Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +21 oC

2017 жылдың қорытындысы

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бағыты бойынша 1699,2 млн. теңге бөлінді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 1155 адамға 196,3 млн. теңге, жастар практикасына  1233 түлекке 390,3 млн. теңге, қоғамдық жұмыс орындарына 9155 адамға 1107,5 млн.теңге және Бағдарламаны сүйемелдеуге 5,1 млн.теңге қарастырылды.

2017 жылда қоғамдық жұмысқа 10120 адам жолданып, әлеуметтік жұмыс орындарына 1357 адам және жастар практикасына 1530 түлек жұмысқа орналастырылды.

Шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша 

Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды беру экономикалық қызмет түрі бойынша облысқа бөлінген квота шегінде жүзеге асырылады.

2017 жылға бөлінген квота мөлшері – 3752 бірлікті, оның ішінде І санат бойынша - 113, ІІ санат бойынша - 567, ІІІ санат бойынша - 2070, ІV санат бойынша - 202 және маусымдық  жұмыстарға – 800 бірлікті құрады.

2017 жылы берілген рұқсаттардың саны - 918, оның ішінде І санат бойынша - 49, ІІ санат бойынша – 221, ІІІ санат бойынша - 204, ІV санат бойынша - 17, маусымдық жұмыстарға - 427 бірлік.

Берілген рұқсаттар үшін төленген салық алымы 237,3 млн. теңгені құрады.

2018 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша шетелдік жұмыс күшін тартушы 113 мекеме мен кәсіпорында 485 шетелдік және 16217 қазақстандық азамат еңбек етуде.



Орналастырылған күні: 16.01.2018 18:03

Өзгертілген күні: 16.01.2018 18:19:24

Құрметті кәсіпкерлер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх