Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +3 oC
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты форумында сөйлеген сөзі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты форумында сөйлеген сөзі

Талдықорған қаласы, Жастар спорт сарайы
2016 жылғы 13 желтоқсан,сағат 15.00

Қадірменді қауым!
Құрметті жерлестер !
Сіздерді ең қастерлі мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан 25 жыл бұрын Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол.
Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына сенемін»,- деген еді. Міне, бүгінде Елбасының сол сенімі орындалды!
1991 жылы – еліміз Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге танылды. Ежелден еркіндікті аңсаған қазақ халқының асыл мұраты – еңселі ел болу еді. Бабалардың асқақ арманы орындалып, азаттыққа қол жетті.
Алдымызда демократиялық, құқықтық мемлекет құру, нарықтық қатынасқа көшу, ел тәуелсіздігін күшейту сияқты маңызды міндеттер тұрды.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемеңгер басшылығымен халықтың жасампаз еңбегінің арқасында қуатты елге айналдық.
Біз – бүгінде Еуразия жүрегінде экономикасы дамыған Тәуелсіз елміз!
Біз – талай ұлт пен ұлыстың қызырлы мекеніне айналған Ұлы Дала жерінің, Ұлы Дала елінің перзенттеріміз!

Ардақты ағайын!
25 жыл ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Елдің еңсесін көтеріп, іргесін бекемдеу жолында тиімді шешімдер қабылданды. Атап айтсақ, шекарамыз халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздер, Ата заңымыз қабылданды. Ұлттық валюта енгізілді, жаңа Астанамыз бой көтерді.
Халқымызда «Ынтымақты елдің – ырысы мол» деген сөз бар.
Бізге аманатпен жеткен - байтақ жеріміздің тұтастығын, көпұлтты еліміздің бірлігін, көздің қарашығындай сақтау – бәріміздің асыл міндетіміз.
Елімізде әлемде теңдесі жоқ қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, татулық жолында аянбай тер төгуде.
Талай сүргінді бастан кешіп, ХХІ ғасыр табалдырығын аттаған Қазақстан өзінің барша болмысын, жарқын да бай мәдениетін, салт-дәстүрін, қилы-қилы тарихын әлем алдына мойындатты.
Бүгінгі Қазақстан – бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.
Жыл сайынғы Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсарту-ға, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды.
«Елу жылда ел жаңа»,- дейді дана халқымыз. Ал, біздің еліміз небары 25 жыл ішінде ғасырға бергісіз жолды жүріп өтті.
Жаңа дәуірдегі Қазақстан өзінің даму моделін тапқан, ешкімге ұқсамайтын үлгісін қалыптастырған мемлекетке айналды.
2017 жылы әлем асыға күтіп отырған Экспо көрмесінің Астанада өтуі, оған әлемнің дамыған мемлекеттердің қатысуы – еліміз үшін үлкен абырой.
Онда біздің ел «жасыл экономика» бағытындағы өнімдерін көрсетпек. Көрме жаңа инновациялар мен тың идеяларға толы болады, және ол еліміз үшін зор пайдасын тигізері сөзсіз.
Қазақстан халықаралық ұйымдардың мүшесі ғана болған жоқ, әр жылдарда сол ұйымдарға абыроймен төрағалық ете білді.
Спорттағы әлемдік жарыстарда, интеллектуалдық сайыстарда біздің жерлестеріміз талай рет топ жарды.
Бәсекеге қабілетті ел ғана – мықты болмақ. Арманы асқақ елдің – мұраты биік.
Сондықтан да біз «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруда 30 дамыған елдің қатарына қосылуды мақсат етіп отырмыз. Соның негізінде «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты жүзеге асырылуда.
Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын, 5 институционалдық реформасын іске асыруда – Жетісу жерінде межелі міндеттерді кезең-кезеңімен шешу үшін нақты жұмыстар атқарылды. Бұл тарапта әрбір жетісулықтың еңбегі, лайықты үлесі бар.
Облыс тұрғындары Елбасының облысқа жасаған жұмыс сапарында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мен Мемлекеттік бағдарламаларды орындау жолында тиімді жұмыс жүргізуде.
Тәуелсіздік жылдары облыс халқы 300 мың адамға өсіп, бүгінде екі миллионға жетті. Өңірлік жалпы өнім он бес есе өсіп, екі триллион теңгеден асты. Облыс бюджеті 1997 жылы 11 миллиард теңге болса, қазіргі уақытта 410 миллиард теңгеге жетті немесе 37 есе өсті.
Соның ішінде: негізгі әлеуметтік бағытқа – білім саласына – 124 миллиард, денсаулық саласына – 80 миллиард теңге бөлінді.
Облыста 136 мектеп пен 338 балабақша (оның ішінде 296-сы жекеменшік-мемлекеттік әріптестік аясында), 105 денсаулық саласының, 22 спорт нысаны салынып, пайдалануға берілді.
Салыстырмалы түрде айтсақ: балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту деңгейі 2000 жылы 5,4% болса, қазіргі уақытта 87 %-ке өсті.
Соңғы екі жылда 203 балабақша ашылды Ауылдарда кезінде жабылып қалған 204 Мәдениет үйлері мен клубтар, 214 кітапхана қайта ашылды. Таза ауыз суға 148 елді мекен қосылып, қамту деңгейі 60 проценттен 84,5 процентке жетті. Ел Тәуелсіздігі қарсаңында «Батыс Европа – Батыс Қытай», «Алматы-Талдықорған» автожолы пайдалануға берілді. «Алматы-Талдықорған» газқұбыры қаламызға жетті, қазіргі күні қалаіші жұмыстары атқарылуда. Соңғы жылдары Жетісудың бас қаласында бірқатар әлеуметтік нысандар іске қосылып, жаңа ғимараттар бой көтерді.
Достық үйі, Тіл сарайы, Жастар спорт сарайы, «Жетісу» теннис-корты, Журналистер үйі, Оқушылар сарайы, Жастарға қызмет көрсету орталығы, Жастар саябағы, Қалалық көпсалалы аурухана – ел игілігіне қызмет жасауда.
Бұл бағытта тағы да, бүгінгі заманға сай, бірегей ғимараттар – Салтанат сарайы, көрме орталығының құрылыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың қазан айында облысымыздың орталығында 510 орындық жаңа драма театрдың қазығы қағылды.
«Жұлдызды 25 күн» іс-шарасының аясында 1-ші желтоқсан күні – Тұңғыш Президент күнін атап өттік. Жетісу төрінде Елбасымыздың еңселі ескерткіші бой көтерді.
Жылдың аяғына дейін құны 49 миллиард теңгені құрайтын 25 жаңа кәсіпорын іске қосылып, 2 200 жұмыс орны ашылады.
Биыл 9 жаңа мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ал, 2017 жылы 32 мектептің құрылысы аяқталады.
Алакөл ауданының Үшарал қаласында 2017 жылы аэропорт, Ақши ауылында темір жол бекеті салынып, қолданысқа беріледі.
Жаңадан бой көтерген ықшам аудандар, сәулетті ғимараттар, әдемі гүлзарлар бүгінде көз қуантады. Мұның бәрі – Алматы облысының экономикасы алға басып, тұрғындар әл-ауқаты жақсаруының айғағы.
Жетісу жерінің келешекте бүгіннен де құлпырып, көркейе береріне сенім зор.
Уважаемые земляки!
Искренне поздравляю вас с 25-летием Независимости Республики Казахстан!
Именно в этот день, 16 декабря 1991 года наша республика обрела статус независимого, демократического, светского, правового и социального государства.
За небольшой по историческим меркам период благодаря мудрой и дальновидной политике Первого Президента страны – Лидера нации Нурсултана Абишевича Назарбаева Казахстан добился впечатляющих успехов по всем направлениям.
Годы Независимости стали для нас этапом прогресса и активной модернизации.
Проводимые Главой государства эффективные реформы в экономической, политической и социальной сферах позволили стране встать на новый путь развития, который усилив экономику, укрепил единство и согласие народа.
Сегодня мы можем с уверенностью и гордостью сказать, что наша страна в свои 25 лет независимого развития – это успешное, динамично развивающееся государство с огромным потенциалом и перспективами.
День Независимости – это день, олицетворяющий собой мир, добро и, безусловно, непревзойденный авторитет нашего государства, о котором десятки и сотни лет назад мечтали наши великие предки.
Вектор дальнейшего развития определен в Декларации Независимости Республики Казахстан, принятой накануне главной юбилейной даты.
Этот эпохальный документ отражает важные этапы развития нашей страны и главные свершения ее народа. Большое внимание в нем уделено выдающейся роли Главы государства.
Уверен, что будущие поколения, продолжая идти по выбранному пути, будут вечно гордиться успехами первых 25 лет Независимости!
Уважаемые жетысусцы!
Алматинская область обладает большим потенциалом развития агропромышленного комплекса, который
производит 17% валовой сельскохозяйственной продукции республики и вносит весомый вклад в развитие продовольственного пояса вокруг г. Алматы.
Доля обрабатывающей промышленности в общем объеме производства является одной из высоких в республике - 82,3%.
В области функционируют около 700 промышленных предприятий, в том числе предприятия с мировым именем и с участием иностранных государств («Кока - Колла Алматы Ботлерс», «Данон», ТОО «RG BRANDS Kazahstan», «Эфес Казахстан», Солодовенный завод «Суфле» Казахстан, «ДжиТиАй», «Филипп Морис», «Кнауф», «Хамле Компани ЛТД», «Келун Казфарм», «Тикурилла» и другие).
Одной из динамично развивающихся отраслей является фармацевтика.
За последние 5 лет в рамках Карты индустриализации в области запущено 6 фармацевтических заводов.
По сравнению с 11 месяцами 2015 года объем выпускаемой продукции фармацевтической отрасли возрос в 8,2 раз и составил более 7,2 млрд. тенге.
Сегодня в области производится более 60 видов строительных материалов (пеноблоков и газоблоков, керамзитного кирпича, гипсокартона, сухих строительных смесей, лако-красочных изделий, метолоконструкций для линий электропередач, полиэтиленовых труб и др.).
В машиностроении с 1970 года действует аккумуляторный завод.
За годы Независимости данное производство было сохранено и получило дальнейшее развитие, освоены новые виды аккумуляторных батарей, более 70% продукции экспортируется.
В рамках Карты индустриализации запущены производства новых видов труб ТОО «SONIK», налажено производство лако-красочной продукции ТОО «Алматинские краски». В настоящее время область занимает доминирующее положение в республиканском товарном производстве продуктов питания и напитков, молочных продуктов, табачных изделий, солода, аккумуляторов, электрооборудования, железобетонных конструкций и строительных материалов. Действует 1135 крупных, средних и малых предприятий, где занято 84 тыс. человек. Доля промышленности в ВРП составляет 21%.
За 25 лет возобновлена деятельность 80 предприятий и введены 1500 новых объектов, создано свыше 48 тысяч рабочих мест.
6 декабря в ходе Телемоста с участием Главы государства в г.Текели начат прогрев первой доменной печи по проекту ТОО «Bapy Mining» «Строительство горно-перерабатывающего комплекса с получением передельного чугуна по инновационной технологии мощностью 400 тысяч тонн в год» (объемом инвестиции 8,3 млрд. тенге, 500 рабочих мест).
В целях создания благоприятного инвестиционного климата в области ведется работа по строительству инженерных сетей 7 индустриальных зон.
В области ведется работа по созданию 12 промышленных площадок.
На территории области создан крупный транспортно-логистический комплекс, который и сейчас продолжает развиваться.
Это свободная экономическая зона «Хоргос – Восточные ворота», включающая Сухой порт, логистическую и индустриальную зоны. Данный уникальный проект, реализуемый в рамках программы «Нұрлы жол», раскрывает транзитно-транспортный потенциала Казахстана, формирует экономический пояс Нового Шелкового пути и дает мощный толчок экономическому развитию Алматинской области. Стоит отметить, что объем грузопотока Сухого порта к 2030 году достигнет уровня 5 млн. тонн в год.
В области будет продолжена работа по привлечению инвестиций, по оказанию государственной поддержки инвесторам и созданию благоприятного инвестиционного климата.
Впереди нас ждут новые свершения, новые вершины и горизонты. Уверен, что жители области своим ежедневным трудом продолжат вносить весомый вклад в развитие нашей страны, успешно реализуя задачи, поставленные Главой государства. И сегодня поздравляя вас с этой замечательной датой, я желаю каждой семье, каждому дому добра, здоровья и успехов во всех начинаниях! Пусть под каждым шаныраком царят мир, достаток и взаимопонимание!
Пусть растет экономическая мощь и авторитет Казахстана!
Пусть будет вечной наша единая нация Мәңгілік ел!
Құрметті қауым!
Тәуелсіздік – әр халықтың асқақ арманы, қастерлі бойтұмары.
Дербес болуға бағыт алған еліміз – Қазақстанды көркейтіп, шаңырағын биіктетіп, абыройын асыратын да өзіміз.
Ендеше, қазақтың арманы мен мүддесін, елдігі мен еңбегін бағалау жолында бәріміз жұмыла еңбек етуіміз қажет.
Біз тарихымыздан тағылым, өткенімізден өнеге алған халықпыз. «Мәңгілік Ел» мұратына қадам басқан Тәуелсіз мемлекетіміз гүлдене берсін, ағайын!
Барша жетісулықтарды ұлық мерекеміз –Тәуелсіздік күнімен тағы бір мәрте құттықтаймын!
Әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!
Күллі әлем көз тіккен Ұлы Дала Елінің азаттығы – Қазақ елінің Тәуелсіздігі ғұмырлы, Туымыз тұғырлы болсын!
Мереке құтты болсын!


Көріністер:  572

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 14.12.16 12:25

Өзгертілген күні: 14.12.2016 12:53:52

Тізімге қайта оралу

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх