Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +6 oC
Алматы облысы әкімі А.Ғ. Баталовтың "Алтын белгі" иегерлерін құттықтау салтанатындағы сөзі

Алматы облысы әкімі А.Ғ. Баталовтың "Алтын белгі" иегерлерін құттықтау салтанатындағы сөзі

14 маусым 2017 жыл,                                                                                          г. Талдыкорган,

сағат 19.00 парк «Жастар»

 

 

Құрметті «Алтын белгі» иегерлері,

ұстаздар, ата-аналар!

Орта мектепті бітіріп, үлкен өмірге қадам  басқан барша жас түлектерді шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін сіздер үшін де, ата-аналар мен ұстаздар үшін де толқынысты сәт. Қимас мекен, алтын ұяға айналған мектептегі алаңсыз күндер аяқталып, енді алда сіздерді азаматтық жауапкершілігі мол өмір баспалдақтары күтіп тұр. Мектеп қабырғасында алған білімдеріңіз осы үлкен өмір жолында сіздерге серік болады деп сенемін.

Сіздер әлемге Тәуелсіз Қазақстан деп танылған мемлекетте туып-өсіп, ел дамуымен бірге білім алу бақыты бұйырған ұрпақсыздар. Бұл, сіздерге мақтанышпен қатар, зор міндеттер жүктейді.

ХХI ғасыр - мәдениеттің, ғылым мен ақыл-ой жарысының дәуірі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мемлекет бәсекеге қабілетті болуы үшін, бүкіл ұлт бәсекеге қабілетті болуы керек. Ол үшін, әрбір адам өзін-өзі қамшылауы тиіс», - деген болатын.

Сондықтан, сапалы білім алып, оны еліміздің өркендеу жолына салу – азаматтық парыз.

    

Құрметті мектеп бітіруші түлектер!

Адамзат баласы өмір бойы білім алады.  Өйткені, білім – таусылмас қазына, баға жетпес байлық.  Сіздерден жаңалыққа жаны құмар, әлем өркениетіне жақын, озық ойлы жастар ретінде үлкен үміт күтеміз.

Өңірімізде өскелең ұрпақтың терең білім мен тәлімді тәрбие алуына қолайлы жағдай жасалып отыр.

Жасалған жағдайға сай соңғы жылдары облысымызда озат оқитын оқушылардың қатары артып келеді.

«Алтын белгі» иегерлері атанып отырған биылғы түлектердің ішінде республикалық және халықаралық білім сайыстарында биік белестерді бағындырған Ильхамжан Мансуров, Ахмет Бекалиев,  Ноғайбекова Назым, Асылжан Балатұрсынов сынды жастарымыздың бар екенін мақтанышпен атап өткім келеді.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, оқушылардың жоғары жетістіктерге жетуінде мұғалімдердің еңбегі зор.

Бүгінгі күні өңірдегі білім ордаларында республикалық «Үздік педагог» байқауының жүлдегерлері Гүлдана Елшіманова, Айжан Абуова, Эрик Асқарбеков еңбек етуде.

Мұның барлығы – білім беру саласын қолдаудың нәтижесі.

 

Дорогие выпускники!


Школьная пора – это самый светлый и прекрасный период вашей жизни, который останется в вашей памяти навсегда.

Вспомните, как кажется еще совсем недавно вы, такие маленькие, несмышленые и любопытные, пришли на свою первую линейку. Большие белые банты, огромные букеты, радость и удивление на лицах... И вот сегодня перед нами уже юноши и девушки с серьезными взглядами и амбициозными планами на жизнь.

За 11 лет вы прошли долгий путь, прилежно учились и результат не заставил себя ждать. Ведь сегодня, в этот замечательный летний день, мы собрались здесь в честь вас, лучших учеников Алматинской области – пятиста девяноста обладателей почетного знака отличников «Алтын белгі». Это особо торжественное и трогательное событие для каждого. Мы безмерно рады за всех вас!
Особое чувство гордости испытывают ваши родители и педагоги, которые обучали, воспитывали и поддерживали вас во всем.

Уверен, что вы всегда будете помнить их труд, заботу и душевное тепло, бережно пронеся сквозь года чувство искренней благодарности.

Дорогие друзья!

Благодаря огромному вниманию и заботе Главы государства Нурсултана Абишевича Назарбаева, перед вами открывается огромный мир. Главное – это упорный труд, любовь к Родине и ее народу, уверенность, энергичность и настойчивость.

Свою дорогу в жизни каждый человек прокладывает сам. Вы уже немало лет в пути, и сегодняшний вечер символизирует начало его нового витка. Так пусть он будет широким и светлым, украшенным удачей и победами.

Помните, что вы самые талантливые, самые умные и самые успешные. Вы – наша опора, процветающее будущее нашей страны!

От всего сердца желаю всем вам крепкого здоровья, благополучия и радости!

В добрый путь, дорогие выпускники!

 

Құрметті жас түлектер!

Ардақты ұстаздардан білім алып,  тәрбие көрген ұрпақ ретінде ел сенімін ақтап, қасиетті Отанымыздың нағыз патриоттары болатындарыңызға сенемін.

Қай жерде жүрсеңіздер де, қандай мамандық иесі болсаңыздар да, ең бастысы Азамат деген атқа лайық болыңыздар.

 Әрқашан армандарыңыз асқақ, жұлдыздарыңыз жарық, өмірлеріңіз нұрлы, сапарларыңыз сәтті болсын!



Көріністер:  360

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 15.06.17 10:41

Өзгертілген күні: 15.06.2017 10:42:10

Тізімге қайта оралу

Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх