Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +6 oC
Алматы облысы әкімі А.Ғ. Баталовтың Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиындағы құттықтау сөзі

Алматы облысы әкімі А.Ғ. Баталовтың Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиындағы құттықтау сөзі

Құрметті медицина 

қызметкерлері мен ардагерлері!

Баршаңызды бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Адам жанының арашасы болып табылатын дәрігерлердің қоғамдағы орыны ерекше. Халықтың денсаулығын жақсартатын ақ халатты абзал жандарға елімізде ерекше құрмет көрсетіледі.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлт денсаулығы – біздің жарқын болашағымыздың негізі», - деген сөздері сіздердің мамандықтарыңыздың бар болмысын айқындап тұр.

Денсаулық сақтау саласы – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Сондықтан біздің облысымызда бұл  салаға бөлінетін қаржы жылдан жылға артып келеді. Соңғы 5 жылда қаржы көлемі 59 пайызға өсіп, 2017 жылы 83,6 млрд. теңгеге жетті (2012 ж - 52,7 млрд.).

Жыл сайын өңірімізде заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған жаңа медициналық ғимараттар бой көтеруде.

Өткен жылы Талдықорғанда қалалық көп салалы аурухана салынып, пайдалануға берілді. Елбасымыз Жетісуға ресми сапары барысында аурухананың жұмысымен танысып, өз ризашылығын білдірді.

Талдықорғанда орналасқан медицина мекемелері топтасқан 3 қалашық облыс орталығының  көркін ашып тұр.

Жалпы, 2017-2018 жылдары өңір бойынша 22 денсаулық сақтау нысанын салып, қолданысқа беру жоспарланып отыр.

Өткен жылы 14 медициналық мекеме күрделі жөндеуден өтсе, биыл тағы 8 мекеме жөнделуде.

2016 жылы 2,5 миллиард теңгеге 123 медициналық құрал-жабдықтар алынып, науқастардың игілігіне жұмыс істеуде.

Бұл ретте жоғары сапалы медициналық көмек көрсететін жекеменшік денсаулық сақтау мекемелерін атап өткен орынды.

«Нұр-Авиценум», «ХАК», «Ай-Ди-Сенім», «Көксу-Мед» сынды ұйымдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсетуде.

Өңірімізде «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы табысты іске асырылып келеді. Бұл – сіздер атқарып жүрген ортақ істің оң нәтижесі.

Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуда алдымызда үлкен міндеттер тұр. Олар: әлеуметтік медициналық сақтандыруды, медициналық қызметтер сапасының бірегей стандарттарын, «электрондық медицина» қызметтерін енгізу, ана мен бала денсаулығын сақтауды күшейту, жеке медицинаның дамуына жағдай жасау.

Сіздерді осындай ауқымды істерді күш біріктіре отырып атқаруға шақырамын. Өйткені денсаулығы мықты, тәні сау, санасы сергек азамат қана елдің дамуына елеулі үлес қоса алады.  


Уважаемые медицинские работники и ветераны!

Сердечно поздравляю вас с вашим профессиональным праздником!

Во все времена благородная профессия врача заслуженно пользуется особым почетом и уважением в обществе. Забота о здоровье человека является основой деятельности профессионалов в белых халатах, готовых в любую минуту оказать каждому эффективную медицинскую помощь.

В нашей стране благодаря политике, проводимой Президентом страны Нурсултаном Абишевичем Назарбаевым, приоритетное внимание уделяется поддержке и развитию здравоохранения, укреплению материально-технической базы.

Наши медицинские учреждения оснащаются самым современным оборудованием, внедряются новые эффективные методы лечения, повышается качество оказания медицинских услуг.

В этом году по всей стране внедряется система обязательного социального медицинского страхования, которая позволит людям более ответственно относиться к своему здоровью. В несколько раз расширятся возможности обеспечения населения современным, качественным и доступным спектром медицинских услуг. Поэтому сейчас очень важно правильно разъяснять основные принципы системы ОСМС, рассказывать о плюсах и приносимой пользе.

Дорогие земляки!

Благодаря государственной поддержке в Алматинской области проводится большая работа по развитию системы здравоохранения.

На сегодняшний день двух миллионному населению области медицинская помощь предоставляется 826 учреждениями, из которых 663 государственных и 163 частных. В них трудятся свыше 19 тысяч медицинских работников.

Ежегодно в медицинские учреждения области прибывают до 150 молодых специалистов, для которых предусмотрены меры социальной поддержки.

Большое внимание уделяется повышению квалификации медицинских кадров, ежегодно более 50 врачей проходят стажировку в ведущих клиниках Великобритании, Израиля, Кореи, Российской Федерации.

Умело используя полученные знания, наши специалисты расширяют спектр оказания высокотехнологичных медицинских услуг в области кардиохирургии, детской хирургии, травматологии, неонатологии, офтальмологии.

Среди них травматологи Малаев Талгат Аманбекович, Монгол Анарбек Монголханович, кардиохирурги Наримбаев Аскар Салимович, Машимбаев Ерлан Классович, Абишев Жумахан Калиакбарович, нейрохирурги Бабажанов Ермек Муканович, Жанайдаров Жанибек Сырымович, детские хирурги Турускин Вадим Григорьевич, Жанузаков Бауыржан Бидайбекович, офтальмолог Имашев Кайрат Тлектесович и многие другие профессионалы, каждого из которых отличает высокая ответственность, любовь к делу и постоянная готовность прийти на помощь к тем, кто в ней нуждается.

Сегодня хочу выразить слова признательности ветеранам сферы здравоохранения, таким как Бердибеков Леспек Конысбекович, Букеева Алтынгуль Аязбаевна, Лисовик Александр Петрович, Турсынбекова Бакыт Ергабыловна, Цой Роберт Викторович, Белошапкин Александр Иванович, которые внесли неоценимый вклад в дело укрепления здоровья населения.

Не смотря на достижения имеется дефицит кадров, составляющий 106 единиц. Для решения этого вопроса проводится качественная работа, включая обеспечение доступным жильем. Разрабатывается ПСД типовых домов для медицинских работников. И эта работа будет продолжена.

Дорогие друзья!

Однажды дав клятву Гиппократа, на своих рабочих местах вы ежедневно творите маленькие чудеса – облегчаете боль, дарите надежду, исцеляете и возвращаете радость жизни.

В этот праздничный день примите сердечную благодарность и искреннюю признательность за ваше человеколюбие и душевное тепло, терпение и выдержку, самоотверженный труд и верность призванию.

С честью выполняя свой профессиональный и человеческий долг, вы бережете и сохраняете высшую ценность на земле – жизнь и здоровье человека.

Желаю вам, вашим родным и близким крепкого здоровья, благополучия, счастья и успехов!

Құрметті медицина қызметкерлері!

Бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтаймын! 

Қажырлы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін.

Саламатты ұлт қалыптастыру жолындағы еңбектеріңіз жанып, халықтың ыстық ықыласына бөлене беріңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!


Көріністер:  412

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 15.06.17 16:00

Өзгертілген күні: 15.06.2017 16:12:35

Тізімге қайта оралу

Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх