Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +16 oC

2019 жылдың қорытындысы

2020 жылдың 01 қаңтарына мемлекеттік бюджетке түсетін кірістердің жоспары 101,1 % орындалды, жоспар 503 771 млн. теңге болса, түсім 509 292 млн. теңгеге түсіп, жоспардан тыс 5 521 млн. теңге түсті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсім 122 600 млн. теңгеге артып, өсу қарқыны 131,7 % құрады.
Жергілікті бюджет бойынша жоспары 102,2 % орындалды, жоспар 221 225 млн. теңге болса, түсім 226 013   млн. теңгеге түсіп , жоспардан тыс 4 789 млн. теңге түсті. Өткен жылмен салыстырғанда 23 659 млн. теңгеге артып, өсу қарқыны 111,7 % құрады.
Республикалық бюджеттің жоспары 100,3 % орындалды, жоспар 282 546 млн. теңге болса, түсім 283 279 млн. теңгеге түсті, жоспардан тыс    732 млн. теңге түсті. Өткен жылмен салыстырғанда 98 942 млн. теңгеге артық түсіп, өсу қарқыны 153,7 % құрады.
2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда келесі салық түрлері артып отыр:
республикалық бюджетке Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының аумағынан импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқа, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан 60 417 млн.теңгеге, темекі өнімдері бойынша акцизден 11 547 млн. теңге, ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығынан 11 111 млн. теңгеге, корпоративтік табыс салығынан 6 751 млн. теңге, Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге салынатын қосылған құн салығынан 6 428 млн. теңгеге,
жергілікті бюджетке темекі өнімдері бойынша акцизден 16 734 млн. теңгеге, әлеуметтік салығы 4 375 млн. теңгеге, жеке табыс салығынан 2 312 млн. теңгеге, заңды тұлғаларға салынатын мүлік салығынан 1 864 млн. теңгеге.
Салықтық және кедендік әкімшілендіруді күшейту есебінен бюджетке14 624,1 млн. теңгеге қосымша түсімдердің түсуі қамтамасыз етілді, оның ішінде республикалық бюджетке 12 422,9 млн.тенге, жергілікті бюджетке 2 201,2 млн.теңге келесі бағыттар бойынша:
- салықтық есептілік нысандарына камералдық бақылау жүргізу нәтижесінен 6 462,3 млн. теңге;
- корпоративтік табыс салығын әкімшілендіруден 4 287,5 млн. теңге;
- бересіні өндіріп алуынан-2 126,1 млн. теңге;
- тексеру актілері бойынша қосымша есептеулерден – 1 748,2 млн.теңге.
2019 жылға арналған жергілікті бюджетке түсетін қосымша кірістерді қамтамасыз ету үшін уәкілетті органдармен өзара әректесу туралы іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша 3 931,4 млн.теңгеге қосымша түсім қамтамасыз етілді.
Облысымыздың аумағында жұмыс жүргізетін кәсіпорындарды Алматы облысының тіркеу есебіне қою жұмыстары күшейтулуде.
Басқа аумақтардың 84 заңды тұлғалары облыс аумағында ірі құрылыстар жүргізіп жатқаны анықталды.
Олардан мемлекеттік бюджетке 2018 жылы 11,2 млрд. теңге салықтар мен төлемдер түскен, оның ішінде республикалық бюджетке 8,9 млрд. теңге және жергілікті бюджетке – 2,2 млрд. теңге.
2019 жылы– 10,8 млрд. теңге түсті, оның ішінде республикалық бюджетке 8,4 млрд. және жергілікті бюджетке – 2,4 млрд. теңге .
2020 жылғы 08 қаңтардағы жағдай бойынша, анықталған 84 заңды тұлғалалардаң үшеуі облысымыздың тіркеу есебіне тұрды, атап айтқанда:
1.      «ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орта Азия» ЖШС-гі 2019 жылдын 2 қыркүйегінде   Алматы қаласының Медеу ауданының тіркеу есебінен шығып   Іле ауданының аумағына тіркеуге тұрды, жанар-жағармайды өндіріп, майлау материалдарын шығаратын инновациялық зауытының құрылысын жүргізуде. Тіркеуге турғанынаң бастап 558,5 млн. теңге салықтар мен төлемлер бюджетке түскен.
2.      « Хуан Шыңғыс » ЖШС-гі сауда үйі (№ 2 жатақхана құрамында), 2019 жылдың 27 қыркүйегінде Алматы қаласының Жетісу ауданынан тіркеуден шығып Панфилов ауданына тіркелді. Тіркеуге турғанынаң бастап    693,6 мың теңге салықтар мен төлемлер бюджетке түскен.
3.    "Азияэлектромонтаж" ЖШС-гі "Кок Алатау" тұрғын үй алабының инженерлік желілер құрылысы (жылу желілері) 2019 жылдың 9 казанында Алматы қаласы Жетісу ауданынан тіркеуден шығып Талғар ауданына тіркелді. Тіркеуге турғанынаң бастап 62,8 млн. теңге салықтар мен төлемлер бюджетке түскен.
Сонымен қатар, Алакөл ауданында. Ақши ауылында, « Falcon Petroleum » ЖШС-гі көп профильді қонақүйлер кешенінің құрылысын аяқтады, қазіргі уақытта қонақ үйді Талдықорған қаласының тіркелген AlmaTrade Group ЖШС жалға алды.
Сондай-ақ, Қаратал ауданында еріткіш зауыты салынып жатқан «Секвоя Плюс» ЖШС құрылған жұмыс орындары үшін облыс бюджетіне салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлейтін «Секвоя Плюс» ЖШС-гі Бастөбе филиалын тіркеді.
  2020 жылдың 1 қаңтарына салықтар бойынша бересі 4 277 млн.теңгені құрады, 2019 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 229 млн.теңгеге немесе 5,1% төмендеді (2019 жылдың 1 қаңтарына бересі 4 506 млн. теңгені құрады).
Аумақтық басқармалармен барлық борышкерлерге қатысты мерзімінде
орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары күнделікті қолданылады.
Қолданылған шаралар нәтижесінде өткен жылдар берешегі 3 051 млн.теңгеге төмендеді, онын ішінде 1 525 млн.теңге сомасына бересі ақшалай өндірілді.
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және оның аумақтық бөлімшелері бұқаралық-түсіндіру жұмысы туралы 2020 жылдың 01 қаңтары жағдайы бойынша келесі жұмыстар атқарылды.
Жыл басынан түсіндірме сипатындағы 37 295 іс-шара өткізілді. Оның ішінде:
– баспа басылымдарында жарияланған (республикалық және аймақтық газеттерде) - 1097 мақала, оның ішінде:
республикалық – 191;
аумақтық – 906.
- alm.kgd.gov.kz департаментінің ресми сайтында және Facebook, Twitter, VK, Инстаграм әлеуметтік желілер аккаунттарында және аудандар әкімдерінің ресми сайттарында 9433 ақпараттық материал орналастырылған, оның ішінде ақпараттық агенттіктердің сайттарында – 346 мақала ("Zakon KZ", "Тенгри Ньюс", "НУР.KZ", "Ақпарат Инфо", Параграф АЖ, Оnline.zakon.kz);
– республикалық және жергілікті теледидар бойынша ("Қазақстан" ТРК, "Атамекен", "Хабар", "24 КZ", "КТК", "Алматы ТВ" және "Жетісу" ТРК) - 135 сөз сөйлеу түсілілімі;
- "Жетісу" ТРК және "ЕсКаТел" ТД жергілікті теледидар бойынша 18 563 хабарлама жүгіртпе жолға орналастырылды;
- радио арқылы 8067 хабарлама жария болды;
Сонымен қатар 1129 түсіндіру іс – шара өткізілді, оның ішінде: семинарлар – 338, брифинг – 8, дөңгелек үстелдер – 525, Ашық есік күндері - 258.
2019 жылы барлығы 135 теледидарлық көріністер болды, олардың 58-і ұлттық телеарналарда, 77-сі жергілікті арналарда жүргізілді, мысалы, «Атамекен», «Қазақстан», «Хабар», «24 KZ», «КТК», «Алматы ТВ», «СТВ» республикалық телеканалдарында және жергілікті «Жетісу» ТК салық және кеден заңнамасындағы өзгерістері бойынша, шағын және орта бизнес және жеке тұлғаларға арналған салықтық амнистия туралы, патенттен басқа АСР-ға ауысу және онлайн-кассалық машинаны пайдалану, кеден мәселелері бойынша және т.б.жаңалықтар мен басқа да арнайы бағдарламаларда үнемі түсіндіріліп отырады.
Салық және кеден заңнамасының нормаларын тұрақты негізде түсіндіру бойынша жұмыс аясында Алматы облысындағы МКД қызметкерлері Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы өткізетін Бухгалтерлер клубының отырыстарына және түрлі семинарларға қатысады. Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы мен Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Өзара әрекеттестік аясында ай сайын Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасында «Салық сағаты» өткізіледі, онда Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері салық салу мәселелері бойынша кәсіпкерлерге кеңес береді.
Сонымен, салық төлеушілерге және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға 01.01.2019 жылдан бастап салық және кеден заңнамасына енгізілетін негізгі өзгертулер мен толықтырулар туралы ақпарат беру үшін. Алматы облысы бойынша МКД түсіндірме жұмыстары басқармасы 2019 жылдың 13 ақпанында Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасында семинар өткізді, онда Департамент қызметкерлері түсініктемелер берді және қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, 2019 жылдың 18 мен 22 ақпан аралығында ақпарат тарату аясында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Алматы облысының барлық аудандарында көшпелі семинарлар өткізді.
Сондай-ақ, 2019 жылдың 13 қарашасында Алматы облысындағы МКД Талдықорған қаласында салық төлеушілер үшін «Open space Taldyqorgan» ғимаратында «Патенттен басқа салық режиміне ауысу және онлайн-кассалық аппаратты қолдану» және т.б. тақырыпта семинар өткізді.
  Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылдың 1 тоқсанына келесі міндеттерді белгіледі:
1. 2020 жылдың мемлекеттік, республикалық, жергілікті бюджеттерінің жоспарын орындалуын және салықтар мен кедендік түсімдердің барлық түрлері бойынша орындалу сапасын қамтамасыз ету. 2019 жылдың деңгейіне түсімнің төмендеуіне жол бермеу және түсімнің артуын қамтамасыз ету.
2. Бюджеттегі салық қарыздарын, кеден қарыздарын азайту, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша қарыздарды азайту.
3. Бюджеттің түсімінің көбейту мақсатында салықтық, кеден әкімшілендіру және қосымша резервтерді іздестіру, салық салу базасын кеңейту жұмысын жақсарту.
4. Салық төлеушілерге және сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарлату жұмыстарын жүргізу.
5. Салық және кеден сұрақтары бойынша қоғамды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ету.
                   


Орналастырылған күні: 22.01.2020 12:08

Өзгертілген күні: 22.01.2020 12:10:36

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх