Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +8 oC
Алматы облысының әкімі А. Баталовтың Ардагерлер ұйымының 30 жылдығында сөйлеген сөзі

Алматы облысының әкімі А. Баталовтың Ардагерлер ұйымының 30 жылдығында сөйлеген сөзі

Ардақты ардагерлер!

Қадірменді қариялар!

 Сіздерді Ардагерлер ұйымының 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Баршаңызға ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт тілеймін!

Жетісудың абыройы мен беделін арттырудағы ерен еңбектеріңіз жана берсін!

 «Өсетін елдің қарты – қазына болар» деген даналық сөз бар. Тәуелсіз елдің ұлағатты ұлын, инабатты қызын тәрбиелеуде – қазыналы ата-әжелердің орны бөлек.  

Өздеріңіздей аға тұтар алдыңғы буынның жүріп өткен жолы – болашақ  үшін үлкен өмірлік мектеп.

Ежелден біздің халқымыз үлкенді құрметтеп, ақылман ақсақалдарды ардақтап, төрден орын берген. Ал, еліміздегі өнегелі дәстүрді ұстанған, өздері бір «даналық университеті» бола алатын – Ардагерлер ұйымының атқарар қызметі ерекше.   

Өйткені, ардагерлер қоғамдық өмірдің барлық саласына араласып, ел дамуына еңбек етуде.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлы Дала ұлағаттары» еңбегінде: «Бізде Ардагерлердің республикалық кеңесі бар. Ол – жанды, жігерлі ұйымдардың бірі. Жұмыстары да қауырт. Мемлекеттің мерейлі де маңызды мәселелердің бәріне үн қосып, белсенділік танытуда», – деп ардагерлерге ерекше құрмет көрсетіп, ұйым жұмысын жоғары бағалады.

Тарихқа көз жүгіртсек, қаншама ғасырлар бойы шежірелі, данагөй қарттарымыз –   халқымыздың береке-бірлігін арттырып, елдің айбыны бола білген. Ақыл мен парасатын тең ұстап, ежелгі салт-дәстүрді бұзбай, қазіргі бақытты шаққа жеткізген де сол қазыналы қарттар болатын.   

Бүгінде ата-баба жолы жалғасып, ұлылық пен ұлағатты бойына сіңірген алдыңғы буын ағалар Қазақстанның әлемге танылуына үлкен еңбек сіңірді.    

Республикалық ардагерлер ұйымын әр жылдары еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан Шәңгерей Жәнібекұлы Жәнібеков, Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов, Махтай Рамазанұлы Сағдиев,  Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов сынды беделді біртуар тұлғалар, көрнекті қоғам қайраткерлері басқарды. Бүгінгі таңда ұйымға Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов басшылық етіп отыр.

Республикалық ұйымның қарқынды жұмысына облысымыздың ардагерлері де белсенді араласуда.

Жетісу жеріндегі Ардагерлер ұйымы 1987 жылы 20 ақпанда құрылған. Бүгінде құрамында 215 мыңнан астам зейнеткер бар, олардың 181-і Ұлы Отан соғысының ардагері.

Бүгінгі күні белсенді ардагерлеріміздің сапын Сейітхан Ахметұлы Исаев, Батима Есболатқызы Сақауова, Кеңес Мұстаханұлы Аухадиев, Социалистік Еңбек ерлері Төлеген Құлахметов, Күләш Айтжанқызы Айтжанова, танымал жерлесіміз Әлімғазы Смағұлұлы Райымбеков сынды қарияларымыз бастап жүр.

Биыл 106 жасқа толған Ұйғыр ауданындағы Күрішбек Көжекбаев атамыз «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық турында жеңімпаз атанып, республика деңгейінде Жетісу жерінің абыройын асырып қайтты.

Халқымызда:

«Есік алдында төбе болса,

Ерттеп қойған атпен тең.

Ауылыңда қария болса,

Жазып қойған хатпен тең»,- деген сөз бар. Мағынасы терең сөз.  

Өткеніміз бен бүгінімізді саралап, кемел келешегімізді бағамдап, дұрыс жол таңдауда – кеудесі күмбірлеген қариялардың берері мол.   

Бүгінгі кездесудің алдында бірқатар ардагерлерді қабылдап, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде әңгіме өрбіттік.

Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған Батима апамызға арнайы барып, елдің атынан құттықтап келдім.

«Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» дегендей, біз әрқашан өмірлік тәжірибесі мол аға буынды үлгі тұтып, келелі істі бастауда кеңесіп отырамыз.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жариялаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың жолдарын өздеріңізбен ақылдасудан бастап, арнайы кездесу ұйымдастырдық.

Ардагерлеріміз өскелең ұрпаққа өнеге болатын көптеген шаралар өткізіп келеді.

Мысалы, Ұлы Отан соғысының  70 жылдығына арналған «Қайран ерлер – қаһарман ардагерлер» атты фестиваль, «Батагөйлер» байқауы, биыл "Қарттардың да өнерге бар таласы» атты байқауының гала-концерті, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Жарасымды көршілер – сенімді әріптестер» акциясы, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар және тағы басқа көптеген шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылуда.

Әр ауданда құрылған әжелер ансамбльдері өз өнерлерін көрсетуде. Мұның барлығы Сіздердің қайрат-жігерге толы істеріңіздің арқасы деп айта аламын.

Уважаемые ветераны!

Примите самые искренние поздравления с 30-летием со дня создания Ветеранской организации. Это дата – большое и знаменательное событие для всех нас.

Сегодня в рядах республиканской организации ветеранов насчитывается около двух миллионов человек, а в областной – более 215 тысяч ветеранов.

Благодаря государственной поддержке в нашей области вопросам улучшения качества жизни ветеранов уделяется огромное внимание.

В честь 72-летия Победы участникам и инвалидам Великой Отечественной войны из областного бюджета было выплачено денежное пособие.

Согласно поручения Главы государства большое внимание уделяется вопросу обеспечения инвалидов и участников Великой Отечественной войны жильем. Так с года празднования 70-летия Победы до сегодняшнего дня по области 90 ветеранам выданы квартиры.

На постоянной основе участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, лицам, приравненным к ним, вдовам воинов Великой Отечественной Войны, лицам, награжденным орденами и медалями за самоотверженный труд, предоставляется бесплатное санаторно-курортное лечение. Только в текущем году за счет областного бюджета было закуплено около 1600 (1588) путевок.

Мы в следующем году планируем выделить средства для санаторно-курортного лечения для тружеников тыла.

Отдельно стоит отметить систему организации медицинской помощи старшему поколению.

Ветераны не остались в стороне от самого главного международного проекта нашей страны – специализированной выставки «Астана ЭКСПО-2017». Около 1000 ветеранов области посетили выставку.

Это лишь малая часть того, что мы можем сделать для вас в благодарность за ваш сложный боевой и трудовой путь, за мирное небо над головой, за мудрые советы и поддержку.

Дорогие ветераны!

Пользуясь случаем, хочу подчеркнуть вашу особую роль в реализации Президентской программы «Рухани жаңғыру».

Именно вы, уважаемые ветераны, являетесь примером для подражания, эталоном высокой любви к Родине и поэтому нам как никогда нужна ваша поддержка в воспитании молодежи в духе казахстанского патриотизма.

Еще раз поздравляю вас с праздником!

Желаю долгих лет жизни, бодрости духа и неиссякаемой энергии!

Құрметті ардагерлер!

«Қарты бар елдің – қазынасы бар» дегендей, Сіздер халқымыздың – баға жетпес байлығысыздар!

Жетісу жерінің аты мақталып жатса, тұлпары бәйгеден озып келсе, ұл-қызы топ жарып, қуантса – осының барлығы Сіздердің арқаларыңыз деп білемін. Себебі, Сіздер – елдің береке-бірлігін арттырып, жол көрсетер үлкен жүректі жансыздар.

Әлі де алдымызда қорған болып, әр ісімізге сәтті қадам тілеп жүре беріңіздер.

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Әрқашан елге тірек  болып, аман-сау жүре берулеріңізге тілектеспін.

«Көп жасаған қария,

Ақылы теңіз-дария», - дегендей, Сіздердей  абзал жандар барда жас ұрпақ Сіздерден үлгі алып, биік белестерді бағындырары сөзсіз.  

Ел бірлігі мен тұтастығына, Ұлы Даламыздағы өркениетті істерге қосар үлестеріңіз мол болсын!

Мерейтой құтты болсын!


Көріністер:  349

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 30.10.17 17:23

Өзгертілген күні: 30.10.2017 17:27:40

Тізімге қайта оралу

Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх