Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +3 oC
Облыс әкімі А.Ғ. Баталовтың мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиынында сөйлеген сөзі

Облыс әкімі А.Ғ. Баталовтың мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиынында сөйлеген сөзі

Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!

Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.

Мәдениет – ұлттың қуаты, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан рухани болмысы, ақыл-ой, парасаты.  

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Мәдениет – елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады», - деп атап өтіп, «Еуразияның ең бір бай да бірегей мәдениеті – қазақ мәдениеті» деген еді.       

Ал халық даналығы «Өнер – ұлттың жаны», - дейді. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады.

Ұлттық мәдениеттің бір бөлігі, Жетісу өлкесі – қасиетті өнердің киелі бесігі, дарынды тұлғалардың мекені.  

Қабан жырау, Ескелді, Балпық билерден бастау алып, Молықбай күйші, Сүйінбай, Жамбыл, Бақтыбай, Ілияс, Сара, Дәнеш, Мұқан сияқты саңлақтар  көтерген өнердің тұғыры – әрқашан биікте.   

Облысымыздың мәдениет саласының қызметкерлері елдігімізді, ғасырлар бойы мұра болған асыл қазынаны – ұрпаққа жеткізу жолында ауқымды жұмыстар атқаруда. Өнерді құрметтеп, мәдениетті өркендету – баршамыздың ортақ мақсатымыз болып табылады.      

Өңіріміздің мәдениет саласының бюджеті 2015-16 жылдарға қарағанда 40 пайызға өсіп, биылғы жылы 7,6 млрд теңгені құрап отыр.

Атап айтар болсақ Бикен Римова атындағы облыстық драма театрының жаңа ғимаратының құрылысына 2 млрд. 600 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар басталып кетті.

Мәдениет нысандарының күрделі жөндеу жұмыстары мен жобалық сметалық құжаттарын жасатуға барлығы 870,2 млн. теңге бөліп отырмыз.

Сала қызметкерлерінің жалақысы 50 пайызға артып, бүгінгі күнгі орташа еңбекақы 100 мың теңгеге жуықтады.

Мәдениет, архив саласына 2015 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін қосымша 200 штат бірлігі бөлініп, 2941 бірлікті құрап отыр.

Жергілікті ақын-жазушыларды көтермелеу мақсатындағы облыс әкімінің арнайы стипендиясы жыл сайын беріліп келеді.

Сонымен қатар, биыл өнер саласы қызметкерлерін қолдау мақсатында облыс бюджетінен 26 әртіске арнайы стипендия тағайындалып отыр.

Облыс әкімдігінің қолдауымен шығатын ақын-жазушылардың кітаптарына шығаруға 2016 жылы 106,6 млн. теңге болса, бұл бағыттағы қаржы биылғы  жылдың алғашқы тоқсанында-ақ 50 млн. теңгені құрап отыр.

Халыққа сапалы мәдени қызмет көрсету үшін саланың материалдық-техникалық базасын нығайту басты назарымызда.

Өнер адамдарының сахналық костюмдері мен сахналық құралдарға, автокөліктерге осы жылдың басынан бастап 213,4 млн. теңге бөлінді. Жылдың аяғына дейін әлі де тиісті мөлшерде қаржы қарастыратын боламыз.

Өнердің қара шаңырағы атанған Бикен Римова атындағы облыстық драма театрында «Ромео мен Джульетта» трагедиясының, «Хақ жолы» әлеуметтік драмасының тұсаукесерлері болды.

Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның өнер ұжымдары концерттік бағдарламамен Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында өнер көрсетіп, жұрттың үлкен  ықыласына бөленді.

Талдықорған қаласының Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған ақынның өлеңдеріне жазылған әндерден дәстүрлі оныншы «Жырлайды жүрек» облыстық әншілер байқауы ұйымдастырылды.

Шымкент қаласында өткен Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық байқауға Сүйінбай атындағы облыстық филармония әншісі Тілек Нағымбаев қатысып, жүлделі 1-ші орын иеленсе, Астана қаласында өткен ХІ «Ақ көгершін» халықаралық балалар шығармашылығы байқауына Алматы облысы атынан қатысқан үміткерлер облыс намысын жоғары деңгейде қорғап қайтты.

Биылғы жылы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі жұмысымыздың басты бағыты болады.  

Атқарылған мәдени шаралардың мақсаты бір, ол – рухани құндылықтарды дәріптеу.

Осы ретте бар өмірін осы салаға арнап, талмай еңбек етіп келе жатқан өнер саңлақтарының орыны ерекше.

Уважаемые работники культуры и искусства!

Поздравляю вас с профессиональным праздником – Днем работников культуры и искусства.  

Культура – это нравственные, моральные и материальные ценности нации, это наши традиции и обычаи, которые веками передавались из поколения в поколение. Ведь именно посредством культуры нация становится известной.

На сегодняшний день в нашей области действует  563 учреждения культуры, зарегистрировано 2338 уникальных памятников истории и культуры, 4 из которых входят в список Всемирного культурного наследия ЮНЕСКО. Работники культуры и искусства нашей области проводят масштабную работу для сохранения и передачи будущему поколению этого драгоценного наследия.

Сегодня большой вклад в развитие нашей культуры вносит и реализация задач, обозначенных в программной статье Президента Нурсултан Абишевича Назарбаева «Вгляд в будущее: модернизация общественного сознания», цель которой – пропаганда истории и культуры нашего народа,  духовное развитие нашего поколения. И в этом направлении в регионе уже сейчас ведется целенаправленная работа.

Дорогие друзья!

От всей души поздравляю вас с этим замечательным праздником.

Желаю всем творческого роста, вдохновения и энергии. Пусть овации не смолкают, а букеты цветов и радость зрителей будут вашим главным подарком!

Құрметті мәдениет, өнер саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Бүгінгі ерекше мереке күні мәдениет пен өнер саласына еңбегі сіңген аға буын өкілдеріне айтар алғысымыз шексіз.

Еліміздің өркендеп-өсуіне, мәдениет биігіне шығармашылық тұрғыдан қызмет етіп, халықты тамаша өнерлеріңізбен қуанта беріңіздер!  

Бүгінгі күн – Тәуелсіз Қазақстанның, Мәңгілік Елдің келешегін кемел, болашағын жарқын ететін,  ұлттық бірегейлігімізді танытуға үлес қосатын жақсы күн болсын дегім келеді. Сіздердей зиялы қауым, өнер адамдарын құрметтей отырып, біз жастарды тәрбиелейміз.    

Баршаларыңызға шығармашылық жолда толағай табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!

Әрдайым абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз  үстем,  өнердегі жұлдыздарыңыз жарық болсын демекпін!

Мереке құтты болсын!


Көріністер:  322

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 20.05.17 10:15

Өзгертілген күні: 26.05.2017 10:15:52

Тізімге қайта оралу

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх