Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +13 oC
2019 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2019 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы 2019 жылдың белгілі 1-ші жартыжылдықта жұмыстар жүргізді.

Облыс аумағында 105 этнос өкілдері тұрады. 60 этномәдени бірлестік белсенді жұмыс істейді: оның ішінде 26 облыстық, 31 аудандық, 3 қалалық.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді.

"Алдагерлерді ардақтайық" жобасы аясында Талдықорған қаласының "Достық үйі" базасында "белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" ашылды. Жаңа орталықта мәдени-ағартушылық клубтар, тілдік және компьютерлік сыныптар бар. Қарт адамдар кітаптар оқи алады, шахмат, домбырада ойнай алады, қолөнермен айналыса алады, тіпті фитнес-залда да жаттыға алады.

2019 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарының Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының бекітумен бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 71 іс-шарадан 58 іс-шара орындауда, яғни 81,6 пайыз құрайды.

Этносаралық және конфессияаралық келісімді, қоғамдық-саяси тұрақтылықты және Қазақстан халқының бірегейлігін сақтауға бағытталған 154 іс-шара ұйымдастырылды.

Этномәдени бірлестіктер жастар жылына арналған қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, этникалық мәдениетті дамыту бойынша 283 аса маңызды іс-шаралар өткізді.

Облыстық корей этномәдени бірлестігі ҚКҚ ЗТҚ аймақтық ұйымдары арасында бірлескен іс-шараға конкурс өткізді.

422 Қоғамдық келісім кеңесі белсенді жұмыс істейді: 1 облыстық, 20 аудандық және қалалық, 393 ауылдарда және 8 ірі кәсіпорындарда, олардың құрамында қоғамдық пікір көшбасшылары, этномәдени бірлестіктердің, ҮЕҰ, аналар кеңесінің, Кәсіподақ және жастар бірлестіктерінің өкілдері, ауылдық округ әкімдері, учаскелік полиция инспекторлары жұмыс істейді.

Барлық деңгейдегі қоғамдық келісім Кеңестерімен әртүрлі форматтағы 1001 іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді, жергілікті жерлерде 960 өзекті мәселе шешілді.

"Қайырымдылық туралы" ҚР Заңына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы облыста өткізілетін барлық қайырымдылық іс-шаралардың үйлестірушісі болды. Қайырымдылық пен меценаттар базасы құрылды, оған 322 адам кірді.

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы 2019 жылдың   1-ші жартыжылдықта 1329 –ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, 4 419 отбасына 184 456 001 теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

Облыстық ҚХА қызметінің тағы бір бағыты-Медиацияны дамыту.

Медиация кабинеттерінің саны - 68. Достық Үйі-Қоғамдық келісім орталығы базасында медиация орталығы жұмыс істейді, сондай-ақ облыстың 20 аудандары мен қалаларында кабинеттер ашылды. Алматы облысы ҚХА Қоғамдық медиаторларының жалпы саны - 283. 82 семинар, тренингтер өткізілді.

Кәсіби медиаторлармен реттелетін даулар саны – 272; қоғамдық медиаторлармен және ҚХА құрылымдарымен реттелетін даулар саны - 303.

19 ақпан күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми сараптамалық топтың кеңейтілген отырысы өтті. 
Шараға Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі – Ғабит Тұрсынбай, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры – Тәңірберген Қасымберкебаев, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры, з.ғ.докторы, профессор – Қуат Баймырзаев, ғылыми сараптамалық топтың мүшелері және облыстық БАҚ өкілдері қатысты.

Өткен жылы ҚХА Республикалық ғылыми-сараптамалық кеңесі 2018-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-демографиялық және этносаралық аймақтардағы ғылыми жұмыстардың біріккен жоспары құрылды. Осы біріккен жоспарында Алматы облысының үш жобасы жарияланып, олардың іске асырылуы ҚР БҒМ Ғылым комитетінің бақылауында.      

"Жаңғыру жолы" жастар қозғалысының аймақтық штабы жастарды "жастар жылы" өтетін барлық бағыттармен, студенттерге арналған мастер-кластармен таныстыруға байланысты 13 іс-шара өткізді.

"Мың бала" мәдени-ағартушылық жобасы аясында 2 іс-шара, "Ұлы парасат иесі Мұқағали" атты шығармашылық кеш және 190 адам қамтылған "Халықтың рухын көтеруге арналған 101 сөз" атты дөңгелек үстел өткізілді.

26 ақпан күні "Достық Үйінің" ғимаратында " Ұлы дала халқының " мұрагерлері Алғыс айту күніне арналған Талдықорған қаласының барлық оқу орындары студенттерінің қатысуымен дарынды жастарды қолдау, қайырымдылықты дамыту мақсатында жастар ұйымдарының қызметіне, волонтерлық және қайырымдылық қызметіне жастарды көптеп тарту қайырымдылық концерті өтті.

27 ақпанда Оқушылар сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастыруымен Жастар жылы аясында, Алғыс айту күніне арналған " Біз Жетісуда тұрамыз!" өңірлік форумына 500-ден астам қатысушы қатысты.

 

17 мамыр күні І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Алматы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті ХХV-ші сессиясы және Жастар саябағында халықаралық «Сабантой - 2019» мерекесі аталып өтіп, шараға жалпы саны - 2000 адам қатысты.

28 мамыр Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында «Мәміле» - «Ситуативный казахский» клубы құрылып, алғашқы отырысын өткізілді.

31 мамыр күні Талғар ауданының Жаңалық ауылында Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу митингі үлкен көлемде аталып өтіп, шараға 7000 адам атсалысты.

4 маусым ҚР Рәміздер күніне арналған көпшілік шараға 500 адам қатысып, шарада «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында» алдағы уақытта рәміздер орталығы ашылуы жоспарланды.

12 маусым «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Мақпал Тәжмағамбетовамен І.Жансүгіров атындағы ЖМУ филология және журналистер факультеті студенттерінің жалпы саны 60 адамды қамтыған шеберлік сыныбы өтті.

15 маусым Достық үйі конференция залында 200 адамның қатысуымен «Люди реки»в Семиречье. К вопросу казахского-татарских связей в процессестановления народа Казахстан» тақырыбында ғылыми конференция өтті.

26- 28 маусым аралығында «Ұлттық бірегйліктің негізі. Жетісудың киелі жерлері» атты экспедиция Ақсу, Сарқан аудандарының Киелі жерлерімен танысып өтті.

Бүгінгі күні барлық деңгейдегі 266 Аналар кеңесі бар. Олардың: 1- облыстық, 3- қалалық, 17 аудандық, 245-ауылдық жерлерде. Мүшелер саны- 883.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесімен қоғамда ананың рөлі мен отбасының беделін көтеруге бағытталған бірқатар іс - шаралар өткізілді, "Берік отбасы - берік мемлекет", "Мәңгілік ел бесігі - Ананың жүрегінде", "Достықтың тамыры – бірлікте", "Ана денсаулығы - ұлт денсаулығы", "Ана-медиатор", "Ата – аналар мектебі", "Әйел және бизнес", "Ақ отауға – ақ бата", «Ана- ӨМІР шырағы», "Қыз тәрбиесі-болашақ тәрбиесі", "Әйел және қоғам" жобалары және басқалары іске асырылуда. Жалпы, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Аналар кеңесімен облыстық ауқымдағы 2 іс – шара (6 наурыз күні «Ұлы даланың жеті қыры»: «Ұлы даланың көне сарындары» форумы және 19 наурыз күні «Мейірімді келін» атты өнегелі кездесу), аудандық және қалалық деңгейдегі 307 іс-шара ұйымдастырылды.

2018 жылдың қазан айында Талдықорған қаласында өткен Республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде біздің облыстың Аналар кеңестерінің жұмысы республика бойынша үлгі ретінде таратылды.

Осы жұмыстың бірден бір дәлелі, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Алматы облыстық Аналар кеңесінің мүшесі Ақбасова Ғалия Ниязқызы өңірдің барлық көп балалы аналарының атынан сөз сөйледі.

Нәтижесінде, ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық келісім РММ тапсырмасымен 5 наурыз күні бірыңғай Аналар кеңесінің күнін өткізу және Ғ.Ақбасованың сөзін талқылау ұсынылды. Бұл шара облыс бойынша 5 мыңға жуық адамның қатысуымен 487 іс-шара ұйымдастырылды.

Облыстық Ассамблеяның түрлі этностардың тарихи отандарымен байланысын нығайтуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Облыстық, аудандық және қалалық БАҚ-тарда 168 материал жарияланды, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту, біртұтас болашақ ұлтын қалыптастыру тақырыбы бойынша 170-тен астам әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, VK) материал орналастырылды, "Жетісу" телеарнасында 65 сюжет көрсетілді, соңын ішінде 3 «Ұлылық ұясы бағдарламасы» және 62 ақпараттық жаналықтар аясында.

   


Орналастырылған күні: 30.10.2019 10:47

Өзгертілген күні: 30.10.2019 10:48:28

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх