Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +2 oC
Облыс әкімі А.Баталовтың Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналистер арасындағы байқаудың жеңімпаздарын марапаттауда сөйлеген сөзі

Облыс әкімі А.Баталовтың Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналистер арасындағы байқаудың жеңімпаздарын марапаттауда сөйлеген сөзі

Талдықорған қаласы,                                                                                                2016 жылғы 14  желтоқсан,

Салтанат  сарайы                                                                                                                                сағат 18.00

 

Құрметті журналистер!

Қадірлі қонақтар!

Баршаңызды келе жатқан ұлы мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын.

Биік белестерді бағындырған Қазақ елінің беделі зор, мерейі үстем болсын! 

Біз мереке қарсаңында – журналистер арасындағы байқау жеңімпаздарын марапаттайтын боламыз.

Журналистер қауымы – жаңалыққа жақын, жақсы істер жайлы ақпаратты елге жеткізетін, қоғам өмірінің барометрі сияқты жандар.

Халық пен билік арасындағы алтын көпір десек те артық айтқандық емес.  

Бұл міндетті сіздер үлкен абыроймен атқарып келесіздер. Сол үшін үлкен алғысымды білдіремін!


Құрметті журналистер!

Облысымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуы ақпарат кеңістігінің өркендеуіне ықпал етуде.

Бүгінгі күні Жетісу жерінде бірқатар әлеуметтік нысандар іске қосылып, жаңа ғимараттар бой көтеруде.

Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік мерекесінің аясында 100 жаңа нысан ашылып отыр.

Облыс орталығында Салтанат сарайы мен Көрме кешені ашылды.

Мектептер, балабақшалар, тұрғын үйлер, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандары, учаскелік инспекторлардың тірек пункттері және басқа да жаңа нысандар қолданысқа берілуде.

Жетісу жерінде «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер»   бағдарламалары қарқынды жүзеге асуда.

Бүгінге дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 84 жобаны жүзеге асыру үшін 77,5 млрд. теңге қаржы бөлінген. Оның 67-сі қолданысқа берілсе, 17-сі бойынша жұмыс жалғасуда.

Бағдарлама аясында 2016 жылы   3 балабақша, үш ауысыммен оқуды жою үшін 7 мектеп салынды. Биыл 33 мектеп бой көтеріп, жаңа оқу жылының басында оның 28-і қолданысқа берілді. Жылдың соңына дейін тағы 7 мектеп ашылмақ.

Жылумен, сумен қамтамасыз ету және кәріз жүейлерін жөндеу аясында жалпы құны 9,4 млрд. теңгені құрайтын 13 жоба аяқталып, тағы 8-і бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Шағын және орта бизнестің 9 нысанына 4,1 млрд. теңгеге инженерлік инфрақұрылым тартылды.

«Нұрлы жер»   бағдарламасы бойынша биыл 19 млрд. теңгеден астам қаржы бөлініп, 77 жоба қолға алынған.

Оның ішіндегі 33 жобаның аясында 184 тұрғын үй салынып жатыр. Жылдың соңына дейін 102 үй (1 476 пәтер) жерлестеріміздің игілігіне беріліп отыр.

Жалпы, 11 айдың қорытындысы бойынша облысымызда 631 мыңнан шаршы метрден астам тұрғын үй берілді.

Жеке тұрғын үй салу үшін қажетті инженерлік-коммуникациялық жүйені қосу үшін 13,9 млрд. теңге бөлініп, 5 200-ден астам жер теліміне инфрақұрылым тартылды.

Бүгінгі таңда Талдықорғанда 105 гектар аумақта аз этажды жеке үйлерді салу бойынша пилоттық жоба қолға алынып отыр. Бұл үйлерде 1 шаршы метрдің құны 120 мың теңгеден аспайтын болады.

  

Аталған қос бағдарламан жемісті жүзеге асыру – Жетісудің дамуына тың серпін болары анық.

Облыс экономикасына инвестиция тарту, жаңа нысандардың іске қосылу сияқты маңызды мәселелер сіздердің назарларыңыздан тыс қалып көрген емес. Жақында, Ақсу ауданында орналасқан облыстағы екінші қант зауыты 10 жылдан кейін қайта іске қосылды.                       

Кәсіпорын – жылына 300-350 мың тоннаға дейін қант қызылшасын өңдей алады.

Ең басты қуанышымыз - Талдықорған өңіріне  тұңғыш рет табиғи газ келді.     Жалпы, Жетісу өңірінің 1,4 млн. тұрғынын қамтитын  11 аудан мен қала көгілдір отынды қолданатын болады.

Осы сияқты айтулы оқиғаларды халыққа дер кезінде жеткізіп отыратын ойлы, қарымды журналистердің еңбегін бағалап, оларға құрмет көрсетуді қажет деп білемін.


Уважаемые журналисты, представители

средств массовой информации!


Выражаю искреннюю признательность за ваш благородный труд, постоянное внимание к вопросам социально-экономического развития области, надеждам и проблемам жителей региона.  

Ежедневно освещая проводимые Президентом страны социально-экономические и общественно-политические реформы, вы вносите весомый вклад в развитие нашей области, не оставляя без внимания ни одно важное событие.

Ваша конструктивная, справедливая критика   способствует скорейшему решению многих проблемных вопросов.

Поэтому сегодня по сложившейся традиции мы с радостью награждаем победителей ежегодного конкурса среди мастеров пера и микрофона на приз акима области.

В этом году в творческом состязании приняли участие 93 представителей районных и городских, областных и республиканских СМИ, которые  презентовали 34 статьи, 43 сюжета, 10 постов и 6 фотографий на различные темы.

По итогам конкурса, прошедшем по 7 номинациям, заслуженные награды будут вручены журналистам, фотографам, операторам, каждый из которых внес весомый вклад в освещение реализации программы «Рухани жаңғыру» в Алматинской области.

Учитывая весомую роль средств массовой информации в развитии общества, весьма отрадно, что и в направлении модернизации сознания журналисты вновь оказались первыми, выступив среди  самых активных и креативных граждан.

Хотелось бы отметить и вклад представителей современного направления журналистики – блогеров. Их методы подачи информации особенно близки молодому поколению казахстанцев, что облегчает молодежи понимание основ президентской программы и помогает присоединиться к ее успешной реализации.


Құрметті журналистер!

Бүгінгі байқаудағы жеңістеріңіз – сіздердің жарқын істеріңіздің жемісі, бір жылғы ерен еңбектеріңіз биік бағасы деп білемін.

Осы орайда, тағы бір мәрте сіздердің кәсіби шеберліктеріңізге, шынайы  жауапкершілік пен таза рухани болмыстарыңызға алғыс білдіремін.

Алдағы уақытта біз өз тарапымыздан Журналистер үйінің материалдық-техникалық базасын жақсартуда, журналистердің әлеуметтік, тұрғын үй мәселелерін шешуде қажетті қолдау танытатын боламыз.

Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтай отырып, қиындығы мол еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін! Жаңа жылда жаңа биіктерден көрінуге шын жүректен тілектеспін! Жүлделеріңіз құтты болсын!                             



Көріністер:  767

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 15.12.17 11:23

Өзгертілген күні: 15.12.2017 11:24:05

Тізімге қайта оралу


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх