Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +20 oC

2019 жылдың 9 айының қорытындысы

Алакөл көлінің жағалауын дамыту бойынша 

Мастер-жоспарды іске асыру бойынша жұмыстар жалғастырылды. Алакөл көлінің жағалауында бірқатар инфрақұрылымдық нысандарды жобалау бойынша жұмыстар аяқталды, оның ішінде, Ақши мен Көктұма ауылдарында Алакөл көлінің жағалауын бекітудің және Ақши ауылындағы демалыс аймақтарын есепке еле отырып, Алакөл көлінің жағалауын сумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысы бойынша ЖСҚ-лары әзірленді. Кәріз жүйесінің, 6,5 мың м3/тәул. арналған кәріздік тазалау құрылғылары құрылысының бірінші кезегінің бірінші кезеңі бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы жасалды. Үшарал қаласы әуежайының ұшып-қону жолағын жаңарту бойынша ЖСҚ-ны әзірлеу аяқталды, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Аталған жобалар бойынша ҚР Қаржы министрілігіне бюджеттік өтінімдер жолданды.

Ұзындығы 313,5 км «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автомобиль жолын қайта салу жұмыстары жалғастырылуда. Бүгінгі күні жол бойында кеңселермен және тұрғын корпустармен жабдықталған 5 құрылыс қалашығы салынып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жобаны аяқтау мерзімі - 2018-2022 жж.

Алакөл көлінің жағалауында демалушылардың көбеюіне байланысты «Тұран Экспресс» жолаушылар компаниясы» ЖШС-ға жергілікті бюджеттен «Жетіген-Достық-Жетіген» маусымдық теміржол қатынасын субсидиялауға 85,0 млн.теңге бөлінді.

Сондай-ақ «Нұр-Сұлтан-Үшарал-Нұр-Сұлтан» (аптасына алты рет, «SCAT» авиакомпаниясы), «Алматы-Үшарал-Алматы» (күн сайын, «SCAT» авиакомпаниясы), «Талдықорған-Үшарал-Талдықорған» (күн сайын екі рейстен, «Жетісу» авиакомпаниясы) бағыттары бойынша субсидияландырылатын авиациялық қатынастары орнатылды.

Алакөл көлінің жағалауында туризмді дамыту мақсатында жазғы туристік маусымның ашылуы өтті. Іс-шараның шеңберінде: орналастыру орындарының қызметкерлері үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және қонақжайлылық стандарттарын енгізу бойынша семинар-тренинг, жазғы туристік маусымға дайындық бойынша жұмыс кеңесі, «Туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Алакөл көлінің курорттық аумағы» мастер-жоспарының презентациясымен Алматы облысындағы туризмді дамытудың болашағы» тақырында дөңгелек үстел, сонымен бірге «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен бірлесе ұйымдастырылған жобалық кеңсенің отырысы өткізілді.

Алматы, Нұр-Сұлтан, Тараз, Шымкент қалаларынан 40-тан астам туристік фирмалардың өкілдері қатысқан ақпараттық тур өтті, Ақши, Көктұма ауылдарындағы демалыс аймақтары мен базаларының инспекция ұйымдастырылды.

Алматы тау кластерінің Мастер-жоспары (АТК МЖ) әзірленді. Әзірлеушілермен өңірдегі тау және экотуризмді дамытуға әлеуетті орындар талданды және таңдалды. АТК 8 локацияда туризмнің негізгі 5 түрінен тұрады. Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттің есебінен Талғар, Қаскелең, Шарын локациялары бойынша туристік нысандар үшін инженерлік инфрақұрылымды жобалау басталады.

Бүгінгі күні «Алматы тау кластері Талғар локациясының туристік нысандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын, соның ішінде автожолдарды салу» жобасы бойынша ТЭН-ді әзірлеуге конкурс өткізілді. Орындаушы «Жетісу ГипроСтрой» ЖШС ТЭН-ді әзірлеу бойынша жұмыстарды бастады. Қаскелең локациясы бойынша «Алматы тау кластері ретіндегі туристік объектілердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу» жобасы бойынша ТЭН-ді әзірлеуге тендер өткізілді. Қазіргі уақытта қуаттылыққа деген қажеттілік бойынша субъектілерден ақпарат жинау жүргізілуде. Шарын локациясы бойынша қажетті құжаттарды дайындау жұмыстары жүргізілуде.

 Талғар ауданында Алматы тау кластерінің Мастер-жоспарын әзірлеу шеңберінде ҚР Премьер-Министрі А.Маминның төрағалығымен кластерді дамытудың өзекті мәселелері бойынша жиналыс өтті. Жиналыс жұмысына Алматы облысы мен Алматы қаласының туристік бизнес-қауымдастығының өкілдері қатысты.

Облыстың туристік мүмкіндіктері Алматы қаласында «KITF-2019» халықаралық туристік көрмесінде таныстырылды. Көрменің шеңберінде туроператорларға арналған «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында семинар, туристік компаниялардың өкілдері үшін облыстағы нысандарға джип-тур ұйымдастырылды. Семинар барысында «Абылайхан», «Ғұндар» «Сарбаз рухы» этноауылдарының, «Номад» этноорталығының презентациялары өтті, олардың өкілдері барлық тарихи кезеңдердегі батырлық сауыттарда жауынгерлердің көрсетілімдік қойылымдарын ұйымдастырды.

2019 жылғы 18-20 қыркүйегі аралығында туризм басқармасы Нұр-сұлтан қаласында өткен Азия-Тынық мұхиты аймағының «РАТА Travel Mart» халықаралық туристік көрмесіне қатысты. Көрмеге әлемнің 33 елінен 389 экспонент қатысып, 241 ұйымнан 252 туроператор келді. Туристік индустрияның шетелдік өкілдері үшін Алматы облысының туристік әлеуетінің тұсаукесері, форматында В2В «ZhetysuTravel» воркшопы өткізілді. Көрме барысында Алматы облысына туристерді тарту бойынша 30 елдің туризм өкілдерімен келіссөздер жүргізілді.

Алматы облысының туристік әлеуеті Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) «MIIT-2019» халықаралық туристік көрмесінде, Берлин қаласында әлемдегі ең ірі туристік көрмелердің бірі «ITB-2019»-да, Өзбекстандағы Қазақстан стендінің құрамында таныстырылды.          Халықаралық жәрмеңкелерді, іс-шараларда Алматы облысының туристік әлеуеті мен мүмкіндіктерін жарнамалау, қалыпты имидж қалыптастыру және «Zheysu Travel» брендін жылжыту мақсатында туристік сувенирлер мен жарнамалық материалдар әзірленді.

Ішкі және кіру, балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында келесідей ірі имидждік іс-шаралар өткізілді: Қапшағай су коймасында Алматы облысы әкімінің Кубогына халықаралық желкенді регата, оған Қазақстан, Ресей, Германия елдерінен 19 команда қатысты. Таңбалы Тас шатқалында «Tengi Ultra-2019» атты Ұлы дала халықаралық марафоны ұйымдастырылды. Марафонға әлемнің 18 елінен 1500-ден астам адам қатысты, іс-шараны көруге 2000-нан аса адам жиналды. Алакөл ауданында «Крылья Алаколя» бедвочерлер фестивалі ұйымдастырылды, оған 150-ден астам адам, оның ішінде Ресейден орнитологтар қатысты. Фестивальдың шеңберінде «Құс арт-базары» концепциясы әзірленді, оған қолөнершілер мен суретшілер өз туындыларымен қатысты. Көксу ауданы мен Талдықорған қаласының аумағында «Granfondo Kazakhstan Tour of Zhetysu» халықаралық веложарыс өтті. Веложарысқа Ресей Федерация, Италия, Корея Республикасы, Өзбекстан, Германия, Қырғызстан, Қытай, Польша, Украина, Қазақстаннан 300-ден астам адам қатысты. Сонымен қатар, В. Чепельдің құрметіне жасанды жер бедерінде туристік көпсайыс бойынша сайыстар және қысқы туризм түрлері бойынша «Winter fest» фестивалі, жыл сайынғы «Туристята» конкурсы, рафтинг бойынша «Chilik sprint rase-2019» Қазақстан Кубогының бірінші кезеңі, «Koksu water fest 2019» су фестивалі өткізілді.

 Алматы облысы туризм басқармасының іс-шаралар күнтізбесінде «Сиверс алма ағашының гүлденуі» фестивалінің танымалдылығы артуда. «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің базасында екінші мәрте өтіп отырған фестивалдің бағдарламасы көпжанрлы - концерттік бағдарламадан ұлттық спорттық ойындарға дейін өзіне бірнеше бағытты қосты. Ал фестивальдың өзіндік ерекшелігі «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне ақпараттық турдың өткізілуі болды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының шеңберінде Қарасай ауданында «Nomad» этноорталығында «Көшпенділердің әскери өнер апталығы», «Тарихи қолөнер апталығы», «Көшпенділердің тарихи киім апталығы» атты фестивальдар өткізілді. Фестивальдардың басты мақсаты - тарихи, этнотуризмді дамыту, көшпенділердің мәдени-тарихи мұрасын көпшілікке насихаттау, сақ дәуірінен бастап Қазақ хандығының кезеңіне дейінгі Қазақстан аумағында көшпенділердің әскери өнерін кезең-кезеңмен дамытуды көрсету, сондай-ақ Ұлы дала халықтарының ұмытылған рецептілерімен және қазақ ұлттық киімін дайындау мен киюдің ерекшеліктерімен танысу. Фестивальдарға 6000-нан астам адам қатысты. Талғар ауданында «Тойқазан» ұлттық тағамдар фестивалі өтті. Фестивальге келушілердің жалпы саны 5 000-нан астам адамды құрады.

Туристік индустрия және БАҚ өкілдері үшін ақпараттық, этнографиялық және гастрономиялық турлар, туристік клубтарда айналысатын, сондай-ақ аз қамтылған отбасыларынан шыққан 200-ден астам балалар мен жасөспірімдерге облыстың туристік объектілеріне экскурсиялар ұйымдастырылды және өткізілді.

Облыстағы орналастыру орындарында жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін көтеру мақсатында орналастыру орындары өкілдерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру бойынша мастер-класс өткізілді. Мастер-классқа 30-дан аса адам қатысты. Мемлекеттік ұйымдардың, туристік қызмет субъектілері мен объектілерінің өкілдері үшін «Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту және жанжалдарды шешу» тақырыбына фасилитация әдісін қолдану арқылы тренинг ұйымдастырылды. Талдықорған, Алакөл, Панфилов аудандарында өткізілген тренингтерге 100-ден астам адам қатысты.

Өңірдің туристік индустриясын цифрландыру жобасын жүзеге асыру жалғастырылуда. Жобаның шеңберінде zhetysu.travel халықаралық туристік ақпараттық порталы әзірленіп, іске қосылды. Порталда таңдалған критиерийлерге сәйкес туристік объектілер мен субъектілерді іздеуге мүмкіндік беретін интерактивтік карта орнатылған. Бұған қоса, 4200-ге жуық туристік нысандар мен кәсіпкерлік субъектілерін Google және Yandex сияқты халықаралық картографиялық сервистерге, сонымен қатар TripAdvisor секілді саяхаттаушылардың ірі порталына орналастыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Алматы облысының туристік әлеуетін жылжыту бойынша жұмыстар «Ветер Странствий» журналы, «Аспан» борттық журналы, «Литер» газеті сияқты танымал БАҚ беттерінде, «Тұран ТВ» телеарнасында, Facebook пен Instagram әлеуметтік желілерінде жүргізілуде.


Орналастырылған күні: 30.10.2019 10:17

Өзгертілген күні: 30.10.2019 10:18:58

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх