Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +35 oC

2019 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру бойынша тұрғын үй қорын жаңғырту механизмі бөлігінде нақты жұмыстар атқарды. 

Облыста 3561 көп пәтерлі тұрғын үйлер бар, оның ішінде 1950-сі (54,7%) жөндеуді қажет етеді.

Бағдарлама шеңберінде 2011 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде екі механизм бойынша облыстағы 3 қала мен 13 ауданда жалпы 1,9 млрд. теңгеге   169 үй жөнделді, оның ішінде:

- бірінші механизм бойынша (КБК арқылы - 35 КҚТҮ) 2011 жылы 48 млн.теңгеге - 4 КҚТҮ, 2012 жылы 312,5 млн.теңгеге 31 КҚТҮ;

- екінші механизм бойынша (КБЖ арқылы- 134 КҚТҮ) 2011 жылы 275,0 млн.теңгеге - 38 КҚТҮ, 2012 жылы 500,0 млн.теңгеге - 47 КҚТҮ, 2014 жылы 567,9 млн.теңгеге - 42 КҚТҮ, 2015 жылы –170,5 млн.теңгеге 7 үй.

2011-2017 жылдары жөнделген тұрғын үйлердің меншік иелерінен қаражатты қайтару жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі, ағымдағы жылдың                 1 сәуірдегі жағдайында қайтарылған қаражат 840,92 млн. теңгені немесе жоспарлы 940,62 млн. теңгенің 89,4% құрады.

2011-2018 жылдардағы кезеңде қайтарылған қаражат есебінен 43 көп пәтерлі тұрғын үйлер 499,8 млн.теңгеге жөнделді, оның ішінде:

2012 жылы – 2 үй жалпы 6,9 млн.теңгеге;

2013 жылы – 6 үй жалпы 54,7 млн.теңгеге;

2014 жылы – 7 үй жалпы 68,7 млн.теңгеге;

2015 жылы – 6 үй жалпы 82,7 млн.теңгеге;

2016 жылы – 13 үй жалпы 128,2 млн.теңгеге;

2017 жылы – 6 үй жалпы 122,9 млн.теңгеге;

2018 жылы – 3 үй жалпы 35,7 млн.тенгеге,

2019 жылы – 2 үй жалпы 25,0 млн.тенгеге.

Сондай-ақ, аталған Бағдарлама шеңберінде тұрғын үй секторында энергия үнемдеу шаралары жүргізіледі. Ғимараттар мен үйлердің энергетикалық аудиты бойынша жоспарланған жұмыстар жүргізілуде. 2015-2018 жылдар аралығында 25,5 млн. теңгеге 400 энергетикалық аудиты жүргізілді.

2019 жылы 13,2 млн.тенгеге 100 тұрғын үйге энергетикалық аудит жүргізу жоспарлануда.


Тұрмыстық қатты қалдықтар

Жыл сайын облыс аумағында шамамен 1,0 млн. тонна тұрмыстық қатты қалдықтар (бұдан әрі – ТҚҚ) жиналады, соның ішінде 440 мың тоннасы Алматы қаласынан келіп түседі. Жалпы облыс бойынша жиналған ТҚҚ көлемі 9 млн. тоннаны құрайды.

Облыста ТҚҚ шығарумен және жинаумен 72 кәсіпорын айналысады. Елді мекендерде ТҚҚ жинау көлемі 77% құрайды, ал қалалық және үлкен елді мекендерде, аудан орталықтарында 100% құрайды.

Аймақтың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында облыс әкімдігімен:

-Қалдықтармен айналысу саласындағы құрылыс обьектілерінің жол картасы бекітілді;

-2016-2020 жылдарға арналған экологиялық мәселелерді шешу туралы жол картасы бекітілді;

-2018 жылдың 22 ақпанындағы №27-137 Мәслихат шешімімен «Алматы облысының қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасы» (бұдан әрі-Бағдарлама) бекітілген;    

-«Алматы облысы бойынша 2018-2022 жылдарға арналған шағын және орта биснес субьектілерін кеңінен тарта отырып ТҚҚ заман талабына сай кәдеге жарату және өңдеу бойынша шаралар кешені» бекітілді.

-«Халықтан қатты тұрмыстық қалдықтарды бөліп жинауды ұйымдастыруға арналған PR-науқанының концепциясы дайындалды;

-Жергілікті бюджет есебінен «Алматы облысының өңірлік қалдықтарды басқару жүйесі» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді (бұдан әрі-ТЭН) әзірленді (18.06.2018 жылы №01-0216/18 Мемсараптама қорытындысы).

Аталған ТЭН қалдықтар көлемінің жиналуының анализі негізінде, логистикалық, экономикалық тиімділіктері бойынша облыстың аймақтық сызбасы дайындалған. Облыс 14 аймақтық кешенге бөлінген, оның ішінде 3 ауданаралық және 11 аудандық кешенге жатады.

Әр аумақтық кешенде нысандар жүйесі айқындалған ( 16 полигон, 16 қоқыс сұрыптау кешені, 13 қоқыс төгу бекеті, 3 қоқыс өңдеу зауыты (2 - Алматы қаласы аймағында, 1- Талдықорған қаласында).

«Алматы облысының өңірлік қалдықтарды басқару жүйесі» жобасында ТҚҚ басқару жүйесі нысандарын басқаруға беру аясында облыста бірыңғай аймақтық оператор құрылды. Аймақтық оператор облыс аумағындағы тұрмыстық қатты қалдықтардың қолданылуына жауап береді, сондай-ақ жиналған тетіктен өңделу нысанына дейін жүретін циклын және жойылуын қамтамасыз етеді.

Жоба аясында 500 жаңа жұмыс орнының ашылуын және елді мекендерді 2025 жылға дейін 100% ұйымдастырылған ТҚҚ шығарылуын қамтуға, сондай-ақ екінші материалдық ресурсты 30%-ға, және қоқыстарды жоюды 2025 жылға дейін 90% жеткізуге, 354 полигондар санын 16 дейін қысқартуды көздейді.

Бүгінгі таңда, жобаны жүзеге асыру мақсатында 300 млн.тенге бөлініп, 4 қоқыс тасымалдау кешені, 6 қоқыс сұрыптау кешені және 1 заманауи ТҚҚ полигоны құрылысының ЖСҚ әзірленуде. Мемлекеттік сараптамаға енгізу мерзімі – 2019 жылдың мамыр айы.

Текелі қаласында және Панфилов ауданының Жаркент қаласында орналасқан жабық ТҚҚ полигондарын рекультивациялауға 2 ЖСҚ жалпы сомасы 42,0 тенгеге әзірленуде.

Облыс аумағында 3 аумақтық кешен жұмысын жалғастыруда, олар:

1) Облыс орталығында қоқыс сұрыптау кешені мен екінші шикізатты өңдеу цехі іске қосылған. Жобаның бастамашысы жеке компания «ADAL DAMU CAPITAL» ЖШС болып табылады. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына 60,0 мың тонна ТҚҚ өңдеу. Инвестициялар көлемі 180 млн. теңге.

2) Панфилов ауданының Жаркент қаласындағы полигонында инвестор «МПК Әулет» ЖШС қоқыс өңдеумен және сұрыптаумен айналысатын кешен іске қосылған. Өңдеу қуаттылығы жылына 10 мың тонна. Жобаның жалпы құны 180,0 млн. теңгені құрайды.

3) Ағымдағы жылы Іле ауданының ТҚҚ полигонында қоқыс өңдейтін станция іске қосылды. Инвестор «Таза жер МПК» ЖШС болып табылады. Жобаның қуаттылығы жылына – 200,0 мың тонна. Инвестиция көлемі -180,0 млн теңге.

Сондай-ақ, Іле ауданында 2019 жылдың екінші жартыжылдығында органикалық қалдықтарды өңдеу бойынша зауыт құрылысы жоспарланып отыр. Инвестор «Зорбиогаз» ЖШС болып табылады. Жалпы инвестиция көлемі -17,7 млн.евроны құрайды. Жобалық қуаты жылына 100 мың тонна органикалық қалдықтарды өңдеу, 14,5 млн. текше метр парниктік газдарды жою, жылына 10 мың тонна тыңайтқыш және 9,4 МВ өндіру. Жобаның өтелу мерзімі 5 жыл.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2019 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізудің бекітілген графигіне сатып алынатын белгіленген қуат көлемі 5 МВт-пен БиоЭС бойынша аукциондық сауда-саттықтарға қатысу жоспарлануда.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыс орталығы тереңдетілген қоқыс контейнерлерін және арнайы техника сатып алу мақсатында облыстық бюджеттен 459 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде:

- 7 бірлік арнайы техниканы сатып алуға - 265,8 млн. теңге;

- 135 алаңға 270 жерасты контейнерін орнату үшін 193,2 млн. теңге.

Облыс орталығында «құрғақ» және «дымқыл» түрлерге бөліп жинау үшін 270 дана контейнер орнатылды.

Сондай-ақ, Қапшағай қаласында 200 торлы контейнер, Жамбыл ауданында 4 макулатура қабылдау орындары ашылды. 2019 жылы 80 торлы контейнерді Іле ауданының Өтеген батыр кентінде орнату жоспарлануда.

Облыс бойынша қайталама материалдық ресурстарын өңдейтін жалпы ортақ қуаттылығы жылына 343 тоннаны құрайтын 16 кәсіпорын жұмыс жасайды.


Орналастырылған күні: 03.05.2019 12:00

Өзгертілген күні: 03.05.2019 12:01:11

Құрметті кәсіпкерлер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
TALAP.Опросы
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх