Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +3 oC

Кәсіпкерлерді мемлекеттік тексерулер тәртібі. Егер сізге тексеріспен келсе не істеу керек?

Әр бизнесмен өзінің қызметінде мемлекетпен әр түрлі бағыттар бойынша өзара байланыс жасайды. Бұл сияқты өзара байланыстың түрлерінің бірі заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлерді  тексерулер болып табылады. Тексерулер сөзсіз керек алайда оларды жиі жүргізу сіздің бизнесіңізге теріс әсер етуі мүмкін. Уақытты, күшті  жоғалту, бұл мүмкін салдарлардың толық тізімі емес. Мақаладан сіз тексерудің не екенін, оның не үшін керектігін, тексерулер қанша жиілікте өткізілуі мүмкін екенін және заңсыз тексерулерден қалай сақтану керектігін білесіз.

Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс болады. Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер кешенді және тақырыпты болуы мүмкін. Жоспарлы тексерулер мемлекеттік қадағалау органдары әр жарты жыл сайын бекітетін, жоспарға сәйкес өтеді. Жоспардан тыс тексерулер тек белгілі бір жағдайларда ғана жүргізіледі. Кешенді тексерулер, ереже бойынша бизнесті жүргізудегі заңдылықты сақтаудың көптеген мәселелерін қамтиды, тақырыптық – әдетте бір сұрақ бойынша ғана жүргізіледі.

Тексерулер тәсілдері бойынша да әр түрлі болуы мүмкін:

  • мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы сізге келуі мүмкін;
  • мемлекеттік орган бақылау және қадағалаудың өзге нысандарын жүргізуде қажетті ақпаратты талап етуді қоспағанда тексеру пәніне қатысты қажетті ақпаратты сұрай алады;
  • ҚР заңнамасымен белгіленген талаптарды сақтау туралы ақпаратты алу мақсатымен сізді шақыруы мүмкін.

Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер  үнемі кәсіпорынның ішкі еңбек тәртібі ережелерімен белгіленген жұмыс уақытында жүргізіледі. Жоспардан тыс тексеру түнгі уақытта, мереке және демалыс күндері жүргізілуі мүмкін, бірақ олардың жасалу сәтінде тікелей бұзылуларға тыйым салу қажеттілігі жағдайында ғана.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңның 16-бабының 6-1-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеу басталған күннен бастап 3 жылішінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты  жоспарлы тексерулерді жүргізуге тыйым салынады (қайта құрылған заңды тұлғалардың құқық мирасқорлары және қайта құру тәртібіндегі құрылған заңды тұлғалардан басқа).

Кәсіпкерлерді жоспарлы тексеру

Жоспарлы тексеру бекітілген жоспарға сәйкес қатаң жүргізіледі. Жоспарды осы беттен қарауға болады. Жоспарлы тексерулердің бекітілген кестесі өзгертулер мен толықтыруларға жатпайды, сол себепті жылына екі рет жеткілікті – 25 желтоқсан және 25 мамырда осы беттен өз ЖСН/БСН бойынша сіздің кәсіпорынға тексеру жоспарланғанын, жоспарланбағанын білу керек.

Бұнда тексерулер мерзімділігі тәуекелдер бағасымен анықталады, оны мемлекеттік органдар және қызмет бағыттары бойынша жүргізеді (тексерулердің ықтимал неғұрлым қауіпті салаларында  тексерулер жиі жүргізіледі). Заңның 16-бабының 6-1-тармағына сәйкес тіркелген сәттен бастап қызметтің алғашқы 3 жылында сізге тексерумен келе алмайды. Егер сіз өз қызметіңізді 3 жылдан артық жүргізсеңіз, ортақ жағдайлардағы тексерулер жиі жүргізіле алмайтынын ескеріңіз:

  • жылына 1 рет – қауіптің жоғары дәрежесінде;
  • 3 жылда 1 рет – қауіптің орташа дәрежесінде;
  • 5 жылда 1 рет – қауіптің кішігірім дәрежесінде.

Қауіп дәрежелері бойынша бөлу салдарлар ауырлығы негізінде, талаптардың бұзылуының салалық статистикасы, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда сіздің қызметіңіз қаншалықты үлкен зиян тигізсе (ықтимал), тексерулер де жиі өткізіледі.

Кейбір салаларда тексерулердің үлкен мерзімділігі қажет. Сол себепті сәулет, қала құрылысы және құрылыс, ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым өсіру, бидай және мақта нарығы салаларындағы тексеру қауіптің жоғары дәрежесінде  - жарты жылда 1 реттен жиі емес, қауіптің кішігірім дәрежесінде  – орташа жылда 1 рет жүргізілуі тиіс.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тексерулер жиі жүргізілуі мүмкін, бірақ бұнда қауіптің жоғары дәрежесінде тоқсанына 1 реттен артық емес, жарты жылда 1 рет және 3 жылда 1 рет – кішігірім қауіпте.

Егер олардың мерзімділігі осы бапта көрсетілген нормадан асса, тексеруден бас  тарта аласыз. Сонымен қатар жоспарлы тексеру үшін тексеру нақты басталғанға дейін 30 күнтізбелік күн бұрын жіберілген, хабарлама міндетті.  Жоспарлы тексеру туралы жарты жыл бұрын сіз осы беттен біле алатыныңызды есте сақтаңыз.


Кәсіпкерлерді жоспардан тыс тексеру

Жоспардан тыс тексеруде аталмыш жоспардан тыс тексеруді тағайындау үшін негіз болған айғақтар мен жағдайлар жатады. Бұл сізді тексерулер негіздеріне тікелей жатпайтын мәселелер бойынша сізді тексере алмайды деген сөз. Заңның 8-бабының тармағына сәйкес жоспардан тыс тексерулер құпия өтініштер жағдайында жүргізілмейді.

Жоспардан тыс тексеру мынадай жағдайларда тағайындалуы мүмкін:

  • бақылау және қадағалаудың өзге нысандарының нәтижелері бойынша және тексерулер нәтижесінде анықталған нұсқауларды орындауды бақылау (қаулылар, ұсыныстар, хабарламалар);
  • жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне және қоршаған ортаға, адам денсаулығына, өміріне маңызды зиян тигізу қаупі туралы немесе жергілікті өкілдік органдардың және ҚР Парламенті депутаттарынан, мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан ақпарат мен жүгінулерді алу;
  • тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алу мақсатымен тексерілетін  субъект азаматтық-құқықтық қатынастарға ие болған үшінші тұлғаларға қатысты қарсы тексеру;
  • оның қызметіне тексеруді жүргізу туралы тексерілетін субъектінің бастамашыл жүгінуі;
  • егер оған қатысты жоспарлы тексеру белгіленсе, тексерілетін субъектінің атауын өзгерту және қайта құру;
  • бастапқы тексерумен келіспеу туралы тексерілетін субъектінің жүгінуімен байланысты қайта тексеру;
  • ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексімен көзделген негіздер;
  • ҚР Салық кодексімен анықталған мәліметтер және сұрақтар, салық төлеушінің жүгінулері;
  • Заңмен белгіленген тәртіптегі белгілі бір әрекеттер немесе қызметті жүзеге асырудың басталуы туралы хабарламаны тексерілетін субъектіге беру.

Тағайындалатын жоспардан тыс тексеру туралы сізді тексеру нақты басталған күнге дейін кем дегенде 1 жұмыс күні бұрын хабардар етуі тиіс.  

Тексерушіде қандай құжаттар болуы тиіс

Заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес сіздің кәсіпорынға тексеріспен келген қызметкер құжаттар тобын ұсынуы тиіс. Егер лауазымды тұлға құжаттарды ұсынудан бас тартса немесе құжаттар толық көлемде ұсынылмаса, сіз сондай-ақ тексеру жүргізуден бас тарта аласыз.

  • 1) құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша уәкілетті органда тіркеу туралы белгімен тексеруді тағайындау туралы акт;
  • 2) қызметтік куәлік;
  • 3) қажеттілігі болғанда режимдік объектілерге баруға құзыретті органның рұқсаты;
  • 4) денсаулық саласындағы уәкілетті  орган белгілеген тәртіпте берілген объектілерге келу үшін қажет медициналық рұқсат;
  • 5) жоспарлы тексерудегі тексеру парағы.

Тексеру нәтижелері туралы акт және тексеруді тағайындау туралы акт

Тексеруді тағайындау туралы акт – осының негізінде тексеру жүргізілетін басты құжат. Егер ондағы мәліметтер дұрыс болмаса немесе күдік тудырмаса, ұсынылатын актімен міндетті танысу (өткен күні, бос жолдар), онда бұл сақтанудың себебі. Мәліметтер жетіспегенде сіз тексерушілердің тексеруінен бас тартуға толық құқылысыз.

Тексерулерді тағайындау туралы актіде міндетті түрде келесі мәліметтер қамтылуы тиіс

  • 1) актінің нөмірі және күні;
  • 2) мемлекеттік органның атауы;
  • 3) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және тексеруді жүргізуге уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) лауазымы;
  • 4) тексеру жүргізуге қатыстырылған мамандар, кеңесшілер және сарапшылар туралы мәліметтер;
  • 5) оған қатысты тексерулер тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан орны, сәйкестендіру нөмірі, аумақ учаскесі.
  • 6) филиалды және/немесе заңды тұлғаны тексерген жағдайда тексеруді тағайындау туралы актіде оның атауы мен орналасқан орны көрсетіледі;
  • 7) тағайындалған тексеру пәні;
  • 8) тексерулерді өткізу мерзімі;
  • 9) талаптары міндетті түрде тексеруге жататын тексерулерді жүргізудің құқықтық негіздері, соның ішінде нормативтік құқықтық актілер;
  • 10) тексерілетін кезең;
  • 11) тексерілетін субъектінің құқықтары мен міндеттері;
  • 12) мемлекеттік органның мөрі мен актілеріне қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы.

Тексерулерді тағайындау туралы акт үнемі (қарсы салықтық тексерулерді қоспағанда) бас прокуратурада тіркеледі. Бұл міндетті шара және сіз аталмыш сервистің көмегімен жүзеге асырылатын тексерулердің заңдылығын жеңіл тексере аласыз. 


Егер тексеру қажеттілігі қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығын және ҚР ұлттық мүдделеріне қауіпті дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайда туындаса, сондай-ақ тексеру дәлелдерді бекіту үшін шұғыл әрекеттерді жүргізу және олардың жасалу сәтінде тікелей бұзушылықтарға тыйым салу қажеттілігіне байланысты жүргізілгенде акт іс біткеннен кейін тіркелуі мүмкін.

Тексеру аяқталғаннан кейін тексерудің аяқталуы туралы акт құрастырылады (2данада). Қажеттілігі болғанда тексерулер нәтижелері туралы актіге бар болса, өнімдердің үлгілерін іріктеу туралы актілер, қоршаған ортаның объектілерін тексеру туралы актілер, өткізілген зерттеулердің хаттамалары, және сараптамалары және басқа да құжаттар және олардың тексерулермен байланысты көшірмелері. Тексеруді аяқтау туралы акт мынадай мәліметтерді қамтиды:

  • актіні құрастыру күні, уақыты және орны;
  • бақылау және қадағалау органының атауы;
  • соның негізінде тексеру жүргізілген тексеруді тағайындау туралы актінің күні және нөмірі;
  • тексеруді жүргізген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болғанда) және лауазымды тұлғаның (тұлғалардың) лауазымы;
  • тексерілетін субъектінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), тексерулерді жүргізуге қатысқан жеке немесе заңды тұлғаның өкілінің лауазымы;
  • тексерулерді жүргізу күні, орны және кезеңі;
  • тексеру нәтижелері, соның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
  • тексерілетін субъект өкілінің, сондай-ақ тексерулерді жүргізуде қатысқан адамдардың актімен танысудан бас тарту туралы немесе танысу туралы мәліметтері, олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартуы;
  • тексеруді жүргізген лауазымды тұлғаның (тұлғалардың) қолы.

Тексеру қанша уақытқа созылуы мүмкін

Тексерулердің барынша көп ұзақтығы (салық тексерулерінің ерекше жағдайларын қоспағанда) 30 жұмыс күннен аспайды және тек 30 жұмыс күннен артық емес мерзімге бірақ рет ұзартылуы мүмкін. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тексерулер – 15 жұмыс күніне дейін және 15 жұмыс күніне ұзартумен, ал ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, бидай және мақта нарығы саласында – 5 жұмыс күнінен артық емес және 5 жұмыс күніне ұзартумен.

Егер мерзімін ұзарту қажет болса (сараптама, талдау және өз.) міндетті түрде тексерушіге мемлекеттік органның тиісті шешімін ұсынуды сұраңыз, себебі бұл жағдайда міндетті түрде қосымша акт құрастырылады. Тексерулерді тоқтатуда немесе жаңартуда сондай-ақ міндетті түрде тексеруді тоқтату немесе жаңарту туралы акт шығарылады.


Тексеруден қандай жағдайларда бас тартуға болады немесе ол жарамсыз болып табылады

Дөрекі бұзушылықтар жағдайында сіз тексеруден бас тарта аласыз немесе егер тексеріс өтіп кетсе аталмыш тексеруді жарамсыз деп тану туралы өтініш бере аласыз.

Тексерудегі Заңды дөрекі бұзушылықтарға мыналар жатады:

  • тексерістерді жүргізу негіздерінің болмауы;
  • тексерулерді тағайындау туралы актінің болмауы;
  • тексерулерді жүргізу туралы хабарлама мерзімдерін сақтамау;
  • тексерулерді жүргізудегі бұзушылықтардың бұзылуы;
  • жоспарлы тексеруді тағайындауда алдыңғы тексеруге қатынасы бойынша уақытша интервалдың бұзылуы;
  • тексеруді тағайындау туралы актіні тексерілетін субъектіге ұсынбау;
  • олардың құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың тексерулерді тағайындауы;
  • осындай тіркеу міндетті болғанда құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша органдарда тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеусіз тексерулерді жүргізу.

Егер тексерулер бұзушылықтармен жүргізілсе, сіз тексеруді жүргізген мемлекеттік органға өтінішті бере аласыз немесе сотқа алдымен тексерулердің жарамсыздығы туралы тиісті өтінішті, одан кейін (10 жұмыс күнінен кеш емес) тексерулердің жарамсыздығына байланысты актіні жою туралы өтінішті бере аласыз.


Тексеру кезіндегі сіздің құқықтарыңыз

Жеке кәсіпкерліктің тексерілетін субъектісі ретінде сіз:

  1. Көптеген жағдайларда объектіге тексерулерді жүргізу үшін келген бақылау және қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларын тексеруге жібермеуге.

Келесі жағдайларда тексеруден бас тартуға:

    • жоспарлы тексеруді тағайындауда алдыңғы тексеруге қатынасы бойынша уақыт интервалдары сақталмағанда;
    • тексеру мерзімдерін тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдер асқанда немесе аяқталғанда;
    • жоспардан тыс тексерулерді жүргізу негіздерінің 2,4, 6, 7, 8 тармақшаларында көзделген жағдайларын қоспағанда бір мәселе  бойынша дәл сол  кезеңде бұрын тексеру жүргізілген тексерілетін субъектіні әдейі қайта тексеруді мемлекеттік органмен тағайындағанда;
    • егер алдыңғы тексеруде бұзушылықтар анықталмағанына қарамастан, жоспардан тыс тексеру тағайындалғанда;
    • қажетті ақпарат және құжат болмағанда;
    • егер ҚР Салық кодексімен өзгесі көзделмесе, жеке, заңды тұлғалар және мемлекеттің заңды мүдделері мен құқықтарының бұзылуы туралы өзге жүгінулерде, жасалған немесе дайындалатын қылмыстар туралы хабарламада және өтініште көрсетілген, уақыт аралығының шегінен шығатын кезең үшін тексерулер тағайындалғанда;
    • соған тиісті өкілеттіктері жоқ, тұлғаларға тексерулер жүргізу тапсырылғанда;
    • Заңмен белгіленген мерзімнен жоғары тексерулер мерзімдері ұзартылғанда;
    • тексеруді жүргізу талаптарының дөрекі бұзушылықтары.
  1. Егер олар жүргізілетін тексерулер пәніне қатысты болмаса немесе актіде көрсетілген мерзімге қатысты болмаса, мәліметтерді ұсынбауға.
  2. Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының әрекеттері (әрекетсіздігі) және тексеру нәтижелері туралы тексерулерді тағайындау туралы актіге шағым беру.
  3. Тексерілетін субъектілердің қызметін шектейтін мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалардың заңға негізделмеген шектеулерін орындамауға.
  4. Тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ лауазымды тұлғаның қызметіне кедергі тудырмастан, аудио және видеотехника құралдарының көмегімен, оларға тексерулер аясында көрсетілген лауазымды тұлғаның жекелеген әрекеттерін белгілеулге.
  5. Өзінің мүдделерін және құқықтарын ұсыну мақсатында тексеруге қатысуға үшінші адамдарды қатыстыру.

Бұл ретте сіз сондай-ақ міндеттемелер тобына ие боласыз. Егер сізге тексерумен келсе және сіз ұсынылған құжаттардың мазмұнына және толықтығына көз жеткізсеңіз, сіз мыналарға міндеттсіз:

  • Аумаққа және бөлмелерге тексерушілердің кедергісіз рұқсатын қамтамасыз етуге.
  • Коммерциялық, салықтық немесе өзге құпияны қорғау бойынша талаптарды сақтаумен бақылау және қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларына қағаз және электронды тасымалдағыштарда құжаттарды (мәліметтерді) немесе олардың көшірмелерін тексеру нәтижелері туралы актіге қатыстыру үшін ұсынуға, сондай-ақ тексеру пәніне және міндеттеріне сәйкес автоматтандырылған мәліметтер базаларына  (ақпараттық жүйелерге) рұқсат.
  • Тексеруді тағайындау туралы актінің екінші данасында алу туралы белгі жасау.
  • Ол аяқталған күні жүргізілген тексерудің нәтижелері туралы актінің екінші данасында алу туралы белгі жасау.
  • Егер өзгесі осы Заңда немесе ҚР өзге заңдарында көзделмесе, тексеруді жүзеге асыру кезінде тексерілетін құжаттарға өзгертулер мен толықтыруларды енгізуге жол бермеу.
  • Аталмыш объекті үшін белгіленген нормативтерге сәйкес, зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың объектіге ықпалын тексеруді жүргізу үшін келген адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх