Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +21 oC

2019 жылдың 9 айының қорытындысы

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) ҚР Заңы және Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын орындауда 2019 жылдың ІІІ тоқсанында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарды.

Тілдік жағдайды зерделеу мақсатында облыстық және жергілікті атқарушы органдардың кіріс-шығыс құжаттарына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Осыған сәйкес өңірімізде III тоқсанда мемлекеттік тілдің қолданылу көрсеткіші 99,5 пайызды құрады.

Ағымдағы жылы мемлекеттік тілді оқыту курсына 869, орыс тілі курсына          21 және ағылшын тілі курсына 462, латыннегізді әліпбиді оқыту курсына 758 тіл үйренуші қабылданды. Барлығы 2110 тыңдаушы.

Қазіргі уақытта облыста заманауи үлгіде жабдықталған 20 тіл оқыту орталығы (облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы және аудан қалаларда орналасқан          19 филиал) жұмыс жасауда.

Жуырда алғаш рет облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының                     15 компьютеріне латын графикасымен белгіленген қазақ әліпбиінің пернетақтасы орнатылды. Клавиатураларды апробациядан өткізу шарасына түрлі сала қызметкерлері қамтылды. Олар мәтінді латыннегізді әліпбиде теріп, сауалнама толтырып, жаңа клавиатураның тиімділігі мен қолайсыз тұстары туралы өз ұсыныстарын білдірді.

Ересек аудиторияларға латын негізді әліпбидің емле ережелерін меңгерту бойынша оқыту курсы басталды. Курс тыңдаушылары жаңа әліпбидің емле ережесін жете меңгеріп, курс соңында арнайы анықтама алып шығады.

Тілдерді ересек аудиторияларға жан-жақты меңгерту мақсатында Басқарманың сайтында (http://tildamytu-tdk.gov.kz/videos/) күн сайын, дүйсенбіден жұмаға дейінгі аралықта онлайн көрсетілім арқылы сабақ өтуде.

Сонымен қатар «Жетісу» телеарнасымен бірлесе латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, бейімделу, көпшілікке үйрету, қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатындағы «Латыннегізді әліпби» атты телебағдарлама 6 қазаннан бастап көрермен назарына ұсынылды.

Басқарма тарапынан ІІІ тоқсанда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолданылу аясын дамыту әрі кеңейту мақсатында ауқымды шаралар атқарылды. Мәселен, Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңындағы онкүндіктің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Онкүндік аясында «Жастар жырлайды», «Текті сөздің төресі – терме» байқауы, «Тілдарын – 2019» олимпиадасы, «Мемлекеттік тіл – еліміздің тұғырлы тірегі» атты дөңгелек үстел, Славян жазуы күндері, «Өзім туралы» этнос өкілдері арасында әлеуметтік желі арқылы эссе жазу акциясы, латыннегізді әліпбиді оқыту, үштілділік бойынша ашық есік күні ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, үшінші жыл қатарынан жүзеге асқан қос бірдей жобаның биылғы жылғы қорытындысы шығарылды. Олардың бірі облыс орталығы мен аудан, қалаларда жүргізілген «Жетісу – кітапқұмарлар өлкесі» атты Буккроссинг жобасы.

Ал, әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырған екінші жоба «Жетісудың жыр керуені» деп аталады. Жоба аясында танымал тұлғалар мен жас әдебиетшілер Алматы облысында дүниеге келген ақын-жазушылардың шығармаларын оқып, бейнежазбаға түсіріп әлеуметтік желідегі парақшаларына орналастырған белсенді қатысушылар Тіл мерекесі қарсаңында марапатталды. «Ең жас қатысушы» номинациясына ие болған 6 жасар Айша Бестібайға жиылған қауым зор қошамет көрсетті.

Мерекелік шарада облыс әкімі А. Баталовтың қолдауымен жарық көрген «Ақ қауырсын» кітабының тұсауы кесілді. Кітапқа былтырғы жылы өткен «Мәңгілік елдің мұраты» атты байқаудың қорытындысы бойынша ең озық деп танылған туындылар топтастырылды.

Өңіріміздегі барлық аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы филиалдарының меңгерушілері «Тілдерді дамыту мен қолданудың                      2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы және алдағы міндеттер» атты жиында бас қосса, А. Байтұрсынұлы атындағы Тілбілімі инстититутының белгілі ғалымдары мен тіл мамандары «Ономастика және көрнекі ақпарат мәселелері» тақырыбындағы семинар-кеңеске қатысты.

Деректемелер мен көрнекі ақпараттардың заңдылығы мен сауаттылығын қадағалау мақсатында маусым-тамыз айларында «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы өткізілді. Акция барысында барлық аудан, қала әкімдіктері тарапынан арнайы жұмыс тобы құрылып, іс-шаралар жоспарына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізіліп, қорытындысы шығарылды.

6032 нысанға жүргізілген 1214 рейдтік тексеру жұмыстары барысында           1290 кемшілік анықталған. Оның ішінде:

-          орналасу тәртібі сақталмағаны 360;

-          емлелік қате орын алғаны 213;

-          стилистикалық қатемен жазылғаны 152;

-          тек орыс тілінде жазылғаны 384;

-          ағылшын тілінде жазылғаны 51;

-          түзетілген кемшіліктердің саны 756;

-          қалған 534 кемшілік бойынша нысан иелеріне әдістемелік көмек көрсетіліп, ретке келтіру шаралары жүргізілуде.

Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес ү.ж. қазан айының 8 күні комиссия отырысы өтті.

Аталған отырыстың күн тәртібінде Жамбыл, Талғар аудандарындағы ономастикалық жұмыстарға байланысты атқарылған іс-шаралар туралы аудан әкімі орынбасарларының есептері тыңдалды.

Комиссия мүшелері тарапынан 2019 жылғы 2 желтоқсанға дейін анықталған кемшіліктерді түзету және атқарылған жұмыстардың нәтижесі жөнінде облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына ақпарат беру тапсырылды.

Сонымен қатар, Ақсу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Кеген, Көксу, Қарасай, Панфилов, Райымбек, Талғар, Ұйғыр, Іле, Ұйғыр аудандарына қарасты әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елдi мекендердің құрамдас бөлiктеріне (көшелерге), мемлекет меншігіндегі объектілерге (мектеп, ауылдық мәдениет үйі) атау беру және оларды қайта атау туралы ұсыныстар қаралды.

Нәтижесінде:

-          әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша 9 ұсыныстың 8-іне;

-          елдi мекендердің құрамдас бөлiктері (көшелер) бойынша 607 ұсыныстың 551-іне (184-і қайта атау, 367-сі жаңа атау) оң қорытынды берілді.

-          Мемлекет меншігіндегі объектілер (мектеп, мәдениет үйі) бойынша           14 ұсыныстың 8-ін Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолдау туралы ұйғарым қабылданды (барлығы 630 ұсыныс, мақұлданғаны 567).

Басқармасының 2019 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес қазан айының                  1-8 аралығында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың          2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалуы бойынша облыстық мемлекеттік мекемелерде зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Зерделеу барысында мемлекеттік тілдегі ісқағаздардың пайыздық үлесі төмен мекемелер анықталды. Олар:

Туризм басқармасы 90,7%;

Ауыл шаруашылығы басқармасы 86,9%;

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы 84,6%;

Сәулет және қалақұрылысы басқармасы 80,4%;

Мемлекеттік сатып алу басқармасы 77,8%;

Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 48%.

Штат кестесі бойынша басқармада 10 мемлекеттік қызметші бар, бүгінгі күнге бос лауазымдық орындар жоқ.

9 айдың қорытындысы бойынша басқармаға 23 жеке және заңды тұлғалардан жүгінулер келіп түскен, басқарма басшысының жеке қабылдауында өз мәселелерімен 10 адам қабылдауда болды. Келіп түскен өтініштерге және жеке қабылдауда болған азаматтарға Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Заңына сәйкес жазбаша түрде жаауаптар беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Алматы облысының мемлекеттік органдары қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша берілген тапсырмаларға орай басқармада жауапты тұлғалар бұйрықпен бекітілген. Мемлекеттік мекемеге бөлінген бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Ашық бюджет», мемлекеттік мекеменің интранет порталындағы «құжаттар кітапханасы» блоктарына Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ақпараттар мерзімінде енгізіліп отырады.


Орналастырылған күні: 30.10.2019 11:06

Өзгертілген күні: 30.10.2019 11:08:57

Құрметті кәсіпкерлер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх