Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +14 oC

2019 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

Облысымызда жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының ұзындығы 9 562 шақырымды құрайды (республикалық маңызы бар - 2774 шақырым; жергілікті маңызы бар - 6788 шақырым).

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық жолдардың үлесі 78,1% құрап отыр.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында қауіпсіз және үзіліссіз қозғалысын қамтамасыз ету және көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2019 жылға облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстарына 20 401,313 млн. теңге қарастырылып (8 167,674 млн.теңге - республикалық бюджет, 12233,639 млн.теңге - жергілікті бюджет), жолдардың 27 шақырымына құрылыс және қайта жаңғырту, 59,5 шақырымына және 8 көпірге күрделі, 190,5 шақырымына орташа жөндеу, 74,4 шақырымына маршруттық тәсілмен жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ағымдағы жылы 351,4 шақырым жол жөндеуден өтіп, жыл соңына қарай жоспарға сәйкес жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының көрсеткішін 81% жеткізу көзделуде.

Осыған қоса, алдымыздағы жылға жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленген құрылыс, қайта жаңғырту, күрделі, орташа жөндеу жұмыстарының жоспарлары құрылған. Осыған сәйкес 2020 жылы 31,93 шақырым жолды күрделі, 343,12 шақырымды орташа, 155,82 шақырымды маршруттық тәсілмен жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғаларының қауіп-қатерін болдырмау және алдын-алу мақсатында ағымдағы жөндеу және күтіп-ұстауға 2 322,469 млн. теңге қаражат қарастырылып, жыл басынан жолдың 905 шақырымына сызба жұмыстары, 2145 м2 жаяу жүргіншілер жолағын сызу, 1489 бірлік жол белгілерін орнату, 293 717 м2 ағымдағы жөндеу, сонымен бірге жол жиегіндегі шөптерді шабу, тегістеу, құрғақ ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілуде.

Жүргізілген паспортизация және диагностика нәтижесінің қорытындылары бойынша 108 көпірдің жөндеу жұмыстарын 3 кезеңге бөліп, 1 кезекте апатты деп танылған 31 көпірдің жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 2018 жылы 7 көпірді орташа жөндеу жұмыстарын орындауға 489,598 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы 8 көпірдің күрделі жөндеуіне 1 401,118 млн.теңге бөлініп, құрылыс-монтаждық жұмыстары жүргізілуде.


Орналастырылған күні: 16.08.2019 18:30

Өзгертілген күні: 16.09.2019 18:31:11

Құрметті кәсіпкерлер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх