Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +8 oC
Алматы облысының әкімі А.Ғ.Баталовтың ауылшаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзі

Алматы облысының әкімі А.Ғ.Баталовтың ауылшаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзі

                                              

   Қадірменді қауым!
Құрметті ауылшаруашылығы саласының қызметкерлері!

 

 Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтаймын. Еңбектеріңіз жемісті, істеріңіз берекелі де табысты болсын!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қай қоғамда да адам еңбегімен қадірлі. Кәсіп дегеніміз – табысты өмірдің өзі» деген болатын.

Ауыл шаруашылығы экономиканың негізгі драйверлерінің біріне айналып келеді. Сондықтан да, ауыл шаруашылығын дамыту ел экономикасының, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруда өзінің зор үлесін қосуда.

Мемлекеттік бағдарламалардың сәтті жүзеге асу нәтижесінде облыстың өндірістік көрсеткіштерінде тұрақты өсім қалыптасты, ауыл халқының тұрмыс деңгейі көтеріліп келеді.


Өңіріміздегі ауыл шаруашылығы саласының өнімділігі жыл санап арта түсуде. Агроөнеркәсіп саласының облыстың ішкі жалпы өңірлік өніміндегі үлесі 16 пайызға жетуі оның нақты дәлелі.

Ағымдағы жылы қант қызылшасының өндірісінде 5 сервистік дайындау орталықтары құрылды.

Егін шаруашылығында 2016 жылмен салыстырғанда дәнді-дақылдардың жалпы түсімі - 1,5%, қант қызылшасы – 37,5,  майлы дақылдар  – 9,5, көкөніс, бақша  және жеміс, жидек дақылдары – 3,6% артты.

«Көз қорқақ, қол батыр» демей ме аталарымыз. Бүгінгі күні Алматы облысы қант қызылшасын өсірудегі бұрынғы жетістігіне көтеріліп келеді. Оған жарқын дәлел – биылғы жылы қант қызылшасы алқабын 9,2 мың гектарға жеткіздік, (әр гектардан 360,5 центнер) жалпы 331,5 мың тонна қант қызылшасы өндірілді.

2021 жылға дейін бұл дақылдың көлемін облыс бойынша 14,0 мың гектардан асырып, өнімділігін 400 центнерге жеткізіп, жалпы 560-620 мың тонна өнім жинап, 55-60 мың тонна қант өндіреміз деген межеміз бар.     Мемлекет тарапынан қант қызылшасының егіс алқаптарын ұлғайту, өнімділікті арттыру үшін орасан зор жеңілдіктер жасалып отыр, біз бұндай мүмкіндікті дұрыс пайдалана білуіміз керек. Саланы дамыту үшін жергілікті бюджеттен 5,1 млрд. теңге бөлініп, соңғы 4 жыл ішінде 18 сервистік орталық құрылып, 553 жаңа техника сатып алынды.

Алынған өнімді өңдеу мәселесі шешілді, Көксу қант заводы модернизациядан өтіп, үшінші жыл табысты жұмыс істеуде. 2017 жылдың наурыз айында Ақсу қант зауытын қайта қалпына келтіру мақсатында өзара ынтымақтастық туралы Алматы облысы әкімдігі мен «Энергомост» Консорциумы арасында Меморандумға қол қойылып, қысқа уақыт ішінде толыққанды жұмыстар атқарылды. Нақты жұмыстың нәтижесінде завод іске қосылып алғашқы өнімін шығаруда.            

  Зауытты іске қосу арқылы тікелей зауыттың өзінде - 500, қант қызылшасы өндірісінде үш жарым мыңнан аса жұмыс орны құрылатын болады. 2018 жылы бұл аймақтарда тағы 7 сервистік орталық ашылады, яғни қант қызылшасы дақылының көлемі 2000 га ұлғаяды деп күтілуде.         

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2020 жылы қосымша 126 мың гектар суармалы жер ігіс айналымына енгізіліп, өнім көлемі 80 млрд. теңгеге арттырылады.  Облыста интенсивті бақтарды дамытуға үлкен көңіл бөлінген, бүгінгі таңға олардың көлемі 2244 гектарға жеткізілді. Облыс тұрғындары мен Алматы қаласын маусым аралығында көкөніспен қамтамасыз ету үшін бірінші кезекке өндірістік типті жылыжайлар кешенін дамыту қойылған.

Бұл бағытта аумағы 13,5 гектар болатын 11 жылыжай іске қосылды, жыл соңына дейін 1,3 гектар алқаптағы  2 жылыжайды іске қосу жоспарлануда.

Жалпы 74,9 гектар жылыжайдан 21,7 мың тонна көкөніс өндірілді.   

Ауыл шаруашылығындағы басты салалардың бірі  - ол мал шаруашылығы. Мал шаруашылығында 10 айдың қорытындысы бойынша мал басы артып, өнім көлемі 3,2  пайызға өсті.

Етті бағыттағы мал шаруашылығын дамытуға арналған несиелік бағдарламаларға 54 шаруашылық қатысып,  жалпы саны 24 мың бас сиыр, қой және жылқы сатылып алынды («Сыбаға» - 5,8 мың, «Алтын Асық» - 11,8 мың, «Құлан» -  1,5 мың бас).  

Облыста барлығы 60 бордақылау алаңдары мен 55 тауарлы сүт фермалары жұмыс жасайды.

Талғар ауданындағы «Байсерке Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тауарлы сүт фермасы 840 басқа кеңейтілді.  Қаратал ауданындағы «Тастөбе Агро Фуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 200 бас, Көксу ауданында «Каримов» жеке шаруашылығы 400 басқа арналған тауарлы сүт фермасын ашып, Германиядан 164 бас ірі қара мал сатып алынды. 

Бұдан басқа, 6 840 басқа 6 бордақылау алаңдары мен 500 басқа 6 тауарлы-сүт фермасының құрылысы жүргізілуде, 6 000 басқа арналған шошқа фермасын қайта жабдықтау жұмыстары іске асырылып, 1,5 мың тоннаға жуық ет экспортталды (сиыр еті – 18 тонна, қой еті – 10 тонна, құс еті – 1,4  мың тонна).

Атқарылған жұмыстар мен қабылданған шаралар нәтижесінде ағымдағы жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі  былтырғы жылғы көрсеткіштен 67 млрд. теңгеге артып, 648 млрд. теңгені құрамақ.

Облыстың агроөнеркәсіп саласына 42,6 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды, 62 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 3,2 мың жаңа жұмыс орындары ашылды.   

В рамках реализации соглашений, подписанных в ходе визита Главы государства Нурсултана Абишевича Назарбаева в Иранскую Республику ведется строительство мясоперерабатывающего комбината мощностью 8 тысяч тонн в год в Жамбылском районе (ТОО «Империя Фуд»).

В рамках Плана нации «100 конкретных шагов» подписан меморандум с немецкой компанией «Бауман» о строительстве завода по переработке баранины мощностью 17 тыс. тонн продукции в год.  

Для размещения подобных объектов перерабатывающей отрасли в текущем году на территории спутника-города «Гейт Сити» в Илийском районе создана индустриальная зона «Береке» на площади 535 гектаров.   

В настоящее время с учетом эффективности государственной поддержки в области организовано 193 сельскохозяйственных кооператива, из них по приоритетным направлениям - 146, тем самым план перевыполнен на 32%.

В созданные кооперативы объединено 3400 участников, вовлечено более 15 тысяч домашних хозяйств.

Заготовлено кооперативами 1038 тонн мяса, 4900 тонн молока, 5343 тонны плодов и овощей.

Особое внимание уделено субсидированию производства приоритетных сельхозкультур.

Для стимулирования увеличения объема и улучшения качества продукции субсидии   выплачиваются за тонну продукции, сданной на переработку. 

Ярким примером является субсидирование производства сахарной свеклы, где часть субсидий была привязана на объем продукции, сданной на переработку.

Учитывая новые подходы государственной программы -  агропромышленный комплекс области должен быть ориентирован на производство качественной и конкурентоспособной продукции на рынке.

 

Уважаемые труженики сельского хозяйства!

Искренне поздравляю всех вас с праздником! Желаю вам процветания и благополучия, высоких урожаев и достойной прибыли! Спасибо вам за плодотворный труд!

Құрметті жиынға қатысушылар!

Бүгін мереке күнінде ауыл шаруашылығы өндірісінің озат қызметкерлерін мақтанышпен атап өткенді жөн санап отырмын.

Атап айтқанда,  «Жақсылық» шаруа қожалығының басшысы Жақсылық Үшкемпіров (Балқаш ауданы), «Байсерке Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлы (Талғар ауданы), «Адал» агроөнеркәсіп кешені» акционерлік қоғамының бас директоры Смайылов Серік Жолдасбекұлы (Енбекшіқазақ ауданы), «Хильниченко и К» коммандиттік серіктестігінің директоры Хильниченко Виктор Петрович (Ескелді ауданы), «Компания Сарыбұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Смайылов Жеңіс Жексенбіұлы (Іле ауданы), «ӨтесБиоАзия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нұрланов Дүйсенбек (Балқаш ауданы), «Қыдырәлі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Шеңгелбаев Секен Сейтжанұлы (Көксу ауданы), «Молжігітов» шаруа қожалығының басшысы Молжігітов Исатай Төлеубекұлы (Қаратал ауданы), «Империя Фуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Джавидан Арман (Жамбыл ауданы), «Нүсіпов және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нүсіпов Қанатхан Тақтаубекұлы (Алакөл ауданы), «Нам» шаруа қожалығының басшысы Нам Герман Николаевич (Ескелді ауданы), «Әмір-Айша» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Есімжанов Серікжан (Сарқан ауданы), «Ернар» шаруа  қожалығының басшысы Жапарқұл Тасқын Тұрғанқазыұлы (Панфилов ауданы) және тағы басқа ауыл еңбеккерлері міндеттерді табысты орындауда.

Сіздерге ерен еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін!

 

Құрметті ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері!

Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Қажырлы еңбектеріңізге жеміс тілеймін.

Еліміздің өркендеуі жолында еңбектеріңіз жана берсін.

Назарларыңызға рахмет!

 



Көріністер:  352

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 30.11.17 14:22

Өзгертілген күні: 30.11.2017 14:23:26

Тізімге қайта оралу

Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх