Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +17 oC

Азық-түлік белдеуі

Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуін дамыту туралы 
2016 жылдың қорытындысы бойынша  ақпарат


Ауыл шаруашылығы саласында 2016 жылы жалпы өнім көлемі 581,4 млрд. теңгені құрады немсе 2015 жылмен салыстырғанда 30,3 млрд. теңгеге артық.

Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде 2016 жылы 23,6 млрд. теңгелік 48 инвестициялық жоба іске асырылды (3700 басқа 6 бордақылау алаңдары; 6,9 гектарлық 4 жылыжай, 5 картоп / жеміс қоймасы, 366 басқа тауарлы сүт фермасы, мүйізді ірі қараға 2 мал қора, 32 млн. дана инкубаторлық жұмыртқа өндіретін құс фабрикасы салынды, 1600 гектарға интенсивті бақ, 199 га тамшылатып суару, 149 га сплинтер суару орнатылды, балық шаруашылығы құрылды, астық сақтау қоймасына жаңғырту жұмыстары жүргізілді, 11 қайта өңдеу кәсіпорындары/цехтар іске қосылды, 38 мың тонна құс етін өндіретін құс фабрикасына жаңғырту жұмыстары жүргізілді).

Маусым аралығында халықты көкөніспен қамту мақсатында 2016 жылы 5,5 мың тонналық 5 көкөніс, жеміс сақтау қоймалары іске қосылды, оның ішінде Алакөл ауданында «Қазымбетов» ЖК - 500 тонна, Іледе «Заозерный» ШҚ - 3300 тонна, Талғарда «Исаева»  ШҚ -  600 тонна, Ұйғырда «Тенрикурт» ШҚ - 80 тонна, Талдықорған қаласында «Нурбекова Кулгайша» ЖК - 1000 тонна. Облыста барлығы 159,6 мың тонналық 135 жеміс, көкөніс сақтау қоймалары жұмыс жасайды, оларға 135,2 мың тонна өнім сақтауға салынды.  

Жалпы жылыжай көлемі 71,5 гектарды құрайды, олар 26,1 мың тонна көкөніс өндірді, бұл 2015 жылға қарағанда 8,4% артық. 2016 жылы 7,2 мың гектарлық 4 жылыжай іске қосылды («Кусайнов» ЖК - 1 га, «Green Land Alatau» ЖШС - 5,1 га, «КазАгроСервис»  ЖШС - 0,1 га, «LST Market» ЖШС - 1 га).

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 6,0 мың гектарға ұлғайып, 932,2 мың гектарды құрады.

Жаңадан 1865 гектарға жеміс-жидек дақылдары отырғызылды, оның ішінде жеміс дақылдары 1770 га, жидектер – 81 га және жүзім -14 га.

Облыста 2015 жылға қарағанда дәнді-дақылдардың өндірісі 7,8%, қант қызылшасы  2,1 есеге, майлы дақылдар 4,3%, картоп 1,6%, бақша дақылдары 11,4%, жеміс-жидек 8,1% және жүзім 5,0% өсті.

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру тұрақты ұлғаюда.

Облыста 327,5 мың тонна ет өндірілді немесе 2015 жылға қарағанда 3,7% өсті, сәйкесінше сүт – 692,7 мың тонна (101,8%), жұмыртқа - 1067,5 млн. дана (101,2%).

Жыл басынан 3450 бас мүйізді ірі қара малға арналған 4 бордақылау алаңдары іске қосылды, атап айтқанда Алакөл ауданында «Айманбетов» ЖК - 200 басқа, «Ұшқын» ШҚ - 200 басқа, Райымбек ауданында «МПС» ЖШС - 3000 басқа, Кербұлақ ауданында «Ағзам» ШҚ- 50 басқа.

Облыста барлығы 60 бордақылау алаңдары жұмыс жасайды, оларда 35,6 мың бас мүйізді ірі қара бордақылануда немесе қуаттылығы 83,8% жүктелген, нәтижесінде 2015 жылға қарағанда өндірілген сиыр еті 3,7% артты.

Жамбыл ауданында 600 басқа «Табыс» ШҚ, Қаратал ауданында 400 басқа  «Тастобе АгроФуд» ЖШС-нің тауарлы-сүт фермалары іске қосылды.

Барлығы облыста 11,7 мың бас сиыр ұстайтын 55 тауарлы сүт фермалары жұмыс жасайды, олар жыл басынан  43,7 мың тонна сүт өндіріп, орташа сауылған сүт 3715 кг құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемін ұлғайту бойынша шаралар қабылдануда.

2016 жылы қайта өңдеу кәсіпорындары арқылы 377,4 млрд. теңгенің дайын өнімі өндірілді немесе 2015 жылға қарағанда 14,2% артық. 

Облыс және оңтүстік астана халқын ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан 1231 жәрмеңке өткізіліп, 2,8 млрд. теңгенің өнімі өткізілді.

____________________________________________________



2016 жылдың 9 айы бойынша қорытынды ақпарат

Алматы қаласының айналасынан азық-түлік белдеуін дамыту мақсатында облыста егін шаруашылығы, мал шаруашылығы өндірісін ұлғайту, қайта өңдеу өнеркәсібін және өнімді сақтау инфрақұрылымын дамыту, типтік немесе шағын жанұялы жылыжай жүйесін, тауарлы-сүт фермасын, бордақылау алаңдарын кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Алматы қаласының айналасынан азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде 2009 жылдан бастап құны 88,2 млрд.теңгелік 194 инвестициялық жоба іске асырылды. Бұдан басқа, 34,9 млрд. теңгелік 38 жоба іске асырылуда.

АӨК қолдауға 22,5 млрд.тенге бюджет қаражат қарастырылды, оның – 17,3 млрд. теңгесі немесе 76,8% игерілді, субсидия бойынша бөлінген 18,6 млрд.теңгенің 14,8 млрд. теңгесі игерілді, 8292 тауар өндірушілерге төленді.

«КазАгро» АҚ арқылы 1870 шаруашылыққа 9,6 млрд. теңге несие берілді.

Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 9,9 млрд. теңгеге артты, нақты көлем индексі – 101,6% (01.10.2015 ж. – 394,6 млрд. теңге).

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында өндірілген дайын азық-түлік тауарлары мен сусуындар 236,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 9,3% (01.09.2015 ж. – 216,8 млрд. теңге) артты.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы айналымына 5,8 мың га егістік жер тартылып, барлық егіс көлемі 932,0 мың гектарды құрады, 2015 жылмен салыстырғанда бидай – 7,5 мың га, дәндік жүгері – 4,1 мың га, күріш – 0,8 мың га, қант қызылшасы – 3,1 мың га, картоп, көкөніс және бақша – 0,9 мың га және азықтық дақылдар – 0,7 мың га ұлғайды.

1866 гектарға жеміс-жидек көшеттері отырғызылды, оның ішінде алманың «Апорт» сорты -  23 га.

Облыста жалпы жылыжай көлемі 72,0 гектарды құрайды, оның 74,1% немесе 55,2 гектары Алматы қаласы маңындағы аудандарда орналасқан (Еңбекшіқазақ - 15,8 га, Жамбыл – 8,8 га, Іле – 10,7 га, Қарасай – 11,1 га, Талғар - 2,7 га аудандары мен Қапшағай қаласында – 6,1 га), ағымдағы жылдың 15 қазанына 16,0 мың тонна жылыжайлық көкөніс жиналды.

Мүйізді ірі қара мал саны 1,9%, қой мен ешкі – 1,4%, жылқы – 3,5% және шошқа – 4,8% өсті.

Алматы қаласының маңындағы аудандарда 111 мал бордақылау алаңдары бар (23  мүйізді ірі қара мал бордақылау алаңында 13,6 мың бас, 53 қой бордақылау алаңында – 7,8 мың бас, 26 жылқы бордақылау алаңында  – 277 бас, 9 шошқа бордақылау алаңында – 35,3 мың бас бордақылануда). 

Қайта өңдеу саласында бірінші жарты жылдықта 12 нысан іске қосылды: Алакөл ауданында күніне 430 бөлке нан шығаратын 3 наубайхана, тәулігіне 1,5 тонна балық өңдеу зауыты, жылына 1000 тонна балды ыдысқа салу, Ақсу ауданында күніне 500 кг кондитерлік тағам өндіретін 2 цех, Еңбекшіқазақ ауданында жылына 380 тонна сүт өнімдерін өндіретін цех, Ескелді ауданында жылына 84 тонна шұжық шығаратын цех, Іле ауданында жылына 30 тонна жартылай фабрикат шығаратын 2 цех және жылына 1000 тонна ауыл шаруашылығы малдарының азығы, Панфилов ауданында ұсақ мүйізді малдың жүнін қайта өңдеу цехы.

4 өндіріс кеңейтілді: Еңбекшіқазақ ауданында шарап пен шырын өндіретін «Голд Продукт» АҚ, сүт өнімдерін өндіретін «JLS Сүт» ЖШС Талдықорған қаласында, «Текели ГМЗ» ЖШС Текелі қаласында.

Аталаған шараларды іске асыру нәтижесінде мал шаруашылығында өндірілген мал мен құс еті 3,7% және сиыр сүті – 0,9% артты.

Ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында апта сайын облыс бойынша және Алматы қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жүргізіледі, жыл басынан 930 жәрмеңке өткізіліп, 1597,9 млн.теңгенің өнімі саудаланды, оның ішінде Алматы қаласында 185 жәрмеңкеде 284,9 млн.теңгенің өнімі өткізілді. 


_____________________________________________________


2016 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат


Ағымдағы жылы қаңтар-наурыз айларында ауыл шарцуашылығының жалпы өнім көлемі 58,1 млрд. теңгені құрады, жалпы көлем индексі – 104,4%.

Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдауға бюджеттен 22,5 млрд.теңге бөлініп, оның 4,1 теңгесі игерілді.

Ағымдағы жылдың 18 сәуіріне облыста 555 гектарға бақ отырғызылды, бұл жұмыс жалғасуда.

Облыста жалпы жылыжай көлемі 73,5 гектарды құрайды, оның 54 гектары Еңбекшіқазақ (15,8 га), Жамбыл (8,8 га), Іле (10,7 га), Қарасай (10,3 га), Талғар (2,7 га) аудандары мен Қапшағай қаласында (5,9 га) орналасқан, аталған жылыжайлардан жыл басынан 1277 тонна өнім алынды.

Сыйымдылығы 154,6 мың тонналық 132 картоп, көкөніс және жеміс қоймасы жұмыс жасайды, оның ішінде жалпы сиымдылығы 102,4мың тонна болатын 64 қойма Алматы қаласына жақын орналасқан Еңбекшіқазақ (12 нысан 16,1 мың тн), Жамбыл (1 нысан 9,0 мың тн), Іле (13 нысан 12,6 мың тн), Қарасай (14 нысан 18,1 мың тн), Талғар (9 нысан 9,6 мың тн) аудандары мен Қапшағай (15 нысан 37,0 мың тн) қаласында. Бүгінгі күнге қоймаларда 14,8 мың тонна өнім қалды.

Мүйізді ірі қара мал саны 2,1%, қой мен ешкі – 2,2%, жылқы – 3,2% және құстар – 0,7% өсті.

Облыста ет өндірісі – 5,5 мың тоннаға артып, 69,4 мың тоннаны құрады, сәйкесінше алынған жұмыртқа – 2,1 млн.данаға артып 135,4 млн.дананы, сауылған сүт 20,9 мың  тоннаға ұлғайып 247,3 мың тоннаны құрады.  

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 947 бас мүйізді ірі қара мал аналығы, «Алтын Асық» бойынша 3748 бас саулық, «Құлан» бағдарламасы бойынша 552 бас бие сатып алынды, жоспар сәйкесінше  14,0%, 23,5% және 11,0% орындалды.

Жалпы облыста 49 тауарлы-сүт фермасы жұмыс жасайды, оның ішінде Алматы қаласы маңындағы аудандарда 31 нысан бар, олар жылына орта есеппен 12,6 мың тонна сүт өндіреді.

Ағымдағы жылы Іле ауданында 24 шаруа қожалықтардың бірігуімен сүт өндіру және оны қайта өңдеу бойынша «Ырыс» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі құрылды.

Қайта өңдеу саласында жаңадан 6 нысан іске қосылып, 2 кәсіпорын кеңейтілді, оның ішінде Алматы қаласы маңындағы Іле ауданында «Вест групп сервис» ЖШС жылына 30 тонна жартылай фабрикат өнімдерін өндіретін цех іске қосылды.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қайта өңдеу кәсіпорындары 73,7 млрд. теңгенің дайын өнімін өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 19,6% артты. 

Алматы қаласының айналасынан азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде 2016 жылы құны 56,2 млрд. теңгелік 54 жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде 19,1 гектарға жылыжай шаруашылығы, 22,2 мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңдары, 3,7 мың басқа тауарлы сүт фермалары, 3,5 мың тонналық жеміс-көкөніс қоймалары, 9 қайта өңдеу кәсіпорындары іске қосылып, 3 кәсіпорынға кеңейту жұмыстары жүргізілетін болады.  

Қазіргі кезде Үлкен Алматы айналма жолы (БАКАД) бойынан жылыжай, қойма салу және өңдеу объектілерін ашу бойынша инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде, Талғар ауданында 3 гектарға «Грин Фермер» ЖШС және 5 гектарға «Алатау Агро» ЖШС жылыжай, «Баденко» ШҚ қуаттылығы жылына 50 тонна кептірілген жеміс өндіретін цех, Қарасай ауданында «Бикос Агро» ЖШС 50 гектарға интенсивті бақ отырғызу және 5 гектарға жылыжай салу үшін инвесторлар тартылды.

Ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында 350 жәрмеңке өткізіліп, 295,4 млн.теңгенің өнімі саудаланды. 


Ақсу ауданы Көлтабан ауылы бойынша
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх