Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:
Версия для слабовидящих Мобильная версия
Талдыкорган +21 oC

Информация о проделанной работе за 1 квартал 2018 года

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың
2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының
Алматы облысы бойынша 2018 жылы
орындалуы туралы ақпарат

   

«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Алматы облысына 2018 жылы – 33,0 млрд.теңге қаражат бағытталды, оның ішінде субсидия көлемі – 24,5 млрд.теңге немесе барлық қаражаттың – 74,4 %.

Жұмсалған қаражаттың егін шаруашылығын дамытуға – 5,9 млрд.теңге, су шаруашылығын дамытуға – 2,2 млрд.теңге, мал шаруашылығына – 12,9 млрд.теңге, қайта өңдеуге – 0,2 млрд.теңге, балық шаруашылығына – 0,1 млрд.теңге, инвестициялық субсидиялауға – 3,4 млрд.теңге, бюджеттік несие беруге – 4,3 млрд.теңге, қаржылық қызметтерге – 3,8 млрд.теңге, фитосанитарлық және ветеринариялық қауіпсіздікке – 0,2 млрд.теңге.

2018 жылдың 13 сәуіріне қаржыландыру жоспарына сәйкес 10,7 млрд.теңге игерілді немесе 32,5 %.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша меморандумға сәйкес 2018 жылға 56 индикаторға қол жеткізу жоспарланған, шаралардың технологиялық мерзіміне байланысты 13 сәуірге көрсеткіштер орташа 18,4 %  орындалды.

2018 жылдың 1 тоқсанында 73,0 млрд.теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 102,4%.

 


Дата создания: 27.04.2018 17:07

Дата изменения: 28.04.2018 15:04:08

Информация об очередности
16.05.2016 09:26 Подробнее / Архив
Противодействие коррупции
Государственные программы
Наверх