Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +7 oC

Кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар

  • «Бизнестің жол картасы 2020».  Бағдарлама экономиканың шикізаттық емес секторларында аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімделген дамуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ әрекеттегі тұрақты жұмыс орындарын сақтау мен жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.
  • Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты  - тұрақты және тиімді жұмыспен қамту көмегімен тұрғындар табысын арттыру.
  • Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорынды сауықтыру). Бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге, сондай-ақ олардың әрі қарай тұрақты дамуына  арналған.  
  • ҚР агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы – бұл, ең алдымен, азық-түлік қауіпсіздігі мен өнім экспортын арттыруды қамтамасыз ететін елдердің бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешенін дамыту.

Бастаушы кәсіпкерлерге қолдау көрсететін мемлекеттік компаниялар

Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруға байланысты міндеттерден басқа мемлекет кәсіпкерлікті қолдауды қаржылық, ақпараттық-сараптамалық және материалды-техникалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша қызметтер атқарады. Қолдаудың бұл нысандарының барлығын мемлекет атқарушы органдар арқылы жергілікті және аумақтық деңгейде қабылданатын әр түрлі бағдарламалардың көмегімен де, әрі ұйым капиталының қатысуымен осы үшін арнайы жасалған бағдарламалар көмегімен де жүзеге асырады.  

  1. «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ  Орталықтың негізгі мақсаты – мемлекеттің инновациялық дамуының құрамдас бөлігі ретінде Қазақстан Республикасындағы технологиялардың бәсекеге қабілетті нарығын қалыптастыру және жүйеге келтіру; 
  2. «Kaznex» Экспортты дамыту мен ілгерілету жөніндегі корпорация» АҚ Үкіметке мемлекеттік саясатты қалыптастру саласында, оның ішінде кәсіпкерлікті дамыту бойынша да ақпараттық-сараптамалық көмек көрсетеді;
  3. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ – интегратор және қаржылық, консалтингілік қызметтерді ұсыну операторы ретінде шағын және орта бизнестің, сондай-ақ Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының сапалы дамуына көмек;
  4. «Ұлттық инновациялық қор» АҚ инвестиция тарту және жобаларды қаржыландыру жолымен инновациялық кәсіпкерлік бастамаларға қаржылық қолдау көрсетеді;
  5. «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ – заманауи және алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, шикізат пен материалдарды терең ұқсатуды жүзеге асыратын кәсіпорындардың жарғылық капиталын инвестициялау жолымен қаржылық қолдау;
  6. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ – қаржылық қолдау;
  7. Технопарктер, бизнес-инкубаторлар, өнеркәсіптік аймақтар – кәсіпкерлікті оның қалыптасуы мен дамуы сатысында материалдық-техникалық қолдау.


Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх