Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +33 oC
Алматы облысының әкімі А.Ғ. Баталовтың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзі

Алматы облысының әкімі А.Ғ. Баталовтың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзі

Талдықорған қаласы,                                                                      2017 жылғы 15 желтоқсан,

"Жастар" спорт сарайы                                                                   сағат 15.00

   

Құрметті қауым!

Қадірменді жетісулықтар!

Сіздерді қасиетті де қастерлі мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасымыз атап өткендей, Тәуелсіздік күні – өз болашағымызды өзіміз айқындауға  қолымыз жеткен Ұлы күн. Тәуелсіздік – күшті рухпен және мықты мінезбен ұстап тұруға болатын тарих толқыны.

Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасында мемлекет құруымыз -  Ұлы дала төсіндегі бабалардың асқақ арманы мен тілегінің орындалуы.

Осыдан 26 жыл бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына сенемін», – деген еді.

Міне, бүгінде Елбасының сенімі орындалып, ел үміті ақталды!

Еліміз  – Көк байрағын желбіретіп, асқақ рухты Әнұранын қалықтатып, егемен елге айналды.

Әлемдік қауымдастыққа «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты ел барын айқын көрсетіп келеміз.

Тұңғыш Президентіміздің сындарлы саясатының нәтижесінде шекарамызды халықаралық шарттарға сай белгілеп, көрші елдермен достығымызды нығайттық.

Алыс-жақын шетелдермен саяси-экономикалық байланысымызды жүйелеп, даму жолына түстік.              

Сайын дала Сарыарқаның төрінен бас қаламыз Астанамыздың шаңырағын көтердік. Бүгінде Елордамыз әлем жұрты алдында айбарлы да асқақ қалаға айналды.

Жыл сайынғы Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да Тәуелсіздікті нығайтуға бағытталды.

Еліміз үшін тағы бір тарихи кезең ол – ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі. Әлем назарын өзіне аударған шараға жетісулықтар да атсалысты.

Мемлекет басшысы ертеңімізге жарқын қадам жасайтын «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын ұсынды.

Бұл бағдарлама шынымен де қазақ халқына жаңа серпіліс алып келді.

Осы бағытта облысымыздың барлық өңірінде рухани жаңғыруға арналған көптеген тарихи-мәдени шаралар іске асырылуда.

Осының барлығы – дамыған 30 елдің қатарына қосылуға қадам жасаған Қазақстанның даму жолындағы жетістіктері.         Ел іші тыныш, іргеміз бүтін болса, Қазақ елінің алар асуы мен шығар биігі – әлі алда.          

Бүгінгі шыққан биігіміз сіздердің ерен еңбектеріңіздің, ел игілігі үшін атқарған жұмыстарыңыздың нәтижесі.

Уважаемые участники собрания!

В этом году наша страна отмечает 26-ую годовщину со дня обретения Независимости.

Это довольно небольшой отрезок времени с исторической точки зрения.

Но за этот период наша страна состоялась как новое государство с динамично развивающейся экономикой и широкими перспективами роста.

Благодаря позитивным переменам, произошедшим за годы Независимости, Казахстан получил повсеместное  международное признание.  И каждое достижение неразрывно связано с именем Первого Президента – Лидера нации Нурсултана Абишевича Назарбаева.

 За годы независимости мы радикально реформировали собственную экономику, что позволило Казахстану стать крупной державой, являющейся мощным связующим звеном между Европой и Азией.                                              Успешный опыт Казахстана по налаживанию бесконфликтных меж-национальных и межконфессиональных отношений признан государствами мира.

Как полноценный член мирового сообщества республика приобрела право голоса при участии в решении вопросов регионального и глобального характера.

И сегодня наша страна продолжает успешно развиваться, проводить демократические преобразования, каждое из которых в первую очередь направлено на повышение благосостояния граждан. 

Құрметті жерлестер!

Қазақстанның гүлдене түсуіне Алматы облысының қосқан үлесі мол.

Жетісу өңірі – табиғи ресурстарға бай, географиялық орналасуы қолайлы, еңбекқор халқы бар, инвестициялық климаты оң аймақтардың бірі.

Биыл облыс тұрғындарының саны  2 миллионнан асып отыр. Бұл біз үшін өте үлкен қуаныш.

Өнеркәсіп пен аграрлық саладағы табыстарымыз да мол.

Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім бүгінгі күні 2 трлн. теңгеден асты. Жалпы республикалық деңгейдегі үлесіміз 4,7 пайызға дейін өсті.

Өнеркәсіп саласында 1800 кәсіпорын жұмыс істесе, олардың 20-сы трансұлттық компаниялардың үлесі бар, өнеркәсіптік өнімнің үштен бірін шығарып отырған, ірі және танымал кәсіпорындар («Кока-Кола», «Данон», «РДжиБрэндс», «Эфес», «ДжейТи Ай», «Филип Моррис», «Кнауф», «Тикурилла»).

Өңдеу секторының үлесі 85%-ға жетіп отыр. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

17 пайыз үлеспен ауыл шаруашылығының жалпы өнімі бойынша біздің облыс елімізде алғашқы орында.

Биылғы жылы агроөнеркәсіп кешеніне  36 млрд. теңге инвестиция тартылды.

Ауыл шарушылық дақылдарының аумағы 948 мың гектарға жетті. Оның 17 пайыздан астамы алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану арқылы өңделеді.Мұндай жұмыстың нәтижесінде астықтың өнімділігі орта есеппен 34 пайызға өсті.

Суармалы жерлердің аумағын арттыру мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттерден қажетті қаржы бөлінуде, Ислам даму банкінінен несие алынуда.

Облыс еліміздегі қант қызылшасын өндіруші өңір атағын қайтарды. Биылғы жылы қант қызылшасы 9 мың гектар жерге өсірілді. 330 мың тонна өнім алынып, одан  30 мың тоннадан астам қант өндірілді.

Мал шаруашылығы да қарқынды дамуда. Облыс ірі-қара малдың, қой және ешкінің саны бойынша алдыңғы орындарда. Соңғы екі жылда құрамында 13 мыңнан астам жеке шаруашылық бар 239 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды.

Өңдеуші кәсіпорындарды орналастырудың нақтыланған Картасы дайындалды. Оның аясында біз 37 кәсіпорын ашу және жаңарту жоспарлануда. Осы арқылы өңдеудің көлемін арттырамыз.

Облыстың білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, шағын және орта бизнес салаларында және басқа да бағыттарда оң нәтижеге қол жеткізілді.

Биылдың өзінде өңірде 133 білім беру нысаны, оның ішінде 27 орта мектеп және 96 жеке меншік балабақша қолданысқа берілді.

Облыс орталығы – Талдықорғанды дамыту басты назарда.

Жақында Салтанат сарайы, Көрме кешені сынды нысандардың ашылғанын білесіздер. Алдағы уақытта қалада жаңа театр ғимараты, әлемдік стандарттарға сай жабық жүзу бассейні және халыққа қажетті басқа да ғимараттар ашылады.

Уважаемые жетысусцы!

Впереди нас ждут новые свершения и новые победы.

Говоря словами нашего Президента: «Самое главное – мы построили независимое государство, основанное на мире и согласии. Мы сформировались как единая нация, устремленная в будущее. Мы создали новое общество, приверженное общечеловеческим ценностям».

Уверен, что успешно выполняя задачи, поставленные Главой государства, жители региона продолжат вносить весомый вклад в развитие нашей страны.

Жетысу гордится всеми вами, кто своим ежедневным упорным трудом способствует процветанию родной области.  И пусть молодое поколение равняется на вас.

От всей души желаю всем крепкого здоровья, благополучия, счастья, новых успехов во всех начинаниях на благо нашей Родины.

И пусть растет и процветает наш независимый Казахстан!

Ардақты ағайын!

Бүгін 65 жерлесіміз мемлекеттік наградаға және 9 адам «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағына ие болып отыр.

Соның ішіндегі Алматы облысының абыройын көтергені – бүкіл қазақтың мақтанышы Жақсылық Үшкемпіровтің ең жоғарғы марапат – «Қазақстанның Еңбек ері» атағын алуы.

Мұндай айтулы оқиға облыстың дамуының оң нәтижесінің жемісі деп ойлаймын.

Үлкен марапатты Ақорда төрінде Президентіміздің өзі табыс  етіп, кеудесіне тақты. Бұл – облыстың мерейі!

Сонымен қатар, мерекеге орай даңқты жерлесіміз, космонавт, Халық қаһарманы Айдын Айымбетов «Алматы облысының құрметті азаматы» атанып отыр.

Ел арасында кеңінен танымал тұлғалар бүгін Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан мерекелік шараның құрметті қонақтары ретінде Астана қаласында.

Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті қауым!

Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

Табыстарыңыз мол, шығар асуларыңыз биік болсын!         

Көк туымыз тұғырлы, Тәуелсіздігіміз ғұмырлы болсын!


Көріністер:  505

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 15.12.17 16:44

Өзгертілген күні: 20.12.2017 16:48:44

Тізімге қайта оралу

Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх