Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +3 oC
Облыс әкімі А.Ғ.Баталовтың «Көшбасшы – 2016» облыстық жастар сыйлығын салтанатты тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзі

Облыс әкімі А.Ғ.Баталовтың «Көшбасшы – 2016» облыстық жастар сыйлығын салтанатты тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзі

Облыс әкімі А.Ғ.Баталовтың «Көшбасшы – 2016»
облыстық жастар сыйлығын салтанатты тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзі



Талдықорған тқаласы 2016 жылғы 29 қараша
«Жастар» спорт сарайы сағат 18.00



Құрметті жас достар!
Қадірменді қонақтар!


Баршамыз үшін ерекше күн – Тұңғыш Президент күні қарсаңында – Жетісу жерінің жалынды жастарын, көшбасшыларын марапаттау салтанатымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн - әлем тарихында тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын бекітіп, болашаққа бастаған Елбасының халық алдындағы ұшан-теңіз еңбегіне көрсетілген шынайы құрметі ретінде белгіленген Тұңғыш Президент күні.
Еліміз тарихымен, мәдениеті және өзінің ақын-ғалымдарымен, әлемдегі алып жатқан жерлерімен дүниеге танымал.

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Адамның ұлты бейбітшілік пен достастыққа кедергі емес. Елімізде түрлі ұлт адамдары татулықта әр түрлі салада еңбектенуде.
Сіздер өте бақытты ұрпақсыздар! Себебі, кең байтақ жеріміз бар, тату еліміз және Сіздерге қамқор Ұлы Президентіміз бар!
Елбасы жастар саясатына әрдайым үлкен маңыз береді. Жастар мәселелерін шешуге бағытталған негізгі құжат - 2020 жылға дейінгі Тұжырымдама қабылданды.
Барлық өңірлерде жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалар құрылды.
Әр аудан, қалаларда жастар ресурстық орталықтары құрылып, әр ауылда жастар ісі жөніндегі нұсқаушылар қызмет атқаруда.
Облыста жастар саясатын қаржыландыру көлемі жыл санап артып келеді. Бұл мақсатқа үстіміздегі жылы жарты миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді.
«Жастарға қызмет көрсету орталығы» салынды.
Сондай-ақ, «Оқушылар сарайы», «Жастар» паркі жандандырылды. Жаңа драма театрының қазығы қағылды.
Осы игі бастамалардың барлығы жастар үшін жасалып жатыр. Елбасы атап өткендей, Сіздер барлық игі істердің басында жүрулеріңіз қажет. 


Уважаемые жетысуйцы! 

Разрешите поздравить вас с Днем Первого Президента и 25-летием Независимости страны.
Все успехи нашей страны напрямую связаны с именем Первого Президента – Лидера нации Нурсултана Абишевича Назарбаева.
Благодаря взвешенной политике Главы государства, его мудрости и лидерским качествам, наша страна достигла высоких темпов роста по всем направлениям, получив достойное признание на мировой арене и перейдя на новый уровень развития.
Сегодня Казахстан – это уверенно развивающаяся страна с огромным потенциалом и перспективами. И главная основа будущих достижений – молодое поколение казахстанцев.
Дорогие друзья!
Самый умный, самый талантливый на свете человек – это каждый из вас. И хотя порой кажется, что другие лучше или одареннее, никогда не забывайте, что все в ваших руках. Энергия молодых, нестандартные решения, яркие идеи, умение добиваться поставленных целей всегда востребованы обществом.
И сегодня мы награждаем тех, кто верно применив свои таланты, добился высоких результатов в разных сферах деятельности, став лидером своего дела. Это большое достижение.
От всей души поздравляю вас с заслуженной наградой. Желаю дальнейших успехов и процветания!
С Лидером нации – к новым победам!


Құрметті марапат иегерлері!

Сіздерді тағы да құттықтай келе, баршаңызға мол табыс, бақ-береке тілеймін!
Еңсесі биік, болашағы зор еліміздің білімді де белсенді жастары - ол Сіздер!
Туған еліміздің игілігі үшін аянбай еңбек етіп, Қазақстанның мақтанышы болуларыңа тілектеспін!
Мереке құтты болсын!


Көріністер:  506

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 02.12.16 10:41

Өзгертілген күні: 02.12.2016 10:41:38

Тізімге қайта оралу

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх