Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -30 oC
Облыс әкімі А. Баталовтың «Ауылым – алтын бесігім» атты ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарының байқауының гала-концертінде сөйлеген сөзі

Облыс әкімі А. Баталовтың «Ауылым – алтын бесігім» атты ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарының байқауының гала-концертінде сөйлеген сөзі

Талдықорған қаласы,  2017 жылғы 19 қазан                                                                                     

І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы сағат 15.00

 

Құрметті жерлестер!

 

Бүгін «Ауылым – алтын бесігім» атты облыстық байқау өз мәресіне жетіп отыр.

Мәдениеттің өзегі, қайнар бұлағы – ауылдан бастау алатыныны белгілі.  Жыл сайын өтетін Мәдениет күндерін өткізу форматы өзгертіліп, биыл ауылдық мәдениет үйлері мен клубтары қамтылды. 

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру бойынша облыста бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәс­түрлеріне айрықша атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп атап өтуі, «Туған жерге туыңды тік» деген бағдары – бәріміз үшін ел алдында үлкен жауапкершілік жүктейді.

Халқымыздың мәдени әл-ауқатын арттырмай, толыққанды ел болу қиын екені белгілі. Барлық өнердің бастауына айналған ауыл мәдениетінің болашағы – қазақ елінің рухани кемелденуі.  

Сол себепті ауыл жұртшылығына деген көмегімізді аямай, қолдау таныту – біздің басты міндетіміз.

Биылғы «Ауылым – алтын бесігім» атты мәдениет байқауы шалғай елді мекендердегі мәдениет нысандарының жағдайын жақсарту, таланттыларды тану мақсатында өткізіліп отыр.

Қазақстанның халық әртістері Сара Тыныштығұлова, Нұрғали Нүсіпжанов, Нұржұман Ықтымбаев сынды ел мақтаныштарының алғашқы өнер бастауы – ауыл екенін бәріміз жақсы білеміз.

Бұл байқау ауылдық елді мекендердегі мәдениет жұмысының тыныс-тіршілігіне үлкен серпіліс берді. Осы шара арқылы мәдениет нысандарының безендіру жұмыстарына көңіл бөлініп, материалдық-техникалық базаларына баса назар аударылды. Қаншама өнер ұжымдары мен өнер иелері өздерін көрсете білді.

Байқауға облысымыздың 33 мәдениет нысаны қатысты. Бұл шара алдағы жылдары да өз жалғасын табатын болады.

Уважаемые участники встречи,

деятели культуры!

Сегодня, подводя итоги областного конкурса «Аулым – алтын бесігім», следует отметить большую работу в регионе, направленную на развитие культуры.

В настоящее время в области действуют 563 учреждения культуры и архивов.

Ежегодно увеличивается бюджет учреждений культуры. В этом году он достиг 8,3 млрд. тенге.

Только на капитальный ремонт объектов культуры и разработку проектно-сметной документации было выделено 1,1 млрд. тенге.

Ведется капитальный ремонт районного дома культуры Сарканского района, сельских домов культуры в селах Мынбаево Жамбылского района, Бакалы Сарканского района и здания государственного архива в г.Талдыкорган.

Кроме того, разрабатывается проектно-сметная документация для ремонта  еще 5 объектов культуры (филиал государственного архива в Уйгурском районе, сельские дома культуры  Шамалган Карасайского района, Бесагаш Талгарского района, Мусабек Коксуского района, фасад Дворца культуры им. И.Жансугурова).

Важным культурным событием стало открытие мемориального комплекса «Батыр бабалар» в Карасайском районе, построенного на средства меценатов в рамках программы «Туған жер». Новый музей в рамках рабочего визита посетил Глава государства и отметил его уникальную и интересную экспозицию.

Еще одно важное достижение – возведение в Енбекшиказахском районе памятников великому акыну-импровизатору Жамбылу Жабаеву и поэту Туманбаю Молдагалиеву, а также проведение капитального ремонта музея Черкасской обороны в Сарканском районе.

И это лишь некоторые, самые яркие примеры. Проводимая работа в первую очередь направлена на сохранение и передачу подрастающему поколению золотого наследия наших предков. И сегодняшний гала-концерт проводится с этой же целью.

Очень важно, чтобы в каждом городе, в каждом селе клубы, дома культуры стали своеобразными центрами притяжения, важнейшими культурными объектами как для взрослого, так и подрастающего поколения. Уверен, совместными усилиями мы достигнем поставленных задач.

От всей души желаю вам крепкого здоровья, успехов и процветания!

И пусть родной аул для каждого из нас всегда будет местом вдохновения, символом тесной связи с традициями наших предков.

 

Құрметті қауым!

Өнерді, салт-дәстүрді, рухани құндылықтарды – қаймағы бұзылмаған ауылдан табамыз.    

Ендеше, мәдениетімізді, баға жетпес өнерімізді насихаттау жолындағы еңбегіміз еселене берсін.

Ел іргесі тыныш болсын.

Мереке құтты болсын!


Көріністер:  206

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 19.10.17 16:42

Өзгертілген күні: 19.10.2017 16:43:17

Тізімге қайта оралу

Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх