Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +3 oC
Аудан, қала мәдениет күндерінің гала-концертінде сөйлеген сөзі

Аудан, қала мәдениет күндерінің гала-концертінде сөйлеген сөзі

                                       «Жастар» Спорт сарайы                                       2016 жылғы 7 желтоқсан

Құрметті өнер сүйер қауым!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесінің аясында бүгінгі «Тәуелсіздік тұғырым» атты аудан, қала мәдениет күндерінің марапаттау салтанатына  барша жетісулық өнерпаздар бас қосып отыр.  

Дана халқымызда: «Уықты ұстап тұратын – басқұр, ұлтты ұстап тұратын – дәстүр» деген сөз бар. Халқымыздың атадан-балаға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрі, ұлттық өнері, мәдениет-мәйегі барда Мәңгілік Еліміздің айбыны асқақ, рухы бекем болары сөзсіз.

Өздеріңізге белгілі, тәуелсіз еліміздің іргетасын  қалап,  әлемге танытып, беделді де қуатты мемлекетке айналдыруда – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі орасан зор.

Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылғы  жүріп өткен жолы - тарихи кезеңдер мен ұлы бастамаларға толы болды.

Елбасымыз: «Біз тәуелсіздікпен бірге тілімізді түлеттік, дінімізді өркендеттік, тамырымызды жалғап, салт-дәстүрімізді жаңғырттық. Ғасырлар қойнауынан асылдарымызды аршып алдық», - деген болатын.

Шынында да, ел  тәуелсіздігінің ширек  ғасыры өшкенді жандырды, өлгенді тірілтті. Ұлттық құндылықтар, асыл дүниелер, баға жетпес мұралар – болашақ ұрпаққа табыс етілді.      

Біз бүгін Тәуелсіздік жылдар тарихын парақтай отырып, «25 жұлдызды күн» аясында береке-бірлігі жарасқан Жетісудың мәдени жетістігінің куәсі боламыз, өнерін тамашалаймыз. 

Қадірменді қауым!

Ел экономикасының қарыштап дамуы - ең алдымен,  ұлттық мәдени игіліктерді сақтай отырып, оны болашаққа жеткізуге мүмкіндік береді.

Осы орайда, ұрпақтан - ұрпаққа жеткен ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді сақтау, оны дамыту – баршамыздың ортақ мақсатымыз, парызымыз деп білемін.

Сондықтан да аудан, қалаларда өтетін Мәдениет күндері – осы ұстанымға қызмет етіп, осы мақсатты жүзеге асыруға тиісті шара.  Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы негізінде  Жетісу  жерінде  көптеген игі  шаралар  атқарылуда.

Биылғы жылы мәдениет саласына 4,8 млрд. теңгеден астам қаржы бөлініп, нәтижесінде өнер ұжымдарының концерттік киімдері жаңартылып, репертуарлары толықтырылды.

Мәдениет нысандарының күрделі жөндеу жұмыстарына қомақты қаржы бөлінді.

Үстіміздегі жылы күрделі жөндеу жұмыстарына барлығы 448,6 млн. теңге бөлінді. Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалды музейі, Кеген аудандық мәдениет үйі, Мамбет ауылдық мәдениет үйінің жұмыстары аяқталып, ел игілігіне берілді.

«Черкасск қорғаны» музейінің жұмыстары келер жылы аяқталады деп күтілуде.

Облыс орталығында Салтанат сарайы салынуда, құрылысы басталған үш қабатты 510 орынға арналған драма театры болашақта     қаламызға ерекше көрік беретін болады.

Жыл басынан бері мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында Қарасай ауданында 35 штатпен «Үшқоңыр әуендері» ансамблі, 12 штатпен «Анаға құрмет» музейі ашылды. Жер жаннаты Жетісудың орталығы Талдықорған қаласында - Елбасының еңселі ескерткіші  бой көтерді.

Халық болып қайрат танытып, ұлт болып ұйысу жолындағы шаралар саны артып келеді.

Дорогие земляки!

Уважаемые деятели культуры!

Сегодня, в преддверии 25-летия Независимости, мы подводим итоги Дней культуры районов и городов, награждая лучших из лучших!

Глава государства Нурсултан Абишевич Назарбаев отмечает: «Вокруг того, что мы обозначаем понятием “культура”, сосредоточены тончайшие субстанции, без которых невозможно само существование человека». И это несомненно так.

Культура – крепкая основа, которая веками строилась человечеством. И каждое новое поколение, вступая в жизнь, опирается на нее, вбирая в себя всё то, что было создано до него.

Только посредством развития культуры возможно сохранить преемственность поколений, укрепить уникальность и самобытность народа.

Благодаря государственной поддержке в Алматинской области развитию сферы культуры уделяется огромное внимание. С каждым годом растет объем выделяемых средств, что позволяет строить и проводить капитальный ремонт объектов культуры, обновлять материально-техническую базу, развивать кадровый состав, организовывать различные мероприятия, сохраняя богатое наследие и открывая новые таланты.

В этой связи проведение Дней культуры районов и городов Алматинской области – это еще одна добрая традиция, позволяющая реализовать поставленные задачи.

Дорогие друзья!

 Сегодня мы награждаем тех, кто приняв непосредственное участие в организации и проведении Дней культуры районов и городов области, подарил каждому из нас незабываемые впечатления. И глубоко символично, что это большое мероприятие приурочено к 25-летию Независимости страны!

 От всей души поздравляю всех с этим праздничным событием!

 Желаю крепкого здоровья, творческих успехов, мира и добра!

Құрметті өнер иелері!

Өнер деген – ерекше қасиет, киелі ұғым. «Өнерлінің өрісі кең» дегендей, өнер кеніші болған - ел ішінде қаншама дарындылар мен таланттылар өсіп келеді.   

Мәңгілік Еліміздің мерейін асыру, мемлекетіміздің абыройын асқақтату баршамыздың ортақ міндетіміз екенін ұмытпауымыз керек, ардақты ағайын!

Айбыны асқан, дәулеті тасқан, іргесі берік Жер жәннаты Жетісудың береке-бірлігі арта берсін!

Баршаңызға өнер жолында шығармашылық табыс, үлкен белестер, мықты денсаулық тілеймін.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!


Көріністер:  510

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 08.12.16 16:14

Өзгертілген күні: 08.12.2016 16:22:45

Тізімге қайта оралу

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх