Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC

2019 жылдың қорытындысы

Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының атқарылған жұмыстары туралы 2019 жылғы қорытынды ақпараты

    

Орман шаруашылығы

 

Алматы облысының мемлекеттік орман қоры 3,7 млн.га, оның ішінде орманмен көмкерілген аумақ 1,6 млн. га.

Мемлекеттік орман қорын күзету, сақтау, орман ресурстарын пайдалану, орман өсіру және молықтыру жұмыстарын 14 орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің 1026 мамандары мен қызметкерлері атқарады.

2019 жылға бөлінген кеспеағаш қоры 5844,2 текше метр, оның ішінде кеспеағаш аймағынан тыс қоқысты жинау 700 текше метр. Дайындалғаны   5843,9 текше метр немесе 100 %.

Ұзақ мерзімге орман ресурстарын пайдалануға 56 тендер өткізіліп, 917 келісім шарт жасалды. Оның ішінен орман ресурстарын пайдаланушылардың өз еркімен жазған өтініштері бойынша және келісім-шарттың талаптары орындалмағаны үшін 344 келісім-шарт, соның ішінде 2019 жылы – 118 келісім шарт бұзылды. Бүгінгі күнге 573 келісім-шарт бойынша орман пайдаланушылар орман ресурсын пайдалануда.

2019 жылы күзгі және көктемгі мезгілдерде орман қоры жерлеріне 424,0 га жерге орман ағаштарын өсіру жоспарланып отыр, соның ішінде: 210,9 га көшетпен отырғызу, 213,1 га тұқыммен егу.

Көктемгі ағаш отырғызу жұмыстары   91,3 га жерде жүргізіліп, 327,8 мың екпелер мен көшеттер отырғызылды. (шырша, өрік, алмағаш, жиде, қайың, қарағаш).

Күзгі ағаш отырғызу жұмыстары 119,6 га. жерде жасалды (қарағаш, қара сексеуіл) және қара сексеуіл тұқымын егу жұмыстары 213,5 га. жерде жүргізілді.

Екпе ағашты толықтыру 205,2 га. жерде жүргізілді.

Орман тұқымбақтарында 2,0 га. жерге ағаш тұқымдары себілді. 9,2 га. жерде арша, самырсын, Шренк шыршасы, көгілдір шырша, Қырым қарағайы, шығыс бозаршасы, терек, қайың, шаған, емен, тал, қына ағашы, сирень, катальпа, грек жаңғағы және Сиверс алмағаштарының барлығы 208,4 мың дана екпелері тұқымбақтық мектеп бөліміне егілді.

Елді мекендерді көгалдандыруға 137,2 мың түп көшет босатылды, 23,8 млн. теңге қаржы түсті. (2018 жылы көгалдандыруға 123,8 мың дана көшет босатылды, 17,1 млн. теңге қаржы түсті).

2019 жылдың басынан бері ОШКММ тарапынан орман заңдылықтарын сақтау жөнінде 934 рейд жүргізілді. 37 заңсыз сүрек кесу оқиғалары анықталып, кесілген сүрек 118,93 текше метрді құрады. Келтірілген залал көлемі 3421,7 мың теңге. Оның ішінде өндірілгені 1238,0 мың теңге. Оның             36 заңсыз сүрек кесу оқиғалары құқық қорғау органдарына және 1 іс сот органдарына өткізілді.

Жалпы ОШКММ 79 хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл 738,5 мың теңгені құрады. Оның ішінде өндірілгені 725,9 мың теңге. Орман шаруашылығына келтірілген залал бойынша:

- орманның сарқынды сулармен, өнеркәсіп тастандылармен, қалдықтармен және шығындылармен бүлінуден 12 оқиға тіркеліп 28,9 мың тенге залал келтіріп, толығымен өндірілді.

- орман заңдылықтарын өзге де бұзушылардан 31 оқиға тіркеліп, 2156,8 мың теңге залал келтіріліп, оның 243,3 мың теңгесі өндірілді.

- орман қоры жерлерінде өз еркімен шөп шабу, мал жаюдан 36 оқиға тіркеліп, 421,6 мың теңге залал келтіріліп, толығымен өндірілді.

Орманда, орман-дала өрттерінің алдын алу мақсатында орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері бойынша 59 км минералдық жолақтар жаңадан жасалыну жоспарланып, толықтай 59 км орындалды. 2085 км минералдық жолақтарға күтіп-баптау жұмыстары жүргізілу жоспарланып, толық 2085 км орындалды, өрт қауіпсіздігі тақырыбында 880 дана аншлаг, панно, билбодтар жаңадан орнатылды, 1726 міндеттемелер мен ескертулер орман қоры жеріне шекаралас отырған шаруашылықтарға таныстырылып таратылды, 2452 дана үнбеттер таратылды, 270 семинарлар, лекциялар, әңгімелер өткізілді. Теледидарға 4 сұхбат берілді және газет, журналдарға 203 мақала жарияланды. Оған қоса облыстық «Жетісу» телеарнасы арқылы басқарма тарапынан күнделікті орман өрттерін алдың алу және сөндіру, заңсыз ағаш кесу, жануарлар дүниесін браконъерліктен қорғау және сақтау жөнінде бейне роликтер көрсетіледі.

2019 жылы Мемлекеттік орман қоры аумағында 11 орман өрті тіркелді. Жалпы ауданы 465,91 га, оның орманды алқабы 303,71 га, орманмен көмкерілген 280,31 га, орманды емес аумақ 162,2 га. Келтірілген залал – 9635,7 мың теңге.

          Авиа және жер үсті химиялық өңдеу жұмыстары 2513,7 гектар жерде, оның ішінде Талдықорған ОШКММ – 400,0 га., Ұйғыр ОШКММ – 13,7 га. үш мәрте, Үйгентас ОШКММ – 2000,0 га.(Авиа), Алакөл ОШКММ –100 га. аумақта жүргізілді.


 Жануарлар дүниесі

2019 жылға облыс бюджетінен зиянкес жыртқыштарды жоюға 9,27 млн. теңге бөлінді. Орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерімен 581 зиянкес жыртқыштар жойылды, оның ішінде 349 қасқыр және 232 шиебөрі. Аталған шараларға бөлінген қаржы толығымен игерілді.

2019 жылы «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерімен, Алматы облысының Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметкерлерімен, сонымен қатар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлескен 58 рейд және тексерістер өткізілді. Жалпы 78 табиғат заң бұзушылықтар анықталды. Табиғат заңдылығын бұзушыларға 1300375 теңге айыпұл салынып, 56 табиғат заң бұзушылардан 719625 теңге өндірілді.

Алматы облысының аумағында 135 балық шаруашылығы учаскесі бар, оның ішінде балық шаруашылығын жүргізу үшін балық шаруашылығының 41 субъектісіне 89 балық шаруашылығы учаскелері бекітілген, қалған 46 учаскесі резервте қалып отыр.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 11.02.2019 жылғы №59 "Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Алматы облысы бойынша 7495,592 тонна балық бөлінді. Оның ішінде Балқаш көлі бойынша 5975,729 тонна, Іле өзені және Іле өзені атырауы 101,923 тонна, Алакөл көл жүйесі бойынша 509,078 тонна, Қапшағай су қоймасы бойынша 890,741 тонна және жергілікті маңызы бар су қоймалары бойынша 15,121 тонна.

Бүгінгі күнге жануарлар дүниесін пайдаланушылардың өтінімдері бойынша 107,120 млн. теңгеге балық аулауға 180 рұқсат берілді.

Алматы облысының аумағында 123 аңшылық шаруашылығы бар, олар 83 аңшылық пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Бекітілген аңшылық алқаптардың жалпы көлемі 5099166 гектарды құрайды, оның ішінде мемлекеттік орман қоры 1046842 гектар.

2019 жылы аңшылық пайдаланушылардың өтінімдері бойынша жалпы соммасы 53,7 млн. теңгеге аң аулауға 1612 рұқсат берілді.

 

Жобаларды экологиялық сараптау

 

2019 жылы Экологиялық сараптамаға 946 жоба түсті. Қарастырылған құжаттар бойынша сараптаманың 919 оң қорытындысы берілді, 27 жобалық құжаттар қарастырылмай кері қайтарылды.

Табиғат пайдаланушылардан 2019-2028 жылдарға және мерзімсіз негізінде қоршаған ортаға эмиссиялар үшін рұқсат алуға 1675 сұраныс қабылданып 1606 рұқсат рәсімделді. 69 өтінім бойынша рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылданды.


Су ресурстары

2019 жылға Алакөл көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеудің жобаларын жасау жұмыстарына облыстық бюджеттен 30,0 млн. теңге бөлініп, жоба құжаттамалары жасалды.


Табиғатты қорғау бағдарламалары

Облыстық табиғатты қорғау шаралар жоспары бойынша 2019 жылы атқарылатын негізгі жұмыстарға облыстық бюджеттен 430,8 млн. теңге бөлініп игерілді.

Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде келесі құрылыс жумыстары жүргізілді:

1)      Балқаш ауданының Топар сағасын механикаландырылған тазарту жұмыстары;

2) Қаратал ауданы Қаратал өзенінің сағасы тармағының арнасын механикаландырылған тазарту жұмыстары;

3) Қаратал ауданы Ескелді ауылдық округінің Қаратал өзенінің арнасын механикалық тазалау және түзету жұмыстары;

4) Балқаш ауданындағы Іле өзеніндегі Д.А. Қонаев атындағы көпір аймағында механикалық тазалау жұмыстары.

Сонымен қатар, аумақтың экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында Панфилов ауданындағы уран кен орындарының үйінділерін рекультивациялауға техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Текелі қаласы үшін шекті рұқсат етілген шығарындылар жобасы әзірленді.

Бекітілген «Алматы облысының 2017-2021 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері» жобасына сәйкес атмосфералық ауаның, жер үсті суларының, топырақтың және гамма фонның сапасының мониторингі жүргізілді.

 

                                            


Орналастырылған күні: 15.01.2020 11:40

Өзгертілген күні: 22.01.2020 11:42:12

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх