Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +20 oC
2018 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2018 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ҚР Заңы және Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын орындауда  2018 жылдың  І тоқсанында бірқатар жүйелі  жұмыстар атқарды.

Тоқсан сайын тілдік жағдайды зерделеу мақсатында облыстық және жергілікті  атқарушы органдардың кіріс-шығыс құжаттарына мониторинг жасалып отырады. Өңірімізде мемлекеттік тілдің қолданылу көрсеткіші 95,3 пайызды құрады.

Үстіміздегі жылдың І тоқсанында мемлекеттік тілді оқыту курсына  – 674 тіл үйренуші,  орыс тілі курсына – 22, ағылшын тілі курсына – 283 тыңдаушы қабылданды. Барлығы – 979 адам. Ал, Қазтест жүйесі негізінде тест тапсырғандардың саны 5988-ге жетті.

 

Өткізілген іс шаралар туралы

Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында жыл басынан 3 мәрте «Әдебиет – руханияттың діңгегі» атты қазақ әдебиетінің үш буын өкілімен дәстүрге айналған кездесу кеші ұйымдастырылды. Ақпан айында – Жұмабай Шаштайұлы, Дәурен Қуат, Айнұр Төлеу, наурызда – Ғұсман Жандыбаев, Жанарбек Әшімжан, Мақпал Мыса, сәуірде – Бексұлтан Нұржекеұлы, Есей Жеңісұлы, Қанат Әбілқайыр әдебиет сүйер қауыммен қауышты.

 «Тағзым» әдеби-музыкалық еске алу шарасы да өз жалғасын тапты.  Кеште Жетісу өңіріне еңбегі сіңген, бүгінде дүниеден озған сегіз бірдей әдебиет пен мәдениет саласының есімі ұлықталды.

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Астана – жаһандық бастамалар орталығы» дөңгелек үстелінде өңіріміздің зиялы қауымы бас қосып Елордамыздың бүгіні мен ертеңі  турасында ой өрбітті.  

 «Астана – бейбітшілік бесігі» тақырыбында өткен мүшәйраға жас ақындар қатысты. Жыр додасында өнер көрсеткендердің ішінен облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі М. Күмісбек жеңіс тұғырынан көрінді. Ал, «Мәңгілік елдің мұраты» атты жабық әдеби байқауында бүркеншік есіммен бақ сынап, жеңімпаз атанған қатысушылар «Жетісудың көктемі» жас әдебиетшілер форумында марапатталатын болады.

Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 1 жылдығы қарсаңында өткізілетін көрмеге латын әліпбиіне көшуге байланысты бейнежазбалар, кітапшалар арнайы әзірленді.

Наурыз айында А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының басшысы, Ұлттық комиссияның мүшесі Е. Қажыбек және аталған институт ғалымдарының қатысуымен «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастырушылық негіздері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017 жылдың шілде айында бастау алған «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» Буккросинг жобасы аудан, қалаларда  қолға алынып, салтанатты түрде ашылды. Нәтижесінде Қапшағай, Ақсу, Балқаш, Талғар, Жамбыл аудандарында халыққа қолжетімді кітап сөрелері қойылды.

Өткен жылдың күзінде «Жетісу жыр керуені» атауымен көпшілікке жол тартқан Челлендж жобасы жалғасын тауып, интернет қолданушыларының қызығушылығын арттыруда. Бүгінде арнайы талаптарға сай бейнежазба түсіріп, әлеуметтік желіге жүктегендердің саны 51-жетті.

 

Алматы облысындағы ономастикалық ахуал туралы

Облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес Балқаш, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қапшағай, Текелі қалаларындағы ономастикалық ахуалдың жай-күйіне зерделеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды. Атқарылған жұмыстарға сәйкес аудан, қала әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасарларының есептерін тыңдау мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың 26 наурызы күнгі комиссия отырысында Балқаш ауданындағы ономастикалық жұмыстарға байланысты атқарылған іс шаралар туралы аудан әкімі орынбасарының есебі тыңдалды.         Онда 2 ауылдық округке, 3 елді мекенге, 297 көшеге, 6 білім мекемесіне атау беру және оларды қайта атау бойынша барлығы 308 ұсыныс қаралды. Нәтижесінде 2 ауылдық округтің, 2 ауылдың, 294 көшенің атауын өзгерту бойынша оң қорытынды шығарылып, 2 білім мекемесі бойынша ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолдау туралы ұйғарым қабылданды.

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан облыстағы тіл мәселесіне қатысты атқарылған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

 


Орналастырылған күні: 27.04.2018 17:29

Өзгертілген күні: 27.04.2018 17:30:37

Құрметті кәсіпкерлер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх