Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +6 oC
Облыс әкімі А.Ғ. Баталовтың Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы үшін ұлттық ат спорты түрлерінен республикалық жарыстардың ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі

Облыс әкімі А.Ғ. Баталовтың Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы үшін ұлттық ат спорты түрлерінен республикалық жарыстардың ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі

 Жамбыл ауданы,                                                            2017 жылғы 27 тамыз,

«Көкбастау» ипподромы                                                       сағат 11.00

 

Құрметті қауым!

Ең алдымен баршаңызды алдағы Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Биылғы жыл еліміз үшін елеулі оқиғаларға толы жыл болды. Отанымызды әлемге әйгілеген «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтуде.

Бұл – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының көреген саясатының жемісі, мемлекетімізді шет елдерге танытудың жаңа кезеңі.

Ұлттық болмысымызды айшықтап, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін жан-жақты көрсету мақсатында «ЭКСПО-2017» көрмесінің аясында Жетісу жұртшылығының атынан маусым айында Астана қаласында бәйге ұйымдастырылды. Оған әлемнің 5 елінен 150-ден астам ат қатысты.

Қазіргі таңда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұлттық кодымызды сақтап, бүгінгідей шаралар арқылы бірегейлігімізді барынша паш етуіміз керек.

Ұлы дала мәдениетін жалғастырушы біздің елімізде ат спортының шоқтығы биік екендігі белгілі.

Бүгінгі дәстүрлі жарыстарға еліміздің әр облысы мен  шет мемлекеттен 150-ден астам ат қатысып, бірнеше санатта бәйгеге түспек.

 Уважаемые участники и гости соревнований!

Поздравляю вас с открытием традиционных XIX республиканских состязаний по национальным видам конного спорта на Кубок Президента страны, посвященных Дню Конституции Республики Казахстан и международной специализированной выставке  «Астана ЭКСПО-2017».

По традиции эти масштабные соревнования мы проводим здесь, на ипподроме Кокбастау.

Отрадно, что с каждым годом желающих продемонстрировать мастерство и выносливость своих иноходцев становится все больше. Соревнования стали знаковым событием как для участников, так и поклонников национальных видов скачек.

 И этот раз не стал исключением. В нынешних состязаниях, организованных в рамках реализации положений программной статьи Главы государства «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания», принимают участие более 200 скакунов из разных уголков нашей республики и других стран.

Уверен, что сегодняшние скачки оставят неизгладимые впечатления у каждого!

От всей души желаю всем участникам победы, а зрителям – впечатляющих и зрелищных игр!

Ардақты ағайын!

Дүбірлі дода сәтті өтіп, шын жүйріктер жеңіске жетсін деп тілеймін.

Елдігіміз берік, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы үшін ұлттық ат спорты түрлерінен республикалық жарыстарды ашық деп жариялаймын! 


Көріністер:  195

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 27.08.17 14:43

Өзгертілген күні: 28.08.2017 14:45:25

Тізімге қайта оралу

Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх