСО 9001:2000 (Сапа менеджменті жүйесі), ИСО 14001:2004 (Экологиялық менеджмент жүйесі), ИСО 22000:2005 (Азық-түлік өнімдерінің  қауіпсіздік менеджменті жүйесі), OHSAS 18001:2007 (Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік техникасы менеджменті жүйесі) халықаралық стандарттарының және басқа стандарттардың талаптарына сәйкес сертификаттауға құжаттарды дайындау; 
    2. Қызметкерлер құрамын сапа жүйесі стандарттарының талаптарына сәйкес оқыту; 
    3. ИСО 9001:2000 (Сапа менеджменті жүйесі), ИСО 14001:2004 (Экологиялық менеджмент жүйесі), ИСО 22000:2005 (Азық-түлік өнімдерінің  қауіпсіздік менеджменті жүйесі), OHSAS 18001:2007 (Денсаулықты қорғау және қауіпсіздік техникасы менеджменті жүйесі) стандарттарының және басқа стандарттардың  талаптарына сәйкестікке қолданыстағы менеджмент жүйелеріне талдау жасау;
    4. Менеджмент жүйесін әзірлеу және ендіру; 
    5. Біріктірілген менеджмент жүйесін әзірлеу және ендіру; 
    6. Ішкі аудитті жүргізуге көмек көрсету; 
    7. Сертификаттау алдындағы аудитті жүргізу бойынша кеңестер; 
    8. Қоршаған ортаны басқарудың менеджмент жүйесін сертификаттау.

  1. Заңгерлік қызметтер көрсету, келесілерді қоса: 
    1. Кәсіпорынды (жеке кәсіпкерді) тіркеуге, қайта тіркеуге, таратуға құжаттарды дайындау бойынша кеңес беру қызметтері; 
    2. Кәсіпорынды (жеке кәсіпкерді) тіркеуге, қайта тіркеуге, таратуға құжаттарды дайындау; 
    3. Шарттардың жобаларын әзірлеу бойынша кеңес беру; 
    4. Шарттардың жобаларын әзірлеу; 
    5. Азаматтық және еңбек заңнамасы саласында кеңес беру; 
    6. Құжат айналымын жүргізу бойынша кеңес беру; 
    7. Ұсыныстар бере отырып, құжат айналымына талдау жүргізу; 
    8. Бизнес-жоспардан басқа,  несиелеуге құжаттар пакетін дайындау бойынша кеңес беру; 
    9. Бизнес-жоспардан басқа,  несиелеуге құжаттар пакетін дайындау; 
    10. Кадрлық құжаттаманы жүргізу бойынша кеңес беру; 
    11. Ұсыныстар бере отырып, кадрлық құжаттамаға аудит жүргізу; 
    12. Құжаттардың ҚР заңнама талаптарына сәйкестігін тексерумен байланысты кеңес беру қызметтері.
  2. Маркетинг мәселелері бойынша қызметтер, келесілерді қоса: 
    1. Баға жөніндегі саясатты  әзірлеу бойынша кеңестер; 
    2. Нарықты, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулардың, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың  ұқсас тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша сатып алуларының  жоспарлары мен қорытындыларын талдауды ескере отырып, нақты тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша баға жөніндегі  саясатты әзірлеу;
    3. Бизнес-жоспарды әзірлеу  және екінші деңгей банктерінде қарастыруға дайындау бойынша кеңес беру;
    4. Бизнес-жоспарды әзірлеу  және екінші деңгей банктерінде қарастыруға дайындау;
    5. Кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын әзірлеу бойынша кеңес беру;
    6. Бизнес-жоспарды әзірлеу  және екінші деңгей банктерінде қарастыруға дайындау; 
    7. Кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік қызметін бағалау және талдау бойынша кеңес беру; 
    8. Кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік қызметін бағалау және талдау; 
    9. Тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе қызметтерді  жылжыту, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе қызметтерге сұраныс түрлерін зерттеу жоспарын талдау бойынша кеңес беру;
    10. Тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе қызметтерді  жылжыту, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе қызметтерге сұраныс түрлерін зерттеу жоспарын ұсыныстар немесе қорытындылар бере отырып, талдау; 
    11. Бәсекелес ортаны  талдау бойынша кеңес беру; 
    12. Нарықты, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулардың, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың  ұқсас тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша сатып алуларының  жоспарлары мен қорытындыларын талдауды ескере отырып, бәсекелес ортаны талдау; 
    13. Жарнамалық компанияның сауда маркасын әзірлеу бойынша кеңестер; 
    14.  Жарнамалық компанияның сауда маркасын әзірлеу.
  3. Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы кеңес берулер, келесілерден тұрады: 
    1. Интернет-ресурстарды әзірлеу және қолдау көрсету; 
    2. Кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) таныстыру-сайтын жасау; 
    3. Бизнесті ғаламторда құру және жүргізу; 
    4. Есептерді электронды тапсыру  бағдарламаларын орнату және қолдау көрсету; 
    5.  «1 С-Бухгалтерия» бағдарламасын орнату және қолдау көрсету. 
  4. Мемлекеттік сатып алулармен, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың  сатып алуларымен байланысты қызметтер, төменде аталғандар кіреді:
    1. Конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдерді дайындау; 
    2. Конкурсқа/тендерге қатысуға арналған өтінімдерге сараптама (аудит) жүргізу; 
    3. Қазақстанның сатып алулар бойынша бірыңғай құрылымдалған ақпараттық базасынан тұратын интернет-дереккөздерге қосылу; 
    4. Мемлекеттік және басқа сатып алуларға  қатысу үшін жетілдіру мүмкіндіктеріне қатысты кәсіпорынның/жеке кәсіпкердің   құжаттамасының сараптамасы (аудиті); 
    5. Сатып алуларды ұйымдастырушылардың әрекеттеріне/әрекетсіздіктеріне шағымдану; 
    6. Қазақстандық мазмұнды есептеу; 
    7. Жылдық сатып алулар жоспарының  негізінде Қазақстанның мемлекеттік және басқа сатып алулар нарығының сыйымдылығы бойынша аналитикалық есептерді беру.

Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх