Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +13 oC

2019 жылдың қорытындысы

Облыс аумағында  105 этнос өкілдері тұрады. 26 облыстық этномәдени бірлестігі мен олардың  аудандардағы - 38 және қалалардағы  7 филиалдары (жалпы саны –71)  тіркелген. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының неізгі құрылымдарында ғылыми-сараптамалық топ, этносаралық тақырып бойынша жетекші журналистер мен сарапшылардың клубы, этномәдени орталықтар, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесі, «Аналар кеңесі», «Облыстық Қоғамдық келісім кеңесі, «Бірлік» жастар қауымдастығы, Республикалық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өңірлік штабы, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ- де ҚХА кафедрасы, «Парасат» тіл жанашырлар клубы, белсенді ұзақ өмір сұру орталығы, «Өрнек» би ансамблі, “Полония” вокалды тобы,  «Вайнах» шешен-ингуш ән-би ансамблі жұмыс істейді.

Этномәдени бірлестіктер қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, этносаралық мәдениетті дамыту бойынша 100 – ден астам маңызды іс-шаралар өткізді.

283 кәсіби емес және 25 кәсіби медиатор тіркелген. 17 ауданда, 3 қалада және Достық үйінде облыстың ҚХА жанында 21 медиация кабинеті ашылған, сондай-ақ соттар жанынан 47 медиация кабинеті жұмыс істейді.

Облыс бойынша барлығы 3352 адамның қатысуымен 125 іс-шара өткізілді. Жанжалдардың барлық түрлері бойынша медиаторлармен 1329 жанжал шешілді, оның ішінде 571 кәсіби, 758 жанжал кәсіби емес медиаторлармен шешілді. 2018 жылдың қорытындысымен салыстырғанда ағымдағы жылы 300-дей дау-дамай артық шешілген және 50-ден астам іс-шара артық өткізілген.

Қоғамдық келісім кеңестердің саны 422-ні құрайды. Оның ішінде, 1 облыстық, 20 аудандық және қалалық, 393 ауылдық деңгейде және ірі кәсіпорындарда 8 қоғамдық келісім кеңестері жұмыс істейді. .

Барлық қоғамдық келісім кеңестері облыс бойынша 99 292 адам қамтылған әр түрлі деңгейдегі 1893 іс-шара өткізді, 2181 өзекті мәселе қаралып, оң шешімін тапты.

Облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңестері 872 іс-шара өткізіп, 46195 адам қатысты. Оның ішінде: 28 фестиваль, 187 жиналыс /оның 106 -қыздар арасында /, 42 байқау, 45-форум, 99 - кездесу, 91- қайырымдылық акциясы, 6-дөңгелек үстел, 74-семинар - тренинг, 50-шеберлік сыныптары, 80-кеңес отырыстары т.б дәстүрлерді насихаттау бойынша көпшілік шаралар өткізілді.

2017-2018 жылдары екі кезеңнен тұрған «Рухы бекем-Киелі мекен» экспедициясының нәтижесі бойынша қараша айында «Алматы облысының өңірлік, республикалық маңызы бар киелі жерлер» монографиясы жарық көрді.

"Қазақтану" ғылыми - зерттеу жобасының аясында "Қазақтың ұмыт болған дәстүрлері", "Ұлы даланың жеті қыры", "Қымызмұрындық" жыл сайынғы фестивалі өткізілді.

Облыстық Ассамблеяның Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына арналған "Ілияс ізімен" атты зерттеу жобасы жүзеге асырылды.

Ресей кітапханаларының қорларынан және Мәскеу мен Санкт-Петербург мұрағаттарынан Қазақстанда беймәлім Ілияс Жансүгіровтің "Жаңқа", "Құл" кітаптары, сондай-ақ оның өмірін куәландыратын 73 құжат табылды.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы үстіміздегі жылы тағы бір жастар қозғалысымен толықтырылды. 2018 жылы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өңірлік штабы құрылса, 2019 жылы «Айбын» әскери патриоттық клубы өз жұмысын бастады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған «JAQSYLYQ JASA» жобасы аясында Текелі қаласы «Шапағат» қарттарға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Мейірім шуағы» және Достық үйінде "Ұлы дала халқының мұрагерлері" атты қайырымдылық концерттер, жыл басынан «Сарқыт», «Сыбаға», «Шашу», «Асар», «Қамқор», «Тоқымқағар», «Ерулік», «Жылу», «Көрімдік», «Бата» және «Мектепке жол» республикалық акциялары аясында көп балалы отбасыларға азық – түлік себетін тарату, Арыс қаласында зардап шеккен азаматтарға қажетті тұрмыстық заттар жинау сияқты қайырымдылық шараларын тұрақты жүргізуде.

«JASТAR JYLY - DANGYL ZHOL» жобасы аясында Қаратал өзенің жағасында «Чистый берег» атты әлеуметтік – экологиялық жобаны жүзеге асырды. Экологиялық шараға облыстық "Лидер.кз" еріктілер қозғалысының мүшелері, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ мен колледж білімгерлері атсалысты.

          «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесі облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысымен бірлесіп 25 қыркүйекте Қапшағай қаласы Мәдениет үйінде «Жастар. Бірлік. Болашақ» атты фестиваль аясында «PRодвигай себя» атты өзін-өзі дамытуға арналған тренинг, 26 қыркүйекте Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округінің "Сервистік-техникалық" колледжінде «Жастардың алтын бесігі» атты кездесу ұйымдастырды.

Өңірлік «Жаңғыру жолы» штабы, облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесіп «Өзгерісті өзіңнен баста» жобасы аясында «Адал бол» жастар акциясын Достық үйінде өткізді.

Медиа-жоспарға сәйкес республикалық, облыстық, аудандық және қалалық газеттерде 356 мақала жарық көрді. Алматы облысында аудан және қала газеттерінің беттерінде Ассамблеяның құрылымдары мен жұмысын насихаттау мақсатында 200 ге жуық материал шықты. Сонымен қатар, І.Жансүгіровтің 125 жыл толуына байланысты жыр құлагерінің туған жері Ойтоған ауылы, Аққұм қыстауынан басталып, Мәскеуде аяқталған экспедицияға қатысқан жас әдебиттанушы, ғалым Елдос Тоқтарбай және Илиястанушы, «Жетісу» газетіні тілшісі Гүлжан Тұрсын   көптеген тың деректер жинақталып, материалдары республикалық «Түркістан», «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», облыстық «Жетісу» газеттерінде жарық көрді.

Этносаралық татулық пен бірлікке бағытталған мақалалар саңы: Облыстық «Огни Алатау» газеті –136, «Жетісу» - 58, «Егемен Қазақстан» газеті – 17 мақала жариялаған.

«Қазақстан», «Хабар», «24 KZ» телеарналарында 23 телесюжеттер көрсетілді. «Жетісу» телеарнасында 248 сюжет, (жаңалықтарда 115 қазақша, 98 орысша) телесюжеттер көрсетілді, айына 2 рет «Единый народ» бағдарламасы шығады.

Ресми сайттарда http://dostyk.zhetisu.gov.kz - 68 ақпарат.       http://.assembly.kz/ - 89 ақпарат.

Әлеуметтік желілерде («ВК», FACEBOOK, INSTAGRAM) 474 ақпарат орналастырылды.

28 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында Алматы облысының әкімі А. Баталов облыстық ҚХА-ның атқарған жұмыстары туралы есеп берді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасның орынбасары, хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев Алматы облысында әртүрлі этникалық құрамда жұмыс жоғары деңгейде қойылғанын атап өтті.Алматы облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс тәжірибесін еліміздің басқа өңірлеріне пайдалануды ұсынды.

20 желтоқсан күні Достық үйінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен белсенділерімен кездесуі өтті.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі» қоғамдық медалімен «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Қасымберкебаев Тәңірберген Қасымақынұлы, «Алматы облыстық славян қозғалысы» ҚБ төрайымы Белик Наталья Алексеевна, облыстық Еңбекшіқазақ ауданы қоғамдық кеңесінің мүшесі Карасивиди Савелий Савельевич және «Қазақстан ұйғырларының республикалық орталығы» ҚБ облыстық филиалының төрағасы Кузиев Закирджан Пирмухамедович марапатталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісімен Милосердие» қоғамдық қамқоршылық қорының директоры Янина Лариса Николаевна марпатталды.

ҚР Премьер министірінің Алғыс хатымен 2017 жылдың «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Елдос Баялышбаев марпатталды.

Сонымен қатар этносаралық татулық пен келісімді нығайту жолында белсенді жұмыс атқарып жүрген азаматар Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен, және Алматы облысы әкімінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.




Орналастырылған күні: 22.01.2020 12:06

Өзгертілген күні: 22.01.2020 17:19:31

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх