Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +2 oC
Алматы облысының әкімі А.Ғ. Баталовтың Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шарада сөйлеген сөзі

Алматы облысының әкімі А.Ғ. Баталовтың Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шарада сөйлеген сөзі

Талдықорған қаласы,                                                                                    2017 жылғы 16 желтоқсан,

«Жастар» саябағы                                                                                                   сағат 12.00

 

Құрметті қауым!

Қадірменді қала қонақтары! 

Сіздерді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей: «Тәуелсіздік – тәуекелі жеткендердің ғана пешенесіне бұйыратын бақыт!».

1991 жылы 16 желтоқсан күні – еліміз Қазақстан деген атпен әлемге танылды.

Азаттықты аңсаған ата-бабамыздың арманы орындалып, егемендік алдық.

Тұңғыш Президентіміздің сындарлы саясатының нәтижесінде сыртқы саясатта өз орыны бар ел атандық. Шекарамызды халықаралық шарттарға сай белгілеп, көрші елдермен достығымызды нығайттық.

Дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат етіп отырмыз.

Бұл бағытта Жетісу жұрты да өзінің лайықты үлесін қосып келеді.

Кеше Жастар сарайында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында 65 жерлесіміз мемлекеттік награда алды. Оның ішінде, 3 адам «Парасат», 12 адам «Құрмет» орденімен марапатталса. 9 адамға «Алматы облысының Құрметті Азаматы» атағы берілді.

Бұдан бөлек бірнеше жетісулық азаматтарға 3-ші дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары табыс етілді.

Оның ішінде Талдықорған қаласының тұрғындары да бар.

Атап айтар болсақ, Талдықорған қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Малдыбай Қалиев, «Талдықорған мемлекеттік сараптама» мекемесінің басшысы Нұрлан Шымбаев «Құрмет» орденімен наградталды.   

Тәуелсіздік жолындағы істеріңіз табысты болсын!

Ел-жұртымыз аман, іргеміз бүтін болса, Қазақ елінің алар асуы мен шығар биігі – әлі алда.  

Уважаемые жители области!

Примите искренние поздравления с  главным национальным праздником страны – Днем Независимости Республики Казахстан!

Этот день мы встречаем с особым чувством гордости за все те выдающиеся  успехи, которых мы добились за годы независимости под чутким руководством Президента страны – Лидера нации Нурсултана Абишевича Назарбаева.

Сегодня Казахстан ускоренными темпами продолжает развиваться по всем направлениям, добившись заслуженного признания на мировой арене.

Весомый вклад в реализацию проводимых в стране реформ вносят и жители Алматинской области.

Динамичное развитие получила социально-экономическая сфера. Строятся новые школы, детские сады, больницы. Открываются промышленные предприятия, создаются постоянные рабочие места. Улучшается инвестиционный климат, развивается малый и средний бизнес, а значит растет и благосостояние населения.

Все это стало возможным благодаря выверенному курсу Главы государства,  весомой государственной поддержке, нашему единству и сплоченности.

Уважаемые жетысусцы!

Ваш ежедневный труд, направленный на благо нашей Родины, ценится высоко.

Только в этом году ко Дню Независимости семидесяти четырем жителям нашей области вручены государственные награды и почетные звания. Их заслуги отмечены орденами, медалями и званием Почетный гражданин Алматинской области.

Это люди труда, каждый из которых внес весомый вклад в становление и укрепление независимости.

Среди награжденных наш земляк, легендарный спортсмен, успешный предприниматель и известный меценат   Жаксылык Ушкемпиров.

Сегодня, достигнув успехов в нелегком аграрном бизнесе, известный чемпион вносит весомый вклад в развитие детско-юношеского спорта и решение социальных проблем сельчан. 

В родном селе Мынбаево он построил детскую спортивную школу, детский сад и общежитие для 38 молодых семей. За выдающиеся заслуги перед страной и ее народом, Жаксылык Ушкемпиров заслуженно удостоен звания «Герой труда Казахстана».

«Почетным гражданином Алматинской области» стал еще один наш именитый земляк – космонавт, «Халық қаһарманы» Айдын Айымбетов.

Их жизненный путь – достойный пример для подражания.

Дорогие земляки!

Уверен, что и дальше своим трудом мы будем укреплять благополучие нашей страны, успешно реализуя задачи, поставленные Главой государства.

В этот праздничный день от всей души желаю всем крепкого здоровья, успехов, мира, единства и добра!

С праздником! И всех благ!

Құрметті қауым!

Бүгінгі ұлы күнде баршаңызға мол бақыт, көп қуаныш тілеймін.

Халқымыздың береке-бірлігі артып, мемлекетіміздің айбыны арта берсін!

Тәуелсіздігіміз ғұмырлы болсын!

Мереке құтты болсын!


Көріністер:  580

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 16.12.17 16:20

Өзгертілген күні: 20.12.2017 16:27:30

Тізімге қайта оралу


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх