Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +3 oC
Алматы облысының әкімі А.Ғ. Баталовтың Наурыз мерекесінде сөйлеген сөзі

Алматы облысының әкімі А.Ғ. Баталовтың Наурыз мерекесінде сөйлеген сөзі

Құрметті жетісулықтар!

Қадірлі қала қонақтары!

Ұлыстың ұлы күні, Жыл басы – Наурыз мерекесімен сіздерді шын жүректен құттықтаймын!

Әз-Наурызда баршаңызға бақыт пен қуаныш, әр шаңыраққа шаттық пен ырыс тілеймін!

Наурыз мейрамы тәуелсіз елімізге, Жетісу жеріне құт-береке әкелсін.

Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!

Бұл күні – күн мен түн теңелетін қасиетті күн.

Адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін ай.

Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен ынтымақтың мерекесі. Бұл күні өткен күнге ой салып, келешекке жоспар құрамыз, тәуелсіз еліміздің өсіп, өркендеу жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз. 

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Ұлы өркениетімізден тамыр тартқан Ұлыстың ұлы күні – Ай мен Күндей, әлемге бірдей адамзаттың ортақ қазынасына айналды»,- деген болатын.    

Көпті көрген дана қариялар: «Қасиетті көк тасты балқытатын Наурыз тойында – көктем шуағымен көңіл кірі шайылып, көкіректе реніш қалмауы керек»,- дейді.

Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тапқан.

Тәуелсіздік алғаннан бері Наурыз жаңа сипатқа ие болды. Ұлтына, діни сеніміне қарамастан еліміздегі барлық ұлттар мен ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды.     

Халықтар арасындағы бірліктің, достықтың, бауырмаластық қарым-қатынастың нығаюына, әр ұлттың салт-дәстүрінің дамуына  үлкен әсерін тигізуде.

Өздеріңіз білетіндей өткен жылы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өттік.

Ширек ғасырда еліміз әлемге танылды, биік табыстарға қол жеткізді.

Өткен 25 жылдың әр сәтінде –  халқымыздың нұрлы болашаққа деген үлкен үміті, ақ арманы жатыр. Еліміз заман талабына сай жаңарып, конституциялық реформаларды іске асыруда.

Мәңгілік Еліміздің бағындырар белесі, алар асуы көп. Ең бастысы, біздің халқымыздың ынтымағы жарасты, бірлігі  бекем.  

Бәсекеге қабілетті ел ғана – мықты болмақ. Арманы асқақ елдің –  мұраты биік.

Сондықтан да біз «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруда 30 дамыған елдің қатарына қосылуды мақсат етіп отырмыз.

Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы облысының екі миллионыншы тұрғыны дүниеге келіп, жақсы жаңалығымен қуантып отыр.  Елдің береке-бірлігі арқасында біз бұдан да үлкен табысқа жетеміз деп сенемін.  

Уважаемые земляки!

От всей души поздравляю вас с прекрасным весенним праздником Наурыз!

Этот праздник единства природы и человека является не только символом восточного Нового года, но и издревле считается вестником единства, мира и согласия.

Вечные ценности, заложенные в основу празднества, стали прочным фундаментом развития нашей страны под руководством Главы государства Нурсултана Абишевича Назарбаева.

День весеннего равноденствия знаменует собой начало нового периода.

 В эти дни мы оцениваем прошедшее, осмысливаем задуманное, обдумываем будущее.

В Алматинской области, как и по всей стране, сделано немало для повышения благосостояния граждан и успешного социально-экономического развития. Ярким подтверждением достигнутых успехов стало рождение двухмиллионного жителя нашей области.

Всё это дает нам возможность и нынешний праздник встречать с уверенностью и оптимизмом.

Сегодня наша главная цель – успешно реализовать поручения Главы государства и задачи, обозначенные Елбасы в Послании «Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентноспособность».

Необходимо усиленно работать с учетом внесенных поправок в Конституцию страны, направленных на модернизацию государственного устройства и усиление ответственности всех ветвей власти перед народом.

Отдельной строкой стоит обозначить проведение международной выставки «Экспо-2017». Внести достойный вклад в проведение мероприятия мирового уровня – это наша большая задача.

Уверен, продолжая трудиться вместе, мы достигнем поставленных целей.

Құрметті жетісулықтар!

Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз-Наурыз құтты болсын!

Дастарханға ақ толатын, елімізге бақ қонатын бүгінгі Ұлыстың ұлы күні елімізге жақсылық әкелсін!

Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген наным бар. Ендеше, Тәуелсіздігіміз баянды, ұрпағымыз ұлағатты болып,  ел абыройы арта берсін дегім келеді.

Қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бақыт пен молшылық сыйласын!

Жер жанаты Жетісу жайнап, гүлдене берсін! Наурыз тойы құтты болсын, ағайын! 


Көріністер:  443

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 22.03.17 9:30

Өзгертілген күні: 06.04.2017 09:31:40

Тізімге қайта оралу

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх