Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +3 oC
Облыс әкімі А.Ғ.Баталовтың 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік салтанатта сөйлеген сөзі

Облыс әкімі А.Ғ.Баталовтың 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік салтанатта сөйлеген сөзі

                        
Құрметті жетісулықтар!  
Құрметті Отан қорғаушылар!  


Сіздерді 7 Мамыр – Отан қорғаушылар күнімен, Қазақстанның Қарулы Күштерінің 25 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 

Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды сақтауға, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! 
Осыдан ширек ғасыр бұрын құрылған Қазақстанның Қарулы Күштері еліміздің еңсесін тіктеп, еркіндігімізді кеңейтті. 

7 Мамыр – тәуелсіз еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденіп, қайсар, ержүрек батырлардың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасын тапқан күні.
Уақыт талабына сай әскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан-жылға нығайып келеді. 

Мемлекет басшысы, Жоғарғы Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы: «Қастерлі Отанымызға қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Осынау перзенттік парызды әскери адамдар адал атқаруға тиіс! Сонда ғана біз арманымызға жетіп, Мәңгілік Ел бола аламыз», – деп атап көрсетті. 

Конституциямызбен бекітілген абыройлы міндетті орындау үшін әскери сарбаздар еліміздің шекарасын күзетіп, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қорғауға лайықты үлесін қосуда. 

Осы орайда, тәуелсіз еліміздің бірлігі мен қауіпсіздігін  қорғаушылар, әскери қызметкерлер зор құрметке лайық.
Біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен Ауған жерінде отты жолымен өткен жауынгерлері алдында тағзым етеміз. Ерлік пен батылдықтың ерен үлгісін көрсеткен барлық жетісулықтарға  алғыс білдіреміз. 


Уважаемые военнослужащие, жители
Алматинской области!
От всей души поздравляю вас с Днем защитника Отечества! 


Глава государства 7 мая 1992 года подписал Указ о создании Вооруженных сил Республики Казахстан.                       Сегодняшний двадцатипятилетний юбилей, это годы поиска строительства национальных вооруженных сил, оснащения и снабжения, обучения и воспитания личного состава, укрепления воинской дисциплины.
Наша большая гордость, что на военном параде в г.Астана примут участие и ваши боевые друзья,  военнослужащие Талдыкорганского военного горнизона.                                                           

Военный парад – это не просто праздничное и зрелищное мероприятие, это демонстрация боевой мощи, технического оснащения, боеготовности военнослужащих, которые стоят на защите суверенитета и безопасности страны.                                                 

Сегодня, пользуясь случаем, мы вновь чествуем тех, кто посвятил свою жизнь нелегкой воинской службе, достойно обеспечивая безопасность и стабильность нашего государства на всех границах.
Под руководством Главы государства - Верховного Главнокомандующего Нурсултана Абишевича Назарбаева вооруженные силы нашей страны достигли высокого уровня боевой подготовки и оснащения.
Сегодня современное поколение защитников достойно продолжает дело своих предков, внося весомый вклад в обеспечение безопасности и укрепление обороноспособности страны.                                      

Накануне Дня Великой Победы сердечно поздравляю ветеранов Великой Отечественной войны, тружеников тыла и всех тех, кто внес свой бесценный вклад в наше мирное будущее.
Ваш бессмертный подвиг и героизм навсегда останутся символами патриотизма, ответственности и беззаветного служения Родине. 

От всей души желаю вам крепкого здоровья, мира и благополучия!
Пусть этот праздник мужества и отваги всегда будет мирным и радостным! 


Құрметті жерлестер! 


Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген  даналық сөз бар. 


Бар ғұмырын Отанын қорғауға арнап, қызметін мінсіз атқарып жүрген әскери қызметкерлерге алғыс білдіреміз. 

Еліміздің тыныштығын сақтау жолындағы жауапты қызметтеріңіз табысты болсын! 

Бақытты ұрпақ ашық аспан астында береке-бірлікте өмір сүре берсін! 


Тәуелсіз еліміздің тұғыры қашанда биік болсын!
   

              


Көріністер:  269

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 07.05.17 18:49

Өзгертілген күні: 10.05.2017 18:50:27

Тізімге қайта оралу

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх