Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC

Қазақстанда бизнес ашу кезінде нені білу қажет?

Қазақстан бизнестің әр алуан бағыттарының дамуы тұрғысынан алып қарағанда, келешегі зор және белсенді дамып келе жатқан ел болып табылады. Республика үкіметі кәсіпкерлерді белсенді түрде қолдап отырады. Бизнесті тіркеудің, лицензиялаудың жеңілдетілген құралдары жасалып,  жеңілдікті салық салу нұсқалары мен басқа да қолайлы шарттар ұсынылуда.

Қазақстан 2012 жылы Дүниежүзілік Банк нұсқасы бойынша бизнесті ашу мен жүргізудің оңайлығы рейтингінде 183 елдің арасынан 47 орынға ие болды. Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 12 орынға алға жылжыды.

Сонымен, сіз бизнес ашпақ болып шештіңіз және  өзіңіздің мүмкіндіктеріңіз бен келешегіңізге әділ баға бере білесіз.

Жеке кәсіпкерлік субъектілері салық есептілігінің мәліметтеріне сәйкес келуі тиіс өзінің мәртебесі жайлы ақпаратты (анықтаманы) мемлекеттік органдарға өздері ұсынады, әрі ұсынған мағлұматтардың дұрыстығына да солар жауап беруі керек.

Кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесін қандай шамалар анықтайды?

Кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесіне төмендегілер ықпал жасайды:

  • қызметкерлердің жылдық орташа саны;
  • активтердің жылдық орташа құны;
  • кейбір жағдайларда -  қызмет түрлері.

Орта есеппен бір жыл ішіндегі қызметкерлердің тізімдік саны, қызметкерлердің орта есеппен есепті жылдың барлық айларындағы орташа санын қосындылау және алынған санды 12-ге бөлу жолымен анықталады  (Еңбек жөніндегі статистикалық есептілікті толтыру бойынша Нұсқаманың 20 тармағы).

Активтердің жылдық орташа құнын анықтау үшін бухгалтерлер мынадай формуланы пайдаланады. Активтер құны ағымдағы жылдың әрбір айының алғашқы күніне (1 қаңтар, 1 ақпан және т.с.с. 1 желтоқсанға дейін), сондай-ақ, келесі жылдың 1 қаңтарына (яғни, барлығы 13 айға) қосындыланады. Алынған сома 13-ке бөлінеді. Нәтижесі активтердің бір жылдағы жылдық орташа құнын құрайды.


Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх