Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +16 oC

2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

Автокөлік транспорты

2016 жылдың қорытындысы бойынша автомобиль көлігімен 733,7 млн.жолаушы тасымалданып, жолаушылар айналымы 13079,1 млн.жолаушы шақырым құрады.

2016 жылы басқарма облыс аумағындағы 19 тасымалдаушылармен жұмыс жасайды.  Басқарманың тізіліміне сәйкес 54 маршруттар бойынша қызмет көрсетеді. Аталған тасымалдаушылардың автокөліктері техникалалық сұранысқа сәйкес. Сонымен қатар, басым бөлігі «Mercedes», «Foton», «Yutong» маркалы автобустарын пайдаланатынын атап өту керек.

Облыс аумағында жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау тарифі  «Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан  Республикасы  Көлік  және  коммуникация  министрінің  2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына сәйкес айқындалады.

Қазіргі таңда, тұрақты облысішілік маршруттарда жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдауға арналған тариф бірқалыпты деңгейде сақталуда, сонымен қатар Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тарапынан көліккәсіпорындарына осы тасымалдау түрін жүзеге асыру барысында келісімшартта айқындалған тарифтен асырмау жөнінде ұсыныс беріліп, басқарманың тұрақты бақылауына алынды.

Облыстағы елді мекендерді тұрақты автобус қатынастырмен қамтамасыз ету мақсатында 4 жаңа ауданаралық тұрақты маршруттар ұйымдастырылды.

«Автомобиль көлігі туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының  14 бабы 1) тармағына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 369-ІV заңымен енгізілген өзгерістерді есепке ала отырып, өткен жылдың 9 желтоқсан айында  Алматы қаласымен байланыстыратын қашықтығы 50 километрге дейінгі қала маңындағы  59 маршруттарды «Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің қарамағынан «Алматы қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ-не берілді. Атап айтсақ, Еңбекшіқазақ,  Іле, Талғар, Жамбыл және Қарасай аудандарындағы қала маңындағы маршруттар болып табылады.

Ағымдағы жылдың ақпан айында осы бағытта қала маңындағы 10 маршруттарды, атап айтқанда Ескелді және Көксу аудандары бойынша  Талдықорған қаласының әкімдігіне берілді.

Террористік іс-қимылға қарсы  қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Талдықорған, Үшарал, Жаркент  және Сарқан қалаларында орналасқан автовокзалдар бейнебақылау құрылғыларымен жабдықталған.

Әуе көлігі транспорты

Талдықорған қ.  әуежай нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. 

ҚР Қорғаныс министрлігінің қарамағынан «Жетісу «Авиакомпаниясы» акционерлік қоғамына 41 гектар жер телімі бөлініп, әуежайдың жасанды ұшу қону жолағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жаңа аэронавигация объектілерін орнатты.   

Өткен жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары А. Маминнің Алматы облысына келген жұмыс сапары барысында берілген тапсырмалардың бірі, Талдықорған каласын еліміздің облыс орталықтарымен байланыстыратын авиамаршруттарды субсидиялау мәселесін қарастыру болды.

Аталған тапсырманы орындау мақсатында ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне «Талдықорған-Павлодар-Талдықорған», «Талдықорған-Өскемен-Талдықорған», «Талдықорған-Қарағанды-Талдықорған», «Талдықорған-Шымкент-Талдықорған» әуе бағыттарын субисидиялау жөнінде өтінім жолданды.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми ақпаратына сәйкес аталған авимаршруттарды 2017 жылға бюджетті нақтылау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті  органға ұсыну мүмкін екендігін жеткізді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы   23 қазандағы №1141 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 104-ші тармағына сәйкес көлік инфрақұрылым объектілерінде антитеррорлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында белгілі жұмыстар жүргізілді.

Атап айтсақ, Талдықорған қаласындағы  әуежай нысандарында   42 бейнебақылау камералары орнатылды (әуевокзал ғимараты – 22, бақылау-өткізу пункті 4,  әкімшілік ғимарат – 10, VIP залы – 6).

Бұдан өзге, әуежайдың аумағына периметрлік қоршауларды орнату және оны жарықтандыру, бейнебақылау камераларын орнату жоспарланған, олар өз кезегінде Ішкі істер департаментінің Жедел басқару орталығына қосылатын болады.

Елбасының  үстіміздегі жылғы 19 қыркүйектегі Алматы облысына жұмыс сапары барысында берілген тапсырмаларының бірі, Алакөл көлі жағалауының туристік әлеуетін толық пайдалану үшін, көлік инфрақұрылымын дамыту болатын.

Жыл сайын көлге келетін туристердің саны артып келеді, 2015 жылы  144 мың адамға қызмет көрсетілсе, 2016 жылы бұл көрсеткіш 452 мың адамға жетті, яғни 3 есеге артып отыр. Жалпы аймақта 132 туристік инфрақұрылым нысандары орналасқан, соның ішінде 30 нысаны өткен жылы ашылды.

Үшарал қаласында орналасқан әуеайлақты одан әрі дамыту үшін әуевокзалының құрылысы басталды.

Әуежай құрылысына «Алматы-Өскемен» автожолының 555 шақырымында орналасқан жалпы көлемі 4,5 га жер учаскесі бөлінді.

Облыс бюджетінен әуежай құрылысына 991,03 млн.теңге қаражат бөлінді. Құрылыс жұмыстары  2017 жылдың  1 мамыр айына дейін аяқталады.

Бұның сыртында, болашақ әуежай арқылы тұрақты облысаралық авиамаршруттарды ашу мақсатымен Азаматтық авиация комитетіне «Алматы-Үшарал-Алматы», «Астана-Үшарал-Астана» маусымдық авиамаршруттарды ашу және оларды 2017 жылға қалыптастырылатын авиамаршруттар тізбесіне енгізу мәселесі жөнінде өтінім жолданды.

Бұл ретте, Комитеттің ресми жауабына сәйкес 2017 жылға жиілігі аптасына 2 рет «Алматы-Үшарал-Алматы» және «Астана-Үшарал-Астана» авиамаршруттарын субсидиялау тізіміне қосуы  мүмкіндік бар екендігін жеткізді.

Үстіміздегі жылы «Талдықорған-Үшарал-Талдықорған» облысішілік авимаршрутты субсидиялау үшін облыс бюджетінен 53, 9 млн.теңге бөлінді.

 Жалпы 2016 жылы «Талдықорған-Астана-Талдықорған»  субсидиялауға 302 179,0 мың теңге бөлініп, игерілді.

Жылдың қорытындысы бойынша әуе көлігімен 14,9 мың. адам тасымалданып, жолаушылар айналымы  13 079,1 мың жолаушы шақырымды құрады.


Теміржол саласы

Өткен жылдың қорытындысы бойынша теміржол көлігімен 867,9 мың адам тасымалданып, жолаушылар айналымы 805,3 млн.жолаушы шақырымды құрады.

 «Жетіген-Достық-Жетіген»  ауданаралық әлеуметтік мәні бар теміржол субсидиялауға  65, 6 млн. теңге бөлініп толығымен игерілді.

Өткен облыстық мәслихаттың сессиясында  2017 жылға  «Жетіген-Достық-Жетіген» әлеуметтік мәні теміржол бағыты бойынша 85,0 млн.теңге бюджеттік өтінім мақұлданды. Теміржол құрамы - 12 вагон (купе).

Бұған қоса, облыс аумағында республикалық бюджеттен субсидияланатын үш әлеуметтік мәні бар облысаралық «Алматы-Талдықорған», «Алматы-Алтынкөл» және «Алматы-Достық» маршруттар қызмет көрсетеді.


Жол жөндеу туралы ақпарат


2017 жылы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға 11 323,293 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:

республикалық бюджеттен «Бірлік-Алмалық-Рысқұлов-Қазстрой-Ақбұлақ» автожолын жаңғыртуға – 909,771 млн. теңге;

жергілікті бюджеттен – 10 413,522 млн. теңге.

2017 жылдың жартыжылдығында басқарма бойынша 5113,8 млн. теңге бюджет қаражаты игеріліп, 111 шақырым автожол салынды (2016 жылдың 1 маусымына 4207,1 млн. теңге игеріліп, 101,5 шақырым автожол салынды). Оның ішінде жұмыс түрлері бойынша:

          Құрылыс және жаңғырту – 1674,4млн. теңге;

          Күрделі жөндеу – 578,5 млн. теңге;

          Орташа жөндеу – 2117,2 млн. теңге;

          Ағымдағы жөндеу және ұстау – 743,7 млн. теңге.

Мемлекеттік сатып алу жоспары бойынша автожолдарды жөндеу мен ұстауға 28 электронды конкурс жарияланды.

Көлік жұмысының негізгі көрсеткіштеріне сәйкес 2017 жылдың жартыжылдығының қорытындысы бойынша облыста көлікпен 68,5 млн. тонна жүк тасымалданып, осы кезеңдегі жүк айналымы 2916,8 млн. т/шақырымды құрады (2016 жылдың жартыжылдығымен салыстырғанда 0,6%-ке ұлғайды), 322,1 млн. жолаушы тасымалданып, жолаушы айналымы 5429,7 млн. қ/шақырымды құрады (2016 жылдың жартыжылдығымен салыстырғанда 5,1%-ке ұлғайды).

Облыста автомобильдік көлік қызметін ұсыну көрсеткіштерінің тұрақты өсуі байқалады, себебі облыстағы тасымалдаудың негізгі көлемі аталған көлік түріне тиесілі.

2017 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша автомобильдік және авиациялық көлікпен 409,3 млн. жолаушы тасымалданды (2016 жылдың тиісті кезеңіне өсу 107,1% құрады), жолаушы айналымы – 6526,0 млн. қ/ шақырымды құрады (2016 жылдың қаңтар-маусымына 104,6%).

Облыста 249 автобус қатынасы жұмыс істейді, онда жылжымалы құрамның 1000-нан астам бірлігі іске қосылған.

Қазіргі уақытта облыс орталығында қала ішінде және қала маңында жол жүру тарифі 60 теңгені құрайды.

Қалалық тасымалдаушылардан тарифке түзету енгізу туралы өтінімдер түсуіне байланысты Талдықорған қаласы әкімінің өкімімен тасымалдаушылардың ұсыныстарын қарайтын тиісті комиссия құрылды.

2016 жылы Алматы облысындағы 741 елді мекеннің 186-сы немесе 25,0%-і ғана тұрақты автобус қатынасымен қамтамасыз етілген жоқ, аталған көрсеткішке «Қапал-Арасан-Алматы», «Көлжат-Шонжы-Алматы» бағыттарында жаңа автобус қатынастарын ұйымдастыру жолымен қол жеткізілді.

2017 жылы бұрын жұмыс істеген «Шарын-Шонжы-Алматы», «Қоғалы-Алматы», «Үштөбе-Алматы», «Талдыбұлақ а. – Қаракемер а. – Алматы қ.» бағыттарын қалпына келтіру жолымен қосымша 10 ауылдық елді мекенді қамту жоспарлануда, осылайша аталған көрсеткіш жыл соңына қарай 23,8% құрайды деп күтілуде.

Сонымен қатар, Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қарамағынан Талдықорған қаласы әкімдігінің қарамағына қала маңындағы ұзындығы 50 шақырымға дейін 10 бағыт өткізіліп берілді (2016 жылы Алматы қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қарамағына қала маңындағы ұзындығы 50 шақырымға дейін 59 бағыт өткізіліп берілді).

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Үшарал қаласында аэровокзал кешенін салу жобасы іске асырылды.

Елбасының Алматы облысына 2014 жылғы 19 тамыздағы жұмыс сапары кезінде берген тапсырмаларының бірі туризм саласы үшін Алакөл көлі жағалауына баратын қажетті көлік инфрақұрылымын дамыту болып табылады.

Жыл сайын туристер легі артып келеді, мониторингке сәйкес 2016 жылы 452 мың адамға қызмет көрсетілді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 3 есе артық, ал ағымдағы жылы 500 мыңнан  астам адамды қабылдау жоспарлануда.

Үшарал қаласында аэровокзал кешенін салу үшін облыстық бюджеттен 1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.

«Г» сыныпты аталған әуежай ЯК-40, АН-24, Ембраер-124, Сиэрджи-200 үлгісіндегі әуе кемелерін, кез келген сыныпты тікұшақтарды қабылдауға қабілетті.

2017 жылдың 20-21 шілдесі аралығында ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті Үшарал қаласының әуежайын сетификаттауды жүргізді.

Аталған әуежай арқылы «Астана-Үшарал-Астана» және «Талдықорған-Үшарал-Талдықорған» бағытында аптасына тиісінше 4 және 3 рет авиарейстер ашу жоспарланған. Бұл авиабағыттарға «Жетісу» авиакомпаниясы» АҚ қызмет көрсететін болады.

Сонымен қатар, демалыс орындарына баратын тұрғындарды теміржол тасымалдары қызметтерімен қамтамасыз ету үшін 2017 жылдың 3 шілдесінен бастап «Жетіген-Достық-Жетіген» қатынасында жолаушылар пойызы жүргізілді.

«Жетіген-Достық-Жетіген» қатынасында жолаушылар пойызы аптасына 3 рет жүреді, оған тасымалдаушы «Туран-Экспресс» жолаушы компаниясы» ЖШС қызмет көрсетеді, субсидия сомасы 2016 жылғы 75,0 млн. теңгенің орнына 85,0 млн. теңгені құрады.

Аталған өңірде көлік инфрақұрылымын дамыту үшін Ақши ауылынан демалыс аймағына дейінгі 0-23,78 шақырым автомобиль жолдарын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, осы мақсатқа облыс бюджетінен 2966,4 млн. теңге бөлінді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 ақпандағы №6 хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылы мамыр айында Алматы облысының көлік қатынасын дамытудың кешенді жоспары қабылданды.

Кешенді жоспарға сәйкес аудан мен қалалардағы жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Жоғарыда аталған кешенді жоспардың шеңберінде ағымдағы жылдың соңына дейін үш жылдық кезеңге субсидия сомасы белгіленеді және тиісті бюджеттік өтінім енгізіледі.

Осылайша, біз 2020 жылдың соңына дейін тұрғындарының саны 100 адамнан асатын елді мекендерді жолаушы автокөлік қатынасымен 100%  қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.

2017 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жетекшілік ететін көлік инфрақұрылымы мәселелері бойынша БАҚ-та жағымсыз ақпарат (мақала) жарияланған жоқ.

Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) басшысының атына азаматтардың жолдаған өтініштерін қарау Қазақстан Республикасының Конституциясына, қолданыстағы заңнамаға, құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.

Азаматтарға, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдеріне басқарма басшысына басқарманың электронды поштасы, басқарманың ресми интернет-сайты арқылы жүгіну, сондай-ақ  басқарма басшысының жеке қбылдауына жазылу мүмкіндігі ұсынылған.

Азаматтардың 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығында басқармаға жолдаған өтініштерін талдау қорытындысы бойынша:

Басқармаға 124 өтініш түсті (2016 жылы 159 өтініш), оның ішінде заңды тұлғалар – 35, жеке тұлғалар – 77.

2017 жылдың 1-жартыжылдығында жазбаша өтініштерді қарау нәтижесі бойынша:

-     қолданған өтініштер – 0;

-     түсініктемелер мен кеңестер берілгені – 124;

-     қолданбаған өтініштер – 0 (ұсынысты қарау нәтижесі бойынша мақсатқа сай емес, арыз немесе шағым негізсіз және қанағаттандыруға жатпайтын болып танылды);

-     мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданды – 0.

Басшының жеке қабылдауына 26 азамат жазылды, оларға берілген:

-     ауызша жауаптар – 26

-     жазбаша жауаптар – 0.

Өтініштерді қарау тәртібін бұзғаны үшін азаматтар мен ұйымдар тарапынан сотқа талап арыз берілген жоқ, олар бойынша басқарма жауапкер ретінде тартылған жоқ. Басқарманың жедел әрекет етуін талап ететін өтініштер түскен жоқ.

Барлық өтініштер Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңында белгіленген мерзімде қаралды.

Өтініштерді тіркеу, есепке алу, қарауды ұйымдастыру бойынша нормативтік құқықтық актілердің талаптары сақталады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А.Маминнің Алматы облысына жұмыс сапары кезінде берген тапсырмаларының бірі - Талдықорған қаласын басқа облыс орталықтарымен байланыстыратын әуе рейстерін субсидиялау мәселесін қарастыру болатын.

Аталған тапсырманы орындау үшін ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне «Талдықорған-Павлодар-Талдықорған», «Талдықорған-Өскемен-Талдықорған», «Талдықорған-Қарағанды-Талдықорған», «Талдықорған-Шымкент-Талдықорған», «Талдықорған-Павлодар-Талдықорған» әуе бағыттарын субсидиялау туралы хат жолданды (бұрын әкімдік аталған мәселе бойынша бірнеше рет хат жолдаған).

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми ақпаратына сәйкес «Талдықорған-Павлодар-Талдықорған», «Талдықорған-Өскемен-Талдықорған», «Талдықорған-Қарағанды-Талдықорған», «Талдықорған-Шымкент-Талдықорған», «Талдықорған-Павлодар-Талдықорған» әуе бағыттарын субсидиялау 2017 жылы жүзеге асырылуы Алайда аталған мәселе бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігі түпкілікті шешім қабылдаған жоқ.

           


Орналастырылған күні: 26.07.2017 17:02

Өзгертілген күні: 27.07.2017 12:37:51

Құрметті кәсіпкерлер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх