Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +8 oC
Облыс әкімі А.Баталовтың Талдықорған қаласы күнінде сөйлеген сөзі

Облыс әкімі А.Баталовтың Талдықорған қаласы күнінде сөйлеген сөзі

2017  жылғы 29 қыркүйек

                                                                           

     Құрметті талдықорғандықтар!

    Қымбатты қала қонақтары!

Сіздерді бүгінгі Қала күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Сүйікті қаламыз – жақсы істермен алға озып, абыройы өсіп, тарихи оқиғалардың ордасы болсын дегім келеді.

Барша талдықорғандықтарға қуаныш пен бақыт, әр шаңыраққа шаттық пен береке тілеймін.   

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бір сөзінде: «Біз келер ұрпаққа жасыл орманға оранған әдемі ел қалдыруымыз керек. Тәуелсіздігімізді орнаттық, мемлекетті нығайтып жатырмыз»,- деген болатын.

Тарихы тереңде жатқан, қазақ хандығының бесігі болған Жетісудың жақсы істерін, бас қаламыз Талдықорғанның жетістіктерін – ел мерейі деп білемін.

Биылғы жылы  Қазақстандағы 18 миллионыншы тұрғынның Талдықорған қаласында дүниеге келуі – үлкен қуаныш, зор абырой болды. 

Талдықорған қаласы өзінің тарихында біраз кезеңдерді өткерді.             

Бүгінде Талдықорған өзінің әсем де көрікті келбетімен, жасыл желегімен алыстан көзтартады.

Қаламыздың мәдениет пен өнердің орталығына айналып, халықаралық әлемдік деңгейдегі спорт ойындарының өтуі – біз үшін үлкен мақтаныш.  

Жетісудың бас қаласында білім мен өнер кең қанат жайып, жастарымыз жаңашылдыққа бет бұруда.

Жастар паркі, Журналистер үйі, Жастарға қызмет көрсету орталығы, Оқушылар сарайы – озық үлгідегі сәулетті ғимарат қана емес, жаңа тұрын ауданның, қаланың жаңа даму бағыты деп білемін.  

Жақында ашылатын Көрме кешені мен  Салтанат сарайы – қала тұрғындарына қызмет көрсететін болады.

Қала тұрғындары 172 (171,5 мың адам) мың адамға жуықтап, соңғы он жылда 25 мың адамға артты.

Үстіміздегі жылдың 8 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі  43,3 млрд. теңгеге жетті.

Қала экономикасына 29,8 млрд.теңгеден астам инвестиция тартылды.

«Нұрлы жер» бағдарламасының аясында биыл Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданда 168 пәтерлік коммуналдық және несиелік үй, ағымдағы жылдың қыркүйек айында 64 пәтерлік 1 несиелік үй пайдалануға берілді.

Оңтүстік-Батыс ауданында және Шығыс шағын ауданында 1043 пәтерлік 11 көпқабатты үй салынуда.

Оңтүстік-Батыс және Солтүстік–Батыс  тұрғын аудандарында әрқайсысы 1200 орындық екі мектептің құрылыс жүгізілуде.

Драма театры, Этно-ауыл, жүзу бассейні, музыка мектебінің құрылысы жалғасуда.

«Жастар» саябағы, Қаратал өзенінің жағалауы, шығыс кіреберіс, қала бассейні  – облыс орталығының ажарын арттырып, тамаша демалыс орнына айналды.

Қаратал шағынауданында 300 орынды көп салалы аурухана, Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданында 4 жұлдызды, 16 қабатты «Көктем-гранд» қонақүйі ашылды.

Сондай-ақ, автомобиль жолдары қайта жаңаруда, қаланы көріктендіру, аббаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Табиғаты әсем жасыл қала – сәулеті асқан, тамаша, көрікті шаһарға айналды.

Сүйікті қаламыздың гүлденіп, болашақта өсіп, өркендей беретіндігіне сенімім зор.

Мұның бәрі – Талдықорған қаласының  экономикасы алға басып, тұрғындар әл-ауқаты жақсаруының айғағы.

 Уважаемые талдыкорганцы и гости города!

Сердечно поздравляю вас с Днем города!

Все мы любим наш Талдыкорган. Потому что невозможно не любить место, где живешь, учишься, работаешь, создаешь семью, воспитываешь детей. В эти праздничные дни мы подводим итоги большой совместной работы.  Все вы видите, как с каждым днем город меняется, растет и развивается. Изменения касаются всех сфер.

Сегодня в Талдыкоргане строятся современные объекты спортивной и социальной инфраструктуры, продолжается газификация, открываются предприятия, создаются новые рабочие места, активно идет прокладка и ремонт дорог, коммуникационных сетей.  

Для почти 300 первых абонентов проведен технический запуск голубого топлива. Это поистине историческое событие для всех нас, и работа в этом направлении продолжается.

Строительство таких уникальных и красивейших объектов, как Салтанат сарайы, Выставочный комплекс, Драматический театр украсят архитектурный облик города.     В скором времени начнется строительство олимпийского бассейна, крытого легкоатлетического манежа и велотрека.

Все это делается ради вашего комфорта,  ради будущего наших детей, ведь у нашего города огромный потенциал, хорошие перспективы и самые талантливые жители!

 Уверен, что благодаря такой же активной совместной работе Талдыкорган и впредь будет цветущим и уютным городом,  который дарит благополучие, спокойствие, радость и детский смех.

 Дорогие талдыкорганцы!

 Мы по праву гордимся нашим городом – его уникальной историей, современными достижениями и верим в его процветающее будущее.

Поэтому в этот праздничный день я еще раз благодарю всех вас, кто своим ежедневным трудом, активной жизненной позицией и разнообразными талантами вносит неоценимый вклад в рост, развитие и судьбу нашего города.

Желаю всем вам счастья, крепкого здоровья, благополучия и добра!

И пусть наш родной Талдыкорган с каждым годом становится все краше, комфортнее и лучше!

Құрметті қауым!

Бүгінгі қуаныш сыйлар, Қала күні құтты болсын! 

Жасыл желекті, бақ қаламыз – береке бесігі болсын деп тілеймін!  

Қуаныш сыйлайтын құтты мекеніміз жайнап, жарқырай берсін!  Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, еңселі болсын! 


Көріністер:  719

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 29.09.17 15:39

Өзгертілген күні: 01.11.2017 15:46:32

Тізімге қайта оралу

Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх