Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC

2018 жылдың қорытындысы

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша ақпарат

 

Облысымызда жалпы пайдаланымдағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 6138,6 шақырымды құрайды.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 78,1 %, жыл соңына қарай бұл көрсеткіш 78,5 % құрайтын болады.

 

2018 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында қауіпсіз және үзіліссіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылы жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстарына 17 314,059 млн.теңге қарастырылған, оның ішінде:

республикалық бюджеттен - 4 790,579 млн.теңге;

жергілікті бюджет – 12 523,480 млн.теңге.

 

ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ

2018 жылы 11 шақырым автомобиль жолдарының құрылысы мен қайта жаңғыртуға, сондай-ақ ЖСҚ, ТЭН әзірлеуге - 3 569,597 млн. теңге бөлінді (оның ішінде РБ – 2391,430 млн. теңге, ЖБ – 1 188,167 млн. теңге).

Алматы облысының туристік кластерін дамыту мақсатында келесі жобалар әзірленіп, іске асырылды:

- "Ақши ауылынан Алакөл көлінің жағалауында орналасқан демалыс аймақтарына баратын автомобиль жолын қайта жаңғырту", км 0-23,8, Алакөл ауданы. Жобаны іске асыру құны - 3 035,519 млн.теңгені құрады. Жобаны іске асыру мерзімі - 2015-18 жылдардағы кезең. Нысан пайдалануға берілді.

- Балқаш жағалауына демалыс аймақтарына баратын автожолдарды қайта жаңғырту: «Алматы-Өскемен-Лепсі-Ақтоғай», 0-110 шқ., «Алматы-Өскемен-Қызылқайың-Лепсі», 113-117 шқ., «Лепсі-Балқаш көлі», 0-27 шқ. жолдарын қайта жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Ағымдағы жылы дайындау және жер қазу жұмыстары, «Алматы-Өскемен-Лепсі-Ақтоғай», 0-35 шқ., «Алматы-Өскемен-Қызылқайың-Лепсі», 113-117 шқ. Сарқан ауданы автомобиль жолдары учаскелерінде т/б құбырларды және көпірлерді орнату жұмыстары басталды. Жұмыстарды аяқтау 2020 жылға белгіленді. 2018 жылы 2 учаскесін қайта жаңғыртуға - 2 124,679 млн.теңге бөлінді.

«Сарыөзек-Қорғас-Қоғалы-Көксу-Қарабұлақ», км 94-122 Ескелді ауданының автомобиль жолы учаскелерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, жоспарланған 7 шқ. қайта жаңғыртылды. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ

2018 жылы облыс бойынша 45,2 км автомобиль жолдарын күрделі жөндеумен қамтылды. ЖСҚ әзірлеуге және жөндеуге 3 503,678 млн. теңге бөлінді (оның ішінде РБ – 1 200,0 млн.теңге, ЖБ – 2 303,678 млн.теңге).

Мысалға 2018 жылы күрделі жөндеуден төмендегідей нысандар пайдаланымға берілді:

1)    Еңбекшіқазақ ауданындағы «Шарын шатқалына кірме жолы»,

0-11,17 шақырымы, жалпы сомасы – 561,049 млн.теңге.

2) Талғар ауданындағы «Талғар-п/л "Спутник", 6-11 шақырымы, жалпы сомасы – 232,031 млн.теңге.

3) Іле ауданындағы «Алматы – Жетіген – Капшағай су қоймасы», 33-53 шақырымы, 2018 жылы - 750,772 млн.теңге бөлінген. Жоба2017-2018 ж.ж. жүзеге асырылды.

4) Сонымен бірге Еңбекшіқазақ ауданында «Приканальная БАК» 0-100 шақырымы, 0-24,3 шақырым учаскесінде құрылыс-монтаждық жұмыстары жалғастырылуда. Жалпы сомасы – 2 567,502 млн.теңге. 2018 жылы - 1790,578 млн.теңге бөлінген.

Автомобиль жолдарында қауіпсіз және үзіліссіз көлік қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында, диагностикалау және паспорттау негізінде, Басқарма 2017-2020 жылдардағы кезеңге көпірлерді кезеңді түрде қалпына келтіру бағдарламасын әзірледі.

Ұсынылған бағдарламаға сәйкес 2017 жылы көпірлерді кезеңді түрде қалпына келтіру үшін 2017-2018 жылдары облыс әкімінің тікелей қолдауымен апаттық деңгейі 1-ші дәрежелі 31 көпірлік өтпені орташа және күрделі жөндеуге техникалық және жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 252,855 млн. теңге қаржы бөлінді.    

Қазіргі уақытта 7 көпірді орташа жөндеу жұмыстарын орындауға 489,598 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді.

24 көпірді күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, жалпы құны - 4,8 млрд.теңгені құрады. Қәзіргі уақытта 2019 жылға Ақсу, Еңбекшіқазақ және Қаратал аудандарындағы 4 көпірді күрделі жөндеуге - 749,306 млн.тенге бөлінді.

 

ОРТАША ЖӨНДЕУ 

2018 жылы орташа жөндеумен 286,3 км автомобиль жолдары қамтылды. Осы мақсатқа - 7 683,527 млн. теңге бөлінді (оның ішінде РБ – 1 199,149 млн.теңге, ЖБ – 6 484,378 млн.теңге), техникалық құжаттама әзірлеуге – 42,127 млн.теңге.

          Өткен жылы келесідей басымдылықты бағыттағы автожолдардың учаскелері пайдалануға берілді:

-        Қарасай ауданындағы «Алматы 1-ст. Шамалған-Ұзынағаш», 29-52 шақырымы;

-        Іле ауданындағы «Алматы-1-Винсовхоз-Чапаев», 0-22 шақырымы;

- Жамбыл ауданындағы «Сұңқар-Қаншеңгел-Топар-Құйған», 48-86 шақырымы;

- Кербұлақ ауданындағы «Сарыөзек-Қорғас-Қоғалы-Көксу-Қарабұлак», 43-58 және 0-38 шақырымдары;

 

КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУ

2018 жылы облыстың 17 ауданы мен 2 қала маңындағы 304 363,60 м2 автожолдарды ағымдағы жөндеу мен ұстауға (оның ішінде қысқы ұстауға) - 2 557,257 млн. теңге бөлінді.

Қысқы кезеңде қауіпсіз және үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында, әкімшілік полиция басқармасының келісімімен қауіпті аймақтарға уақытша жол белгілерін орнату, негізгі жол техникасының жұмысқа дайындау, тайғаққа қарсы материалдарды дайындау және қауіпті аймақтарға шығару жұмыстары жүргізілді.

 


Орналастырылған күні: 11.02.2019 12:41

Өзгертілген күні: 11.02.2019 12:42:40

Құрметті кәсіпкерлер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх