Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +8 oC
Алматы облысының әкімі А.Ғ. Баталовтың Жаңа жылға арналған мерекелік шарадағы құттықтауы

Алматы облысының әкімі А.Ғ. Баталовтың Жаңа жылға арналған мерекелік шарадағы құттықтауы

Талдықорған қаласы,                                                     2017 жылғы 31 желтоқсан

«Жастар» саябағы                                                          сағат 19.00

 

Қадірменді жетісулықтар!

Қадірменді қала қонақтары!

Сіздерді жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын.

Жаңа жыл – баршаға жан шуағын сыйлайтын, өткен жылды саралап, жаңа істерді бастайтын жарқын мереке!

2017 жылға көз салсақ, табысымыз бен берекелі істеріміз, жетістігіміз бен жеңістеріміз мол болды!                                                                           

Өткен береке мен бірлік, тұрақтылық пен татулық өркен жайған сәтті жыл болды.                           

Астананың төрінде бүкіл әлем көз тіккен «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі өтті. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ауқымды шаралар қолға алынды. Өткенімізге көз жүгіртіп, болашаққа бағдарымызды айқындадық. Тарихи орындар қайтадан жаңғырып, киелі мекендер қайта түледі.

Облыс еңбеккерлерінің еңбегі жоғары бағаланып, бірқатар азаматтар мемлекеттік наградаға ие болды. Солардың ішінде жерлесіміз, қазақтың мақтанышы – Жақсылық Үшкемпіров Елбасы қолынан «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары атағын алды.

Құрметті жетісулықтар!

Алдағы жылда да Жетісуымыз жайнап, гүлденіп, бәріміз жарқын сәттерге куә болайық.

Жаңа жыл құтты болсын!

Уважаемые жетысуcцы!

Поздравляю всех вас с наступающим  Новым 2018 годом!

Совсем скоро под бой курантов долгожданный и всеми любимый праздник войдет в наши дома, принося с собой новые планы, мечты и надежды.

Это удивительное время, когда каждый из нас, несмотря на возраст, верит в волшебство и чудеса. 

Так пусть этот Новый год каждому из нас подарит все самое лучшее и исполнит  самые заветные мечты!

Дорогие земляки!

В канун Нового года примите слова искренней признательности за ваш неоценимый вклад в развитие нашего прекрасного края Жетысу. 

Благодаря общим усилиям и каждодневному труду Алматинская область уверенно вступает в Новый год. Мы продолжим строить социально значимые объекты, открывать новые предприятия, создавать постоянные рабочие места. Область будет продолжать расти и развиваться.

Верю, что и в Новом году мы вместе достигнем многого!

Пусть Новый 2018 год станет годом приятных сюрпризов, ярких идей и интересных проектов!

 Пусть будет особенно щедрым на удачу и успех!

И пусть для каждого новогодняя сказка станет явью! 

С Новым годом, с Новым счастьем!

Құрметті қауым!

Жаңа жыл Жетісудың ел-жұртына мол табыс, әр шаңыраққа шаттық, береке сыйласын!

Жаңа жылдан күткен үміттеріңіз ақталып, әр шаңырақ шаттыққа кенеліп, қуанышқа бөлене берсін!                                                                                                 

Жаңа Жылы құтты болсын, ағайын!


Көріністер:  263

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 31.12.17 23:51

Өзгертілген күні: 04.01.2018 12:58:06

Тізімге қайта оралу

Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх