Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +6 oC
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жиында сөйлеген сөзі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жиында сөйлеген сөзі

    "Жастар" паркі, Талдықорған қаласы                                                                                       16.12.2016 ж.

Құрметті жетісулықтар!

Қадірлі қала қонақтары!

Ұлттық мерекеміз, қастерлі де қасиетті күн - Тәуелсіздік күні, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы құтты болсын!  

Көк байрағы желбіреген, айбынды Қазақ елі – Мәңгілік Еліміз, Ұлы Дала Елі жасай берсін!

Тәуелсіздік – киелі ұғым. Ол бізге өздігінен келе қалған жоқ. Мұнда азаттықты аңсап өткен бабалардың асыл арманы жатыр.

Ғасырлар тоғысында ел тілегі орындалып,  еркіндік таңы атты. Біз – бүгінде әлем танитын, төрткүл дүниемен тереземіз тең тәуелсіз мемлекетпіз.

 «Тәуелсіздіктің туын қолда берік ұстау – әрбір қазақтың, Қазақстанды өз Отаным деп санайтын әр адамның ең басты борышы, ең биік мақсаты», - деп Елбасымыз  Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, Тәуелсіздікті сақтап қалу – біздің ортақ міндетіміз.  

Тәуелсіздігімізді жариялаған аз уақыт  ішінде еліміз елеулі табыстарға қол жеткізді.

Бұл – Президентіміз жүргізіп отырған парасатты, көреген саясатының нәтижесі.

Ардақты ағайын!

Тәуелсіздік – ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.

Халқымызда  «Егемен елдің еңсесі биік» деген сөз бар.

Біз бүгінде Тәуелсіздіктің арқасында — тарихы мен тағдыры ортақ халыққа айналдық. Біз бүгінде татулық пен бірліктің нәтижесінде өркениет биігіне бірте-бірте қадам жасап келеміз. 

Бәсекеге қабілетті ел ғана – мықты болмақ. Арманы асқақ елдің –  мұраты биік. Сондықтан да біз «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруда 30 дамыған елдің қатарына қосылуды мақсат етіп отырмыз.

Жетісу өңірінің гүлденуі, облысымыздың экономикалық - әлеуметтік дамуы – еліміздің өркендеуіне оң ықпал етуде.

Соңғы жылдары Жетісудың бас қаласында бірқатар әлеуметтік нысандар іске қосылып, жаңа ғимараттар бой көтерді.

Мұның бәрі – Алматы облысының экономикасы алға басып, тұрғындар әл-ауқаты жақсаруының айғағы.

Жетісу жерінің келешекте бүгіннен де құлпырып, көркейе береріне сенімім зор.

Уважаемые горожане и гости города!

Искренне поздравляю вас с 25-летием Независимости Республики Казахстан!

За годы суверенитета Казахстан добился впечатляющих успехов по всем направлениям, прочно закрепив позиции на мировой арене, став символом единства и процветания. И каждое достижение, каждый успех неразрывно связаны с именем Первого Президента страны – Лидера нации Нурсултана Абишевича Назарбаева.

И сегодня наш Независимый Казахстан – это успешная, динамично развивающаяся страна с огромным потенциалом и перспективами роста.

Дорогие земляки!

В честь празднования 25-летия Независимости в Алматинской области была запущена акция «25 звездных дней», в рамках которой по всему региону проходили крупные, социально значимые мероприятия.

25 детских садов было открыто по всей области в один день.

25 новых предприятий с созданием более 2 тысяч рабочих мест запущены за последний квартал текущего года.

75 отдаленных населенных пунктов области охватил маршрут здоровья «Скрининг», лечебным учреждениям области вручены ключи от 35 современных медицинских комплексов.

Творческие коллективы области с интересной концертной программой объехали 75 отдаленных населенных пунктов региона.

25 молодых пар, создавших семьи в юбилейный год, получили памятные подарки и поздравления.

Накануне делегация Алматинской области приняла участие в торжественных мероприятиях в прекрасной столице – Астане.

И это только некоторые моменты. В целом, благодаря государственной поддержке наша область встретила юбилейный год яркими и важными достижениями во всех сферах.

Наглядным признанием наших успехов стало вручение заслуженных наград. 

Указом Президента страны в преддверии 25-летия Независимости более 120 жителей области удостоены государственных наград и 1600 - юбилейных медалей.

Среди награжденных ветераны, люди труда, журналисты, представители неправитель-ственных организаций, педагоги, медики, госслужащие и многие-многие другие.

Награды Родины, полученные в честь 25-летия Независимости, имеют особый смысл и значение.

И я очень рад, что наш край богат труженниками, одаренными и талантливыми людьми.

Уважаемые жетысусцы!

От всей души поздравляю вас с 25-летием Независимости.

Желаю добра, здоровья и успехов во всех начинаниях!

Пусть растет и процветает наш Независимый Казахстан!

Құрметті қауым! 

Біз тарихымыздан тағылым, өткенімізден өнеге алған халықпыз.

«Мәңгілік Ел» мұратына қадам басқан Тәуелсіз мемлекетіміз гүлденіп, өсе берсін! Барша жетісулықтарды ұлық мерекеміз –Тәуелсіздік күнімен тағы бір мәрте құттықтаймын!

Әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

Тәуелсіздік – халықтың тойы, елдің тойы. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы құтты-қайырлы болсын!

Бауырымыз бүтін, ел-жұртымыз аман болсын, ағайын!


Көріністер:  665

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 16.12.16 17:09

Өзгертілген күні: 16.12.2016 17:10:33

Тізімге қайта оралу

Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх