Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +16 oC

2019 жылдың 9 айының қорытындысы

Алматы облысында дене шынықтыру және спорт  дамыту мақсатында 2019 жылға облыстық  бюджетітен 10,5 млрд.теңге бөлінді.

Алматы облысында дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін 3549 бірлік (24 стадион, 2 спорт сарайы, 11 спорттық құрылымдар кешені, 2 құрама командалардың оқу-жаттығу орталығы, 29 спорт кешені, 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешені,  2 шаңғы базасы, 248 атыс тирі, 4 атыс алаңы,      2 яхт-клуб,  1 конькимен жүгіру стадионы, 19 хоккей корты, 2080 жазықтық құрылым, 26 теннис корты, 7 ипподром, 49 бассейн, 868 спорт залы,175 жалғасып салынған спорт зал) спорттық құрылымдар жұмыс жасайды.

2018 жылы Алматы облысында  Қарасай ауданы Қаскелең қаласы және Алакөл ауданы Үшарал қаласында және ағымдағы жылдың маусым айында Қарасай ауданы, Шамалған  ауылындағы ДШСК – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік желісі бойынша) пайдалануға берілді. 

2018 жылдан бастап 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің (бұдан әрі – ДШСК) (Карасай ауданы Райымбек а/о және Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы) құрылысы басталды, оның ішінде Райымбек ауылдық округіндегі ДШСК мемлекеттік-жекешелік әріптестік желісі бойынша салынып жатыр.

2019 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен (Райымбек ауданының Нарынқол ауылында) ДШСК құрылысы басталды және Қапшағай қаласында ДШСК (МЖӘ желісі бойынша) салынуы жоспарлануда.

Сондай-ақ ағымдағы жылы (Ұйғыр ауданы Шонжы ауылындағы, Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы, Балқаш ауданы Бақанас ауылындағы, Көксу ауданы Балпық би ауылындағы) 4 ДШСК-нің құрылысы "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы аясында салынатын болады, оған республикалық бюджеттен  4,3 млрд.теңге қаражат бөлінді.

2020 жылы Алакөл ауданы Достық кентінде ДШСК құрылысы жоспарлануда,

2019 жылға жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге 3 ДШСК (Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы, Іле ауданы Байсерке ауылы және Текелі қаласы) кірді.

Аталған ДШСК-нің құрылысына жер телімдері бөлініп, жұмыстар жүргізілу үстінде.  

Осы жобаларды іске асыру бойынша Алматы облысында 2021 жылға дейін 20 ДШСК пайдалануға беріледі.

Сондай–ақ, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап, Талдықорған қаласында жабық жүзу бассейннің құрылысы басталды

42 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 72 спорт түрімен 36 522 спортшы шұғылданады, 1368 оқытушы-жаттықтырушы жұмыс жасайды. Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында 5 спорт түрімен 125 оқушы, Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде 10 спорт түрімен 456 оқушы, олимпиадалық резерв дайындау орталығында 8 спорт түрімен 144 спортшы, жоғарғы спорт шеберлігі мектебінде 19 спорт түрімен 378 спортшы шұғылданады.

2019 жылдың жарты жылдық қортындысы бойынша облыста спортпен жүйелі түрде 611 060 адам шұғылданады, бұл дене шынықтыру және спортпен айналысатын облыс халқының 29,9 пайызын қамтиды.

Салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында жыл басынан бері республикалық және облыстық 1325 шара (ауылдық жерлерде 1055) ұйымдастырылып, оған 954 387 адам (ауылдық жерлерде 503 950 адам) қатысты.

2019 жылдың басынан бері 12 халықаралық дәрежедегі спорт шебері,   130 спорт шебері, 730 спорт шеберлігіне үміткер және 317 бірінші дәрежелі спортшы дайындалды. Халықаралық және республикалық жарыстарда 2245 медаль (800 алтын, 625 күміс және 820 қола) жеңіп алынды.

Қазіргі таңда мекемеде 668 спортшы шұғылдануда. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мүгедектерге арналған облыстық мамандандырылған спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазіргі таңда, 1 - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, 19 - Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 26 - Қазақстан Республикасының спорт шебері және 39 - спорт шеберлігіне үміткер бар.

Сонымен қатар тоқсан сайын жарыстарда жақсы нәтиже көрсеткен үздік спортшыларға ай сайын Алматы облсы әкімінің ақшалай сыйақысын алуда.

Спорттық-бұқаралық шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес облыс аумағында спорт түрлері бойынша спартакиадалар, турнирлер мен біріншіліктер өткізіліп тұрады.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес, облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып тұрады.

Алдағы уақытта да басқармамен дене шынықтыру және спорт саласындағы көрсеткіштерді жақсарту және жоғары жетістіктерге жету бойынша жұмыс жалғасатын болады.


Орналастырылған күні: 30.10.2019 10:14

Өзгертілген күні: 30.10.2019 10:15:50

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх